Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Микротүктер



 Другие рефераты
Миокард жасушасының электрлік белсенділігі Микроэлементтер, олардың маңызы Микроорганизмдерді мал азығын дайындауда қолдану Мидың шартты рефлекторлық әрекеті

Микротүктер – клетканың беттік кешенінің туындылары. Олар клетка бетін ұлғайтып, сыртқы ортадан заттарды сіңіру қызметін атқарады. Микротүктер плазмалемманың ұзындығы 1-2 мкм, диаметрі 0,1 мкм болатын өсінділері. Гиалоплазмада актинді микрофиламенттердің ұзына бойлық шоқтары өтеді, сондықтан микротүктердің ұзындықтары өзгеріп отырулары мүмкін. Бұл – заттардың жасушаға өтулерін реттеудің бір түрі.

Микротүктердің беті гликокаликспен қапталады. Сору белсенді түрде жүрген кезде микротүктер бір-біріне тығыз орналасады да, олардың гликокаликстері косылып кетеді. Осындай кешенді щеткалы жиек деп атайды.  Щеткалы жиектің гликокаликсінің молекулалары ферментті белсенді болып келеді.

7 мкм-ге жететін аса ұзын микротүктерді стереоцилиялар деп атайды. Олар кейбір, мысалы, есту және тепе-теңдік мүшелерінің сенсорлы клеткалары сияқты арнайы клеткаларда кездеседі. Олардың бастапқы сору қызметтері жойылады да, қызметтері алғашқы орналасуларын өзгертулерімен байланысты болады. Клетка бетінің конфигурациясының өзгеруі клетканы қоздырады, қозу нерв талшықтарының ұштарына беріледі, ал сигналдар орталық нерв жүйелеріне барады. Стереоцилияларды микротүктердің модификациясынан туындаған арнайы органеллалар ретінде қарастыруға болады.

Биологиялық мембраналар клетканы тек қана сыртқа ортадан бөліп қоймай, сондай-ақ, өздерінің құрылымдары мен қызметтік ерекшеліктері бар, жеке-жеке аймақтарға – компартменттерге бөледі. Осындай компартменттермен байланысқан мембраналардың өздеріне сай ерекшеліктері болады.

скачать работу


 Другие рефераты
Предмет и сущность философии
Язвы армейско-офицерского мира и пути избавления от них. (по повести Куприна Поединок)
Қазанғап күйші
Индивидуальные особенности личности


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ