Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба?

млекет болған. Яғни, Римді күйретем деп соғысқан Ганнибал көтерілісші болып есептелмейді. Ал, Бар-Кохбаны да көтерілісші деуге келмейді.
– Неге? – деді орыс мұғалім әдетінше кекетіп, – Бар-Кохбаның көтерілісі Римнің әскері Иудеяны бағындырып болғаннан кейін басталды. Сіз өзіңізге өзіңіз қайшы келіп отырсыз.
– Ешқандай да қайшылық жоқ, – деді Ерік. – Бар-Кохбаның күресі Римнің басқыншылығынан кейін көп ұзамай басталды. Яғни, еврейдің көңілінде еркіндіктің сәулесі әлі өшпеген кез, ол аз десеңіз, алау¬лап жанып тұрған кезі. Сондықтан, біз, Бар-Кохбаны көтерілісші деп айта алмаймыз. Жалпы, көтеріліс деген терминнің өзі дұрыс емес. Қолданыстан алып тастау керек сияқты. Адам тайпаларының еркіндік жолындағы күресі ғана, сол күрестің түрлі тағдыры ғана бар. Мысалы, 1930 жылдары поляктар мен финдердің Сталиндік системаға қарсы күресін мен сол Бар-Кохбаның Римге қарсы күресі сияқты ұлт-азаттық күрес деп есептеймін.
Орыс мұғалімнің тізесі қалтырап, бүгіліп бара жатқаны сезілді.
– Ал енді Спартакқа қайтып келейік, – деді ол баяу дауыстап.
– Жақсы, – деді Ерік, – «Рим империясының үстінде ешқашан күн батпайды» деген мақал қалыпты сол заманнан. Шындыққа жақын, себебі бүгінгі күн Британия аралынан ары асып, батып бара жатқанда, Кіші Азия жақтан ертеңгі күн шығып келе жатады екен. Міне, осының бәрі Римнің колониялары. Осы жарты дүниені алып жатқан ұланғайыр империяда еркіндіктің, теңдіктің, жалпы рухтың үні толықтай өшірілді. Рим тоталитарлық империя болатын. Империяның территориясында өлі мен тіріден не бар – барлығы Римнің мүддесіне бағындырылған еді. Есіңізде болар, «Спартак» фильмінде, Спартактың жанында жүрген бір ақын жігіт Рим әскерінің тұтқынына түсіп қалады. Бір түні император тұтқын ақынды қолтықтап балконға алып шығады да, қару-жарағы ай сәулесімен шағылысып, Спартакқа қарсы аттанып бара жатқан сансыз шеріктерді қолымен меңзеп, «Қарашы, құл-құтаннан әскер жинаған Спартак бізге қарсы не істей алады? Римді жеккөру, онымен өш болу, онымен күресу мүмкін бе? Жоқ! Римді тек қана сүю керек. Римге тек қана қызмет ету керек!» дейді. Императордың бұл сөзі Рим идеясын айна-қатесіз жеткізіп тұр. Яғни, Римнің дәргейіндегі халықтарда неше ғасырлық тепкінің салдарынан күрес идеясы біржола өлген. Римді соғысып жеңу былай тұрсын, онымен күресу, оған қарсы шығу деген ешкімнің ойына да келмейді. Міне, осындай кезде, ғайыптан келген бір адам Римге қарсы күрес бастайды. Және Красс пен Помпей сияқты атағы жер жарған Римнің қолбасшыларын бірнеше рет ойсырата жеңеді. Бұның сыры неде?
– Өзіңіз қалай деп ойлайсыз? – деді орыс мұғалім.
– Менің ойымша, және бұл мен осылай ойлағандықтан болған нәрсе емес, ақиқаты сол – бұл Спартактың құлдық жайлаған Рим империясында емес, адам бостандықта туып, еркіндікте жетілетін, басқа, ерікті қоғамның перзенті екенін дәлелдейтін үлкен дерек, айнымас дерек. Яғни, скиф қоғамы Рим үстемдігін мойындамаған. Немесе қарапайымдап айтатын болсақ, сахара, көшпенділер әлеуметі Римнің құдыретіне, Римнің егемендігіне түкірмейді де. Жалғыз Спартак Римнің әскерін осынша әуреге салды. Ал көшпенділер, скифтер, ғұндар дегеннің не екенін Рим кейін, Атилланың кезінде көрді. Римнің әміршілері, бүкіл Римнің сенаты «Қаланы қирата көрмеңіз, халықты қыра көрмеңіз» деп Атилланың алдында тізерлеп тұрып, тарту-таралғыға сұлу қыздарын, керуен-керуен алтындарын алып келген. Сенбесеңіз, Момзен мен Гумилевті оқыңыз. Бұл ғұндардың Қытайдан жеңіліп, Хуанхэ – Сарыөзенді тастап шығып, Еуропаға ауған кезі. Әскерінің оннан тоғызы қырылып, әлсіреген кезі. Соның өзінде Римді тізерлетіп тұрғызып қойған. Ал күші толық болса, ғұн әлеуметі қандай істер тындырар еді? Міне, осы скиф, ғұн деп отырғанымыз Спартактың артында тұрған қасиетті жұрты. Бүгінгі баяндамада айтайын дегенім осы. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.
– Тұра тұрыңыз, – деді орыс мұғалім, – Соңғы сауал. «Спартак» сөзінің этимологиясы туралы ойланып көрдіңіз бе?
– Мен сіздің нені меңзеп тұрғаныңызды түсіндім. Спартактың есімін көне Грекиядағы Спарта қаласына апарып тіремексіз. Айтайын сізге, бұл жасанды, қате этимология, – деді Ерік.
– Сізше қалай болар еді? – деді орыс мұға¬лімі.
Ерік қалтасындағы шылым қораптан бір темекі суырып тісіне тістеді. Артынша өзінің қайда тұрғаны есіне түскен болуы керек, темекіні жұлып алып, қайтадан қалтасына салып қойды. Отырған жұрт ду күлген.
– Меніңше былай, – деді Ерік. – Бұлғардың ханы Құбраттың үш ұлы болған ғой. Баян, Аспарух және Ботбай. Хазарлардың жорығы кезінде Құбрат елді үшке бөліп үш ұлына табыстайды, үшеуін үш тарапқа аттандырады. Баян мен Ботбай бастаған елді хазарлар қуып жетіп қырған. Ал Аспарух бастаған ел Балкан түбегіне аман-есен жетіп, қазіргі Болгария мемлекетінің негізін қалаған. Аспарух осы болгар хандарының түп атасы болып саналады. Қазіргі Жамбыл облысында Аспара деген тау бар. Міне, Аспарух, Аспара және Спартак барлығы бір түбірден тараған сөздер. Яғни скифтің, одан кейін ғұнның жалқы есімдері.
Бұдан кейінгі залда орнаған тыныштықты мен Гогольдің «Ревизорындағы» «мылқау көрініске» теңер едім. Мінберде советтік тарих ғылымының алпыс жылдық өтірігін ойран-ботқа қылып, астын-үстіне келтірген қаршадай бала залда кафедра мұғалімдері және қызық көріп келген басқа факультеттің студенттері… Өлі үнсіздік…
Кенет бағанадан бері баяндамашымен тоқтау¬сыз салғыласқан орыс мұғалім орнынан тұрып.. қол соқты. Содан кейін ғана басқа мұғалімдер соған еріп шапалақ ұрған. Бірақ, көп адам бұл баяндаманың ізсіз кетпейтінін сезген едік. Солай болды да. Бірнеше күннен кейін Ерік оқудан шығарылды. Бірақ күзде академияның кітапханасынан Ерікті ұшырастырып, сәл таңданып жөн сұраған едім.
– Мен қайтадан оқуға қабылдандым, – деген еді Ерік, әдетінше шылымын баппен сорып тұрып, – Профессор Шойынбаев кірісіп, оған Асхат ағамыз қосылып, алып қалды. Енді оқу бітіргенше тыныш жүр деді.
Қатты қуандым. Өзім де оған, күшіңді қолыңа диплом алып алғаннан соң көрсетесің, әзірге тыныш жүр деп ақыл қостым. Алайда, Ерік Көкеевтің «қара тізімге» ілінгені анық еді. ҚазПИ-ді бітіргеннен кейін Мәскеу университетінің Тарих факультетіне түспек болды. Әрекетінен ештеңе шықпады. Ол кезде істің жөні қазіргіден басқашалау болатын. Кеңес Одағының астанасына абитуриент қаптап кетпес үшін Мәскеудің жоғары оқу орындарынан арнайы комиссиялар келіп емтиханды ұлттық республикалардың астаналарында өткізетін. Оқуға осы қатал сыннан өткен азғантай адам ғана аттанатын. Ал өз бетімен Мәскеуге барған адам әдетте емтиханнан құлап қайтатын. ВГИК, ГИТИС, МГУ, Горький атындағы әлем әдебиеті институты, т.б. оқу орындарының мұғалімдері жазда Алматыда жүретін. Ерік осы Алматыдағы емтиханға жіберілмеген. Енді Мәскеуге барса да ештеңе шықпайтынын бірден сезді.
– Қара тізімдегі жоғарғы топ – элитаға кірген болуым керек, – деген тағы бір жолыққанда, – Бар¬лық жерде жол жабық. Ештеңені түсіндірмейді. Бірақ өткізбейді.
Кейіннен аспирантураға барды. Бірақ, тақырыпты алдынала жасалған тізімнен таңдап алу керек екенін көргенде, бұрылып жүре берген.
– Социалистік системаны жырлайтын адамдар менсіз де жеткілікті, жыртылып-айрылады, – депті ғылыми хатшының бөлмесінен шығып бара жатып.
Бірақ, Ерік білімге қанығудан айныған жоқ. Туған ауылы Аягөзде екі-үш жыл ұстаздық қызметте болып, содан соң үй ішімен Алматыға, қаланың түбіндегі Райымбек ауылына көшіп келді. Енді ұшан-теңіз мол білімді публицистикалық жолмен жарыққа шығармақ болды. Бірақ бұл тарапта да жолы болмады. Әлбетте, бұл жердегі ең үлкен кедергі – идеология. Еріктің тақырыбы – қалай жасырып амалдасаң да, қалай майласаң да өтпейтін тақырып. Себебі оның ілімі, мұраты, үндіеуропалық теорияға, дәлірек айтқанда, қара халықтарды кіріптар күйде ұстауды көздеген, ғылымға қатысы шамалы саяси теорияға қарсы еді. Қазір көп адам ұмытып кетті. Ал Кеңес заманында солай болған. Барлық кітапта сенің қор болғаның, кем болғаның айтылады. Сен сондайсың дейді. Және бүгін ғана емес, баяғыдан солай болған, әлмисақтан бері табанымыздың астында жатқансың, сені адам қыл¬ған біз дейді. Енді қияметке дейін осылай болады, тіпті, қияметтен кейін де осылай болады дейді. Мыңжылдықтар бұрын біздің басымыздан өткен, әлемдік тарих сөзсіз мойындаған ерлік дәуреннің өзін теріске шығарады, айтқызбайды, жазғызбайды.
Екінші кедергі – баспасөз, бұқаралық-ақпарат құралдарының басында отырған өз қазағыңның бірде ашық, бірде жасырын қиястығы. Қандай болмасын газеттің өнер, мәдениет немесе ғылым бөлімін меңгеріп отырған әлдебір шаласауат журналистің, алдына келген талантты автормен бақас, бақталас болуы – қазақ мәдениетін тұралат¬қан ең ауыр індеттің бірі осы еді. Инемен құдық қазып жүріп тапқан дүниені көзмайыңды тауысып, ойланып-толғанып жазасың. Мұратың – қайткенде қазақтың өресін, абыройын өсіру, тарихта кеткен есесін қайтару. Редакцияға, ғылым, мәдениет бөліміне алып келесің. Ол жерде ҚазМУ-дің журналистика факультетін жаңа ғана бітірген немесе бітірмей жатып жұмысқа алынған бір «кісі» отырады. Бір ғажабы (талай байқаған нәрсем) әдетте ол «кісі» айнаға қарап тотыдайын таранған, ерні қаймақтай жұқа сұлуша, талдырмаш жігіт болып шығады. Сен автор емессің, ғалым емессің, оның тырнағын алып сәнденуіне кедергі келтіріп тұрған шыбын сияқтысың. Мақалаңды алады. Аллахуакбар. Өзінің түсінуге өресі жетпесе, бас редактормен ақылдасу деген болмайды. Оның үстіне қолжазба авторға қайтарылмайтыны бар емес пе. Сонымен, мақалаңыз ізім-қайым жоғалады. Күндердің күнінде аталмыш сұлу ол мақаланы өз атынан жариялап жіберсе, қайран қалмайсыз. Әрине өзінің сұлулық деңгейіне сай етіп өзгертілген, дәлірек айтқанда, дым түсінбей интерпретация жасалға
1234
скачать работу

Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба?

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ