Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Монополиялық бәсеке нарығы



 Другие рефераты
Өндіріс факторларының нарығы Олигополия нарығы Монополия және монопсония Жетілген бәсекелі рынок

Дәрістің мақсаты: Монополиялық бәсеке ұғымын талдау және оның ерекшеліктерін меңгеру.

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Монополияның белгілері, түрлері
  2. Салаға кірудегі кедергілер
  3. Шекті шығын мен шекті кірісті теңестіру
  4. Табиғи монополия
  5. Баға дискриминациясы

Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): 

Монополиялық бәсеке – салыстырмалы түрде саны көп фирманың бір-біріне ұқсас, бірақ біркелкі емес өнім өндіруі. Әр фирманың рыноктық ұқсастық үлесі аз болғандықтан өнім бағасының түбегей өзгеруіне жеке фирма әсер ете алмайды. Өндірушінің саны көп болғандықтан құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ. Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді. Мысалы: Монополиялық бәсекелі нарықта дифференциалданған өнім өндіреді. Өнім дифференциациясын экономикалық ғылымда бағалық емес бәсеке деп атайды. Өнім мынандай белгілері бойынша дифференциалдануы мүмкін:

  1. Өнімнің сапасы бойынша. Физикалық түрі жағынан дифференциалдануы мүмкін. (қолданылғын материал, дизайн, жұмыс сапасы, т.б.)
  2. Қызметтер бойынша. Тұтынушыға қызмет көресту ерекшелігі бойынша дифференциалданады.
  3. Орналасуына байланысты. Рынокқа алыс-жақын орналасуына байланысты баға бірлігі әртүрлі болады.
  4. Өнімді сатуды ынталандыру түріне байланысты және өнімнің сыртқы түріне байланысты. Өнімге жасалатын жарнама, буып-түю, сауда маркасы, сауда белгілері бойынша дифференциалданады.

Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері:

  • Нарықтағы тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді.
  • Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы: шаштараз бен жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кезкелген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
  • Нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
  • Өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады. Мысалы: тіс жуғыш пастасының дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері, т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына деген өзгешелік қасиет береді.

Монополиялық бәсекеде жұмыс істейтін өндірушілер рыноктағы тұтынушының әрқайсысы қалайтын ерекше өнім үшін «артық төлем» жасауға келісетіндігіне негізделіп жұмыс істейді.

Монополиялық бәсекелі нарықта бағалық емес бәсекемен қатар бағалық бәсеке де жүреді. Ұзақ мерзімде жаңа өндірушілердің бәсекелесінің пайда болуы мүмкін. 

Бақылау сұрақтары:

  1. Монополиялық бәсекелестік ерекшеліктері
  2. Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік
  3. Мына терминдерге түсініктеме бер: нарық модельдері, монополия түсінігі, монополиялық бәсекелестік түрлері, олардың айырмашылықтары. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік.

Әдебиеттер:

  1. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
  2. Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
  3. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. — М.: Дело, 2001
  4. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
  5. Құдайбергенова К.С. Микроэкономика – Алматы: 2005
скачать работу


 Другие рефераты
Проблема приоритетов в политической деятельности государства
Астрология и причины ее популярности
Ирак Республикасы
Натурфилософия Ренессанса


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ