Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мен туған елімді сүйемін және Қазақ елінің қаһармандық тарихы

нуарларды атаңдар (Піл, арыстан, мүйізтұмсық, қолтырауын, керік т.б.)

  4.Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,

     Басқан, Сарқант)

5. Қазақстанның ең биік нүктесі  ата? (Хантәңірі шыңы)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады)

       Тапсырма: Қазақстанның көркем табиғатына, әсем жерлеріне байланысты ән немесе өлең орындап беру.

     Үшінші « Әдебиет» бекеті

1.     Қазақ халқының ұлы ақындарын ата (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.)

2.     Қазақ халқының ертегілерін атаңдар (Ер- Төстік, Алтын сақа, Асанқайғы, Тазша бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.)

3.     Отан, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:

            Отансыз ...адам – ормансыз бұлбұл

            Отан ...оттан да ыстық

            Ел іші –.... алтын бесік

           Отан – ....елдің анасы, ел –ердің анасы

           Туған жерге...туың тік

            Туған жердей ...жер болмас, туған елдей ел болмас.

4.     Жұмбақтарды шешу:

Аузы төбесінде,

Тұтқасы денесінде

                 (Құман)

Иінінде құлағы,

Ішінде бұлағы,

Көмейіне от салсаң,

Ызыңдап тұрады.

                   (Самауыр)

Мал төлдеп,

Әрауыл

Пісіреді ақ бауыр

                 (Уыз)

Басы құдық,

Сабы сырық.

                   (Ожау)

Ыдыс –аяқ бөлмесі,

Тазалықтың көрмесі.

                    (Әбдіра)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

 

    Тапсырма

     Сендердің алдарыңда қазақ ертегілерінің аттары және сол ертегілерде кездесетін заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?

·        қазы (Алдар көсе мен Шығайбай)

·        домбыра (Ақсақ құлан)

·        сақа (алтын сақа)

    Төртінші  «Ән-күй»бекеті

1.         Қазақтың атақты композиторларын атаңдар? (Н.Тілендиев, 

         Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов...)

2.         Қазақ халқының атақты күйшілері (Құрманғазы, Тәттімбет, 

         Ықылас, Дина).

3.         Қандай қазақ халық әндерін білесіңдер? (Елім-ай, Әй-әй, бөпем, 

         Бір бала, Бесік жыры....)

4.           Қазіргі  кезде халық әндерін қай әртістер орындайды?

        (Б.Төлегенова, ....)

5. Қазақ халқының халық әніне, күйлеріне байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

Тапсырма

Сендердің алдарыңда қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден  ән шумақтарын құраңдар.

·        Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Елім-ай, Елім-ай

·        Әй-әй, бөпем,

Кейін қалған елімді

Көрер ме екем!

·        Угай-ай,

Ән салшы-ай       ,

бір бала-ай.

Қос етек, бұраң бел,

Қуалай соғар қоңыр жел.

 

    Бесінші «Салт –дәстүр» бекеті

 1.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза 

       айт, Рамазан айт, Наурыз )

2.     Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (бесбармақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз....)

3.     Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ-киім киген? (саптама, кебіс, киіз етік)

4.     Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.)

 

5.     Қазақ халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй....)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

 

        Тапсырма:

    Сендердің алдарыңда Қазақстанда аталып өтетін қадірлі де сыйлы мейрамдардың аты мен оларға байланысты мағыналы сөздер  (бөлек карточкада) берілген. Әрбір мейрамның жанына өзіне қатысты мағыналы сөздерді қойыңдар.

·        Ораза тұту (Рамазан айы)

·        Намаз оқу( Ислам  дінінің бес тірегінің бірі)

·        Ораза айт(жеті шелпек пісіріп, дастархан жайылу)   

           Алтыншы «География» бекеті

          

1.     Қазақстанның көршілерін атаңдар? (Ресей, Қытай, Қырғызстан...)

2.     Қазақстандағы өзендердің аттарын атаңдар (Ертіс, Есіл, Іле.....)

3. Қазақ елінің ХХ ғасырдағы ең бірінші астанасы? (Орынбор (1920-1925)

4.Қазақстанда неше облыс бар? (14)

5. Қазақстанад қандай теңі-көлдер бар? (Каспий, Зайсан, ....)

Тапсырма

Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар

  МАТЫАЛ (Алматы)

1.     АНАТСА  (Астана)

2.     ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды)

3.     ЕКТНМЫШ  (Шымкент)

4.     НЕСӨМЕК  (Өскемен)

Қазақстанның тауларына байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

12345
скачать работу

Мен туған елімді сүйемін және Қазақ елінің қаһармандық тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ