Мидың шартты рефлекторлық әрекеті
Другие рефераты
Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет (ЖДЖҚ) деп аттайды. ЖДЖҚ организмнің күрделі мінез-қылығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Үлкен ми жарты шаралары қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролы, аралық ми құрылымдары оның морфологиялық негізі болып саналады. ЖДЖҚ организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ортамен күрделі қарым — қатынасын қамтамасыз етеді. Функционал тұрғыдан ЖДЖҚ организмнің сырткы орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуін камтамасыз ететін туа қалыптасқан және жүре пайда болған механизмдердің жиынтығы.
Мінез-қылық деп организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады. Ол организмге сыртқы орта мен өзінің ішкі күйін сезінуді, әр түрлі әсерлерге тиімді жауап қайтаруды қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Мінез-қылық тек қимыл-әрекеттермен ғана бейнеленбейді. Бұл процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл-әрекетке жалғаспайды, ал кейде ол мықты белсенділік тудырады. Осымен байланысты мінез-қылықтық әрекеттер әлі анық жіктелмеген. Бірақ зерттеушілер мінез-қылықты қоректік, жыныстық, қорғаныстық, ата-аналық т.б. деп бөледі. Тіршілікте мінез-қылықтың аталған түрлері бір-бірімен ұштасып, біте қайнасып, бірінен-бірі туындап жатады.
ЖДЖҚ шартты және шартсыз рефлекстердің ара қатынасына негізделген, сондықтан ол жануарлар дүниесінің даму жолында өзгеріп, күрделеніл отырады. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда мінез-қылықтың табиғи, туа қалыптасқан әрекеттері басым болады. Жануарлар эволюциясына байланысты жүре біткен әрекеттер үлесі артады да, ол жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің басым түріне айналады, шартты рефлекстер күрделіленіп, олар организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін реттеуші фактор болып шығады.
Шартты рефлекстер үлкен ми жарты шаралары әрекетінің нәтижесі болып табылады. Олар шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасады. Оның өзіндік дербес құрылымдары болмайды, ол шартсыз рефлекстерді қамтамасыз ететін құрылымдар арқылы атқарылады. Шартты рефлекс белгілі бір әрекет тудыратын үйреншікті тітіркендіргіштің белгілерінен шартты тітіркендіргіш әсерінен, туындайтын акт. Шартты рефлекс шартгы тітіркендіргіш анализаторы орталығы мен шартсыз рефлекс доғасының орталық бөлімінің арасында уақытша байланыстың пайда болуы нәтижесінде қалыптасады. Шартты рефлекстер арқылы жануар тәжірбие жинақтайды, қорек табады, жауларынан сақтанады, әр түрлі жағымсыз әсерлерден қорғанады.
Шартты рефлексті калыптастыру үшін шартты — бейтарап, өздігінен көзделген реакцияны тудырмайтын тітіркендіргіш әсері шартсыз, нақтылы реакцияны тудыратын тітіркендіргіш әсерінің алдын алу керек. Осыдан ми қыртысында шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталығы қатар қозады да, бірнеше рет қайталанған соң олардың арасында уақытша байланыс пайда болады, демек шартты рефлекс қалыптасады.
Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы жалпылану (генерааизация), екіншісі — нақыштану, мамандану, сатысы. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер қосарлана қайталанса, алдымен байыптау реакциясы, И. П. Павловтың айтуынша Бұл не реакциясы байқалады. Мұнда й кезде малдың қимыл-әрекеті тежеліп, ол басын тітіркеңдіргіш көзі орналасқан жаққа бұрып, құлағын тікірейтеді, оның тынысы мен жүрегінің жұмысы өзгереді. Рефлекс қалыптаса келе аталған реакциялар әлсіреп, жойылып кетеді. Шартгы рефлекстің қалыптасуында осы байыптау реакцияларының маңызы зор болады, олар ОЖЖ торшаларының белсеңділігін жоғарылатута мүмкіндік береді.
Алғашында рефлекс тұрақты болмайды. Жауап-реакция тек шартты тітіркендіргішке ғана емес, оған ұқсас тітіркендіргіштерге де туындай береді. Бұл рефлекстің жалпылану сатысы. Осыдан соң шартты рефлекс бекіп, жауап-реакция тек шартты сигналға ғана қайтарылады. Бұл рефлекстің нақыштануы.
Барлық шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым қуалайды, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, жаңа туған төл енесін емеді, қауыздан жаңа шыққан балапан жем шоқиды т.с.с. Ал, шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді.
Шартсыз рефлекстер белгілі бір түрге тән рефлекстер. Шартты рефлекс жеке дараққа тән, ол өмір тәжірбиесі болып табылады.
Шартсыз рефлекстер ОЖЖ-нің төменгі бөлімдерінің қатысуымен жүзеге асырылады, ал шартты рефлекс оның жоғары бөлімі — ми қыртысының қатысуымен атқарылады. Ми қыртысын сылып тастаса, шартты рефлекс жойылады.
Шартсыз рефлекс белгілі бір рефлекс өрісінің тітіркенуімен басталады, оның өзіндік доғасы — жолы, болады. Ал, шартты рефлекстің тұрақты рефлекстік өрісі, тұрақты рефлекстік доғасы болмайды, ол шартты тітіркендіргіш сипатына қарай езгеріп отырады. Мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексін қоңырау дауысына, шам жарығына, механикалық әсерге т.с.с. қалыптастыруға болады.
Шартсыз рефлекс тұрақты, стереотипті келеді, аз өзгереді, ал шартты рефлекс құбылмалы келеді, пайда болып, жойылып отырады. Шартты рефлекске сигналдық сипат тән, ол туындауға тиісті шартсыз рефлекстің алдын алып отырады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|