Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба?

н. Мысалы, зілдің (мамонт) сүйегінен жасалып, терісімен қапталған лашықтың жетіле келе қалайша қазақтың киіз үйіне айналғандығы жайында жазылған Ерік досымның тамаша мақаласы кейіннен ғылыми журналда отырған әлдебір редактордың атынан жарияланғандығын өз көзіммен көрген едім.
Сонымен барлық тарапта жолы кесілген Ерік Көкеев қатардағы ауыл мұғалімі болып қалды. Бір рет қана философия институтының аспирантурасына барып жөн сұрады да, ауылына қайтты. Кейіннен бір топ жас оқымыстылардың Ерікті үйірсектеп жүргенін байқадым. Бір ғалым әйел ай бойы Еріктің ақыл-кеңесін алды. Көшпенді өркениет тудырған ұлы мәдениеттің ең асқақ көрінісі – аспан тарихының барлық кілтипандары, бүкіл шежіресі, жер сілкінуден бастап, жұтқа дейінгі аралықтағы табиғаттың барлық құбылыстары мен апаттары ескеріліп, орын алған қазақтың алпыс жылдық күнтізбесінің бүкіл қыр-сырын Ерік бірнеше күннің ішінде сол адамға айтып бергенін де мына пендеңіз көріп еді. Кейіннен ол ғалымның докторлық диссертациясы монография болып шықты. Оқыдым. Авторлар мен мәлімет берген адамдардың тізімінен Ерік досымның есімін таба алмадым.
Кейіннен жанындағы ішіп кетер, жеп кетерлерден әбден жеріген, өзіне лайықты орта таба алмаған Ерік ақырындап ішкілікке салынды. Салына-салына нағыз маскүнемдік жолға түсті.
…Ол 2004 жылы 48 жасында дүниеден қайтты. Сүйегі сол Райымбек ауылының маңайындағы қабырстанға жерленді. Кейін мен досым жайлы көп ойландым. Әрине, өмір бойы құрметтеп өтем. Бірақ, неге осылай болды деген ой маза бермейді. Атадан асып туған, құдай осындай биік сана, осыншама өнер берген адам неге осындай абыройсыз өлімге барды? Серікбол Қондыбайдан зағип емес еді ғой. Серікбол омыртқасы мертігіп, тоғыз жыл арбада отырып-ақ бір ғылыми институттың істейтін жұмысын жалғыз өзі тындырып кетті. Әрқайсысы сайдың тасындай 16 кітап жазды. Ал Еріктің артында өресі тым биік бірнеше мақала мен дастархан басында «пәлен жерде, түглен жерде былай айтқан екен» деген ауызекі әңгімелер ғана қалыпты.
Ойымша ол күйрек адам болған. Бір-екі адам емес, бүкіл система ғылымның өркендеуіне қарсы екенін көргеннен кейін күрт омырылған. Сол күйрегеннен оңалмаған. Бұндай бойкүйездік пен апатияны осылай ғана түсіндіруге болатын сияқты.

***
Бүгінгі әлемдік ғылым Мысыр пирамидаларының шыққан тегін түсіндіріп бере алмайды. Бар қабілеті бұл алып құбылыстардың өлшемдері мен пропорцияларының қазіргі математиканың деңгейінен еш кем емес, ал кейініректе одан артық екенін мойындап, бас шайқауға ғана жетеді.
Бірде мен Еріктен осы жайында сұрадым.
– Сенің ойыңша бұл пирамидаларды кім салған және қалай салған? – дедім мен, – Сенің гениальный миың бұл жөнінде не ойлайды?
Ерік әдетінше шылымын тұтатып, ойлана отырып баяу әңгімелеп кеткен.
– Мен бұл жайында тәуір-ақ ойландым. Әлемдік ғылымда теория көп. Бір ғалымдар бұл пирамидаларды атланттар, яғни, бұдан 100-120 мың жыл бұрын өмір сүрген алыптар салған дейді. Гректің мифологиясындағы атланттар бар емес пе. Солар. Бірақ өзің ойла, пирамидаларды құрап тұрған блоктың ең жеңілі 60 тонна екен. Айуанның ең үлкені кит те бұндай салмақты тарта алмайды. Ал піл орнынан да қозғалта алмайды. Осындай блокты көтеріп, тасып, қалап шыққан ондай алып адамдардың тым құрмаса біреуінің қаңқасы осы уақытқа дейін табылуы керек еді ғой. Мен әлемдік археологияға қатысты журналдарды қарап, ең соңғы мәліметтерді қалт жібермей қадағалап отырамын. Әзірге атланттардың қаңқасы, скелеті табылды деген дерек жоқ. Екінші бір топ ғалымдар бұл жерде алып гранит таулар мен төбелер бол¬ған, көне адамдар сол тау мен төбелерді қашап, шауып осы пирамидалардың формасына келтірген дейді. Әрине, бұл балаң теория. Себебі, жынысына қарағанда ол жерде тау болмау керек. Шөл дала. Керіш құм. Жарайды, тауларды қашап болды дейік, бірақ блоктардың арасындағы жік қалай жасал¬ған? Ол мүмкін нәрсе емес. Бұл теория да түкке жарамайды. Енді бір топ ғалымдар бұл блоктарды еңіс жолымен жоғары сүйреп шығарып, қалаған дейді. Ертедегі адамдар осылай істеген дейді.
– Піл мен мамонт тарта алмаған блокты адам қалай сүйрейді? – дедім мен.
Ерік жымиып күлді.
– Солай дейді. Қайдан білейін. Блоктың жүретін еңіс жолын үйкелісті азайтатын маймен майлап, блоктың өзін ұзын трос байлап, шығыршықпен тартқан дейді.
– Ал енді Ерік Көкеев бұл турасында не айтады екен, соны тыңдайық, – дедім мен қалжың-шыны аралас.
Дәл осы кезде бөлмеге Еріктің шешесі кіріп, үстел үстіне бір ескі шәугімді қойды.
– Ерік, мына шәугімді не көршілерге бере сал, не күресінге лақтыр. Қағы қалыңдап, түкке жарамай қалды, – деді де, бұрылып шыға берді.
Аздан соң шәй үстінде Ерік, қарындасын шақырып алды да, қолына ақша ұстатып, сыбырлап бір тапсырма берді. Шәйден кейін Еріктің бөлмесіне кіргенімізде, үстел үстінде күйесінен тазартылып айнадай жарқыраған шәугім мен бақандай алты бөтелке сірке қышқылы тұр еді.
– Міне, қара, – деді Ерік орындыққа отырып жатып, – Мынау шәугімнің қағы үш елі болып кетіпті. Мана сызғышпен өлшедім, 6 см. Қағы қалыңдаған сайын бұл шәугімнен шәй ішу қиындай береді. Әсіресе асыққанда қайнамай ит қылады. Кем дегенде бір сағат тосу керек. Біздің қазақ ат қойғыш халық қой. Мынадай шәугімді не деп айтады білесің бе? «Таскөт» шәугім дейді. Енді қара. Уксус эссенциясын осының ішіне құямын. Алты бөтелкенің барлығын тоғытқан Ерік шәугімнің қақпағын шүберекпен нығыздап жапты, шүмегін қағаз тығынмен тығындады. Содан соң әлденеше қабат целлофанмен орап, орамалдармен қымтап, шкафтың ішіне қойып, есігін құлыптап тастады.
– Бір аптадан кейін кел, – деді маған, – Қызық көресің.
Қолым тимей, бір апта емес, араға он күн салып келдім. Ерік сабақтан кейін демалып жатыр екен. Амандасқаннан кейін, шкафты ашып, орамал-целлофандарды шешіп, шәугімді алды, ішіндегі исі аңқыған қышқылды басқа бір ыдысқа құйды.
– Ал, енді қара, – деді шәугімді үстел үстіне қойып.
Қолына үлкен қасықты алды да шәугімнің ішіндегі баттасқан қақты жұмсақ балмұздақ құсатып, қырып алып тастады. Үлкен тегешпен орта тегеш қоймалжың сұрғылт балшық болып шықты. Ерік сол қақты қалыпқа құйып, кесе жасады (кейіннен, кепкеннен соң, бүйіріне стронций бояуымен әдемі сурет салып, отқа күйдіріп шыңдап алды да, ұзақ жылдар бойы сол кесемен шәй ішіп жүрді.
– Пирамида туралы сұрап едің ғой, – деді күліп, шылымын тұтатып жатып, – Міне, менің жауа¬бым осы.
– Сонда қалай болғаны? – дедім мен өз көзіме өзім сенбей.
– Солай болған, – деді Ерік түтінді бір бұрқ еткізіп, – Пирамиданы осылай жасаған. Көне өркениет тасты ерітетін технологияны меңгерген. Мыңдаған тонна гранитті осылай ерітіп, ағаш қалыпқа бетон құсатып құйып, пирамиданы осылайша жасап шыққан.
– Көңілімде осыған қатысты күмән қашан пайда болды дейсің ғой? – деді Ерік алдыңғы сөзін үстеп, – 1930 жылдары болса керек, ұмытпасам, ең үлкен пирамиданың бірі – Хефреннің пирамидасының ішінде, қазына тұрған бөлмеге апаратын дәлізден адамның шашы табылған. Үлкен ғалымдардың жанында еріп жүрген екінші қатардағы археологтардың бірі қабырғадан елеусіз ғана шығып тұрған шашты байқап қалады. Содан соң, кейіннен өзінің естелігінде осы жайында жазады. Осы мәліметті оқығандағы таңқалғанымды көрсең. Көп ұзамай пирамидалардың құпиясын түсіндім. Бірнеше тал шаш, ол құрылысшылардан кездейсоқ қалып қойған нәрсе. Немесе, көне өркениет осылайша, бұл жұмбақтың шешімін өзі айтып та кетуі мүмкін. Осыдан келіп тастағы жазулардың сыры ашылды. Бұл жерде үш технология бар. Біріншісі, бұл эпитафияларды жоғарыдағыдай құйып жасаған. Тас қата бастағанда барып жазу жазылған. Екінші, бұл бұрыннан белгілі амал, тасты қып-қызыл қылып қыздырады да, сірке сумен жазу жазады. Тас суығаннан кейін ысқылағанда, уксустың тиген жері езіліп, суға жуылып кетеді. Үшінші амал, көне адамдарда қазіргі құлпытасқа жазу жазатын бұрғыға ұқсас үлкен айналыста тасты жеп шығатын асыл бұрғы болған. Ал тасты қашап жазды дегенге мен сенбеймін. Бір әріпті қашауға 1-2 апта уақыт кетуі мүмкін. Ал мыңдаған әріптен тұратын үлкен текстерді қашап шығару үшін қанша уақыт керек? Тағы бір технология бар. Қыш кітапшаға жазу жазады, кептіреді, күйдіреді, содан соң суға салып тастайды. Қыш кітап суда жатып ақыры берішке айналады. Бірақ бәрібір оның қыш екені көрініп тұрады.
Естігенімді ақылға сыйғызу қиын еді.
– Сонда тұтас бір тауды қалай құйып шығады? – дедім әлі де күмәнім сейілмей.
– Оның несі таң? – деді Ерік өз кезегінде таңқалып, – Қытайлар алты мың шақырымдық алып қабырғаны қалай тұрғызды, сол сияқты. Мысалға жүз мыңдаған адам шелекпен құя береді, құя береді. Әйтеуір бір күні бітіреді. Міне, сондай да сондай көп болған көне дүниеде.
– Ал сенің ойыңша, осы пирамидалар не үшін салынған? – дедім мен.
– Кім біліпті, – деді Ерік қолын жайып.
– Жоқ, менің білгім келетіні, сенің ойыңша қалай? – дедім қайталап.
Ерік шылымын сорғыштап ұзақ үнсіз отырып қалды.
– Кім біледі, – деді содан кейін қайтадан қолын жайып, – Жанартаулардан, жер сілкінетін тектоникалық жіктерден аулақ жатқан таулардың қараптан-қарап балқып қатып қалғанына қарағанда, жер бетінде, ықылым замандарда ядролық соғыс болған сияқты. Содан кейін Үндістанның «Рамаяна» мен «Махабхарата» сияқты ұлы эпостарында жер дүниені өртеп, тауларды балқытқан әлдебір от қару жайында көп айтылды. Тіпті, қазіргі ұшақтарға ұқсас әуенмен ұшатын аппараттардың болғандығы айтылады. Ол аппарат «виман» деп аталған екен. Ойымша, жер өркениеті бір емес, бірнеше рет жойылған. Пайда болған. Дамиды. Шыңға шығады. Жойылады. Осылайша бірнеше рет қайталанған. Сол себепті, мемлекет дегеннің, ғылым-білім, өнер дегеннің, жалпы фәни дүниенің баянсыз, тұрлаусыз екеніне көзі же

1234
скачать работу

Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба?

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ