Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің жазаны қылмыстық жазаны орындаудағы саясаты мен оның қылмыспен күресудегі орны



 Другие рефераты
Қылмыстық-атқару құқығының принциптері Құқықтың саласы ретіндегі қылмыстық-атқару құқығы Мәдениет және гуманитарлық сипаттағы үкіметаралық әмбебап ұйымы Қытайдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының ролі

Біздің мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 1-тармағы бойынша жоғары лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Президенті болып белгіленген. Сондықтан мемлекет саясаты біртұтас деп есептеледі. Сонымен қатар саясаттың бірлігін білдіретін жалпы мақсаттар күрделі иерархия оның жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың құлқы мен әрекетіне байланысты. Мемлекеттің бірыңғай саясаты қоғам мен мемлекет өмірінің әр саласында байқалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабы).

Осы бағыттардың бірі – қылмыспен күресу, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Онда мемлекеттің қылмысты бақылап отыру міндеттері, принциптері, стратегиясы, негізгі бағыттары, түрлері мен әдістері айтылады.

Қылмыстық жазаны орындау саласын айтатын болсақ, ол қылмыспен күресу саясатымен тығыз байланысты, сондықтан мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясатпен белгіленеді.  «Қылмыс саясаты» («Criminal politic») терминіні 1840 жылы Ансельмом Фейербах бірінші қолданған болатын. Ол оған қылмыс құқығы туралы заң шығару актілерін әзірлегенде мән беру рөлін көрсеткен. Сондықтан бұл терминді біздің пікірімізше кең мағынада «мемлекеттің қылмыспен күресу саласындағы саясаты» терминімен бірдей пайдалану орынды сияқты, әрине құқық қорғау органдарының алдына қойылған қызмет пен міндетке ерекше назар аударған жөн.

Қылмыс саясаты – қылмыспен күресу бағытын, түрлерін, онымен күресуге арналған мемлекет органдары қызметінің мазмұны мен міндеттерін белгілейді.

Жазалауда қылмыс саясатын шартты түрде дербес қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару, пост-пенициарлық саясатқа бөлуге болады. Бұлардың тиісті салалар әрекетіне негізделетін бағыттары:

1)     қылмысты тез және толық ашуға, яғни заңды дұрыс пайдалануды, жазадан құтыла алмайтындықты және кінәсіз адамдарды жауапқа тартпауды қамтамасыз етеді;

2)     істелген қылмысты дұрыс саралау мен орынды да істегеніне сайма-сай жаза тағайындау;

3)     жазаны атқару;

4)     жазалау әсерінің жағымды жақтарын баянды ету;

Қылмыстық-атқару саясаты әлеуметтік саясатқа негізделгеніне қарамастан, азаматтардың қоғамға пайдалы мінез-құлықтарын баянды ету үшін кері мінез-құлық көрсетушілермен принципті түрде күресуді анықтау тиіс.

Қылмыстық-атқару саясаты жаңа мазмұнға ие, оның мағынасын әлеуметтік те қылмыстық та саясаттар сіңіре алмайды.

Қылмыс жазасын атқарудағы саясаттың мақсаттары мен принциптері едәуір тұрақты, себебі халықаралық қоғамдастықтардың қабылдаған ережесіндегі сотталғандармен айналысқанда, Халықаралық актілерге, ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етуге байланысты. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында былай деп жазылған:

1.      Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2.      Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Саясат пен құқық тығыз байланысты бола тұра қоғамдағы қолданылып жүрген рухани талаптарды ескерулері тиіс.

Халықаралық келісімдерде көрсетілгендей, адам құқық қорғауда және сотталғандармен айналысқанда жалпы ережелер мен принциптерін қорғау мәнділігі, сипаты барлық мемлекеттер үшін және елдегі қалыптасқан идеологиялық, криминологиялық себептерге қарамастан, бірдей белгіленеді. Мысалы, жазаны атқару саласындағы саясатқа сол елдегі қылмыс құрылысының құбылысы әсерін тигізуі мүмкін. Қылмыстың тұрақты бір дәрежеде болғанын қарап отырған бағытымызда негізінен ізгілікті болады. Дегенмен, қылмыстың өсуі, әсіресе зорлық түрінің қоғамдағы жағдайға кері әсерін тигізеді де әдетте қылмыспен күресу мәселелері қатал саяси және құқықтық шешімдер қабылдауға апарып тірейді. Жазаны орындау саласындағы саясатты құруға ықпалын тигізетін тағы бір фактор, — ол сотталғандармен кәсіби дәрежеде айналыса білу, жазаны өтегенде әлеуметтік зардабы аз болу үшін ғылыми ойдың жетістіктерін пайдалана білу. Ол үшін қылмыспен күресу проблемасын ғана жете тексерумен бірге (криминология, қылмыстық құық, қылмыстық-атқару құқығы) сонымен қатар сотталғандармен жұмыс істегенде педагогикалық, психологиялық мәселелері де туындайды.

Қылмыстық жазаны атқаруда саясат әр түрлі жағдайда, алдымен қолданылып жүрген заңдарда іске асырылады. Оның негізгі ережелері ел Конституциясында, қылмыстық-атқару кодексінде бекітілген. Жазаны атқару саясаты сонымен бірге құқық қорғау органдарының қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қазақстан Республикасы ІІМ, облыстардағы ішкі істер басқармасына, заңды түрде жазаны атқаруға міндетті мекемелер мен органдарға жүктелген.

скачать работу


 Другие рефераты
Израиль
Сущность права
Азаматтардың меншік құқықтарының мазмұны және оны жүзеге асыру
Бағзыдан атажұрты бар қазақ көшпенді ме?


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ