Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мен туған елімді сүйемін және Қазақ елінің қаһармандық тарихы



 Другие рефераты
Монғолия Қазақтары Меркі - түркілердің ежелгі мекені Күш атасы - Қажымұқан Қошағаш немесе Шүй Қазақтары

Мен туған елімдісүйемін!

 

(Әдебиқойылым)

 

Дайындық кезеңі:Шараны өткізбес бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады.

         Безендірілуі :Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқыныңұлттық оюымен өрнектелгенОтан, туған ел жайлы мақал- мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді.

   Осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады.

   Үлкен плакатқа 6 дөңгелектен құралған үлкен шеңбер  сызылады, әр дөңгелектің ішінде әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет

         Қабырғаға ілінетін даналық сөздер:  «Туған жерің-түп қазығың...», «Жаңа астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.

         Керекті құралдар:Үлкен сандық және 1ден 6 санына дейін нөмірленген кішкене сандықшалар, бекеттің аттары, командаларға арналған сұрақтар салынған конверт, тақтайша, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз.

  

     Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 4-6 адамнан болуы керек.

 

Жүргізуші :        

Туған жердің қандай жақсы күзі де,

Туған жердің қандай жақсы қысы да!

Туған жердің қандай жақсы көктемі!

Туған жердің қандай жақсы жазы да!

Жақсы екен туған жердің күні де,

Жақсы екен туған жердің түні де!

Жақсы екен туған жердің суы да,

Еш жаманын таба алмайсың осында!

                                                                      Хабдулмажит Арман.

 

      Сәлеметсіңдерме, балалар!    Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.

   Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.

   «Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

        Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

    Бүгін «Мен туған елімді сүйемін!»  атты саяхат-ойынын өткіземіз.

    Мына көрсетілген бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт-дәстүрі,табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге 2 топ көмекке келеді.

(Бекеттердің аты жазылған дөңгелектердің оң және сол жағындағы екі команда мүшелерін таныстырады.)

   Енді екі топ кезекпен бекеттердің рет саны көрсетілген сандықшаларды алып,  тапсырмаларды  орындайсыңдар.

Бекеттің нөмірін бір топ алады. Сол нөмір бойынша бекеттің сұрақтарын жүргізуші қояды. Көп ұпай жинаған команда жеңеді. Сұрақтар қойылып болғаннан кейін команда мүшелері тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың мәтінін әрбір топ  конвертпен алады. Осы тапсырма көрермандер үшін көрнекті жерге тақтайшаға жазылып қойылады.  Екі топ шамамен 3 бекеттің сұрағына жауап береді. Топтар жауап бере алмаған жағдайда, көрермендер көмекке келеді.

            Бірінші   «Тарих» бекеті

1.     Қазақтың әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

2.     Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)

3.     Қазақстанның елордасы? (Астана)

4.     Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)

5.     Қазақстанның ең алғашқы астанасы ? (Орынбор)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

     Тапсырма

    Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау. Олардан  үзінді, өлең айтып беру. («Райымбек батыр» (Райымбек батыр туралы, «Дарабоз» (Қабанбай батыр туралы) т.б., (Эпикалық жырлар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» т. б. 

       Жүргізуші: Екі топ тапсырмаға дайындала берсін. Мен сендерге ертеде өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз айтып берейін.Ерте, ерте ертеде біздің елді бір ақ көңіл,  ақылды хан басқарыпты. Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Сол себепті ол кедергі көрмей, еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден атой салып елші келіпті. «Уа, алдияр, мынау елдің хабары. Мұны естіп денем мұздап барады. Көршіңіз «Егер тату болам десе менімен, ең жүйрігін берсін!» - деп талап қойып отыр дейді. Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі елдің бірлігін қалаған хан, көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін  таңдап береді. Бірақ, ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ, жоқ ештеңеге ренжімеңдер. Ел бірлігі жолында, бір жүйрікті қидым. Байлықтан опа таппаймыз. Еліміз тыныш болса, бір жүйріктің орнына, жүз жүйрік келеді»- деген екен ақылды хан. Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден елші тағы келеді. «Уа, алдияр көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін»- дейді. Бұл хабарға хан өте қиналады. Өзінің туған әйелін қимай хан көп ойланады. Өз елінің тыныштығын ойлаған хан ақыры адал жарын көрші ханға сыйлапты... Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан «айтқан сөздеріңе әрине, таласым жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді. «Уа, алдияр,  көрші хан, егер тыныштығын қаласа, қасиетті туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін» дейді. Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдаған хан ойланбастан шешім айтады. «Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!» деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп едің. Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай» дейді. «Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал қасиетті жер- сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған, олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі.  Қасиетті даламның бір бөлігін басқа елге бергенше, жерімді қорғап өлгенім артық»  деген екен. Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел үшін аралап кетіпті. Міне содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Міне, аңыз осылай аяқталады. Балалар, елін, жерін сүйген біздің ата-бабаларымыз жерімізді ұрпағы үшін елін-жерін осылай қорғаған. Сенде, көк теңбілді байрағымызды жоғары ұста! Еліңді, жеріңді әрқашан сыйла, қорға демекпін. 

 

       Екінші  «Тау мен дала» бекеті

      1.Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан? (Шығыс         

         Қазақстан облысы)

2.    Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)

3.Біздің еліміздің жерінде кездеспейтін аңдар мен жа

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Европейская культура нового времени
Актиномицеттерге жалпы сипаттама
Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік
Культурный диалог между Востоком и Западом в средние века


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ