Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Олигополия нарығы



 Другие рефераты
Жалпы және жартылай тепе — теңдік Өндіріс факторларының нарығы Монополиялық бәсеке нарығы Монополия және монопсония

Дәрістің мақсаты: Монополиялық бәсеке ұғымын талдау және оның ерекшеліктерін меңгеру.

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Олигополия нарығына тән белгілер
  2. Курно,Бағалық қақтығыс, «Тұтқындар дилемасы», «Сұраныстың сынық қисығы» моделі
  3. Олигополиялық іс- әрекеттердің түрлері

Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): 

Олигополия дегеніміз өндіріс концентрациясы жоғары нарықтық құрылым моделі.

Олигополияның ерекшеліктері:

  • Бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір-бірімен бәсекелес фирмалар болады;
  • Фирмалар көбінесе басым (лидер) фирмалар деп аталады және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді;
  • Олигополиялық фирмалардың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкіндіктерін ескеріп талдап отырады. Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әртүрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін көрсететін бірнеше модельдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.

Курно дуополиясының моделі

Екі фирма бердей технологияны қолданады және біртектес өнім өндіреді деп қарастырамыз. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары керек. Курно дуополиясының негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан модельде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдай арқылы жүзеге асырылады.

Ойын теориясы

Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды. Сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде шешім қабылдайды.

Нарықта екі бәсекелес фирма іс-әрекетін жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғары деңгейге жеткізуді көздейді. Фирманың екі балама бағалық стратегиясы бар:

  1. Өнім бағасын төмендету;
  2. Бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру.

Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны таңдаулары керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбіо фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бәсекелес бағаны төмендетпегендегі және бағаны төмендеткендегі. Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атайды.

Картельдің құрылуы

Картель құрған кезде өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туралы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауарлардың бағасын жоғарылатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесіне белгілі бір квота тағайындалады.

Олигополия аз кәсіпорындардан тұрады ,өнімі әртекті немесе бірттекті болуы мүмкін. Өндіріс концентрациясы жоғары, яғни саладағы 3-4 фирманың үлесі бүкіл салалық ұсыныстың 70-тен 90 пайызына дейін құрауы мүмкін. Концентрация деңгейі бүкіл мемлекетке қатысты салыстырылады.

Саланы анықтау дәлдігі төмен.

Шетелдік жеткізушілердің бәсекесі де есепке алынады.

Кейбір салалардың бірнеше фирмалардан ғана тұруына себеп болатын нәрселер: масштаб әсері — өндіріс тиімділігіне жету үшін рыноктық ұсыныстағы үлес салмақ жоғары болу керек. Әр салада фирманың саны көп болса ,өндіріс   масштабы тиімділігі орындалмайды. Олай баолса фирманың өндірістік қуатын кеңейтуді бәсекелестер есебінен жүргізу пайдалы.

Өндіріс масштабының жағымды әсері салаға кірудегі кедергілердің болуынан орындалмауы мүмкін. Мысалға патентті иемдену, стратегиялық шикізатқа иелік етү, бақылау жасау, электроника , химия т.б. Олигоплия жағдайында фирмалардың бірігуіне өндіріс масштабының тиімділігін пайдалану себепші болуы мүмкін. Рыноктық билікке жету бірігу арқылы ғана іске асады

Олигополия- баға саясаты мен басқа бәсекелестерді санасатындай  аз фирмалар санынан тұратын құрылым.

Олигополия жағдайында баға құру мен өндіріс көлемін анықтаудың 4 моделі бар:

1 құпия келісімге негізделген баға;

2 бағадағы лидерлік әдісі;

3 шығынға үстеме қосу;

4 сұраныстың сынық графигі.

Монополиялық бәсекеде салыстырмалы түрде көп фирмалар бір-біріне ұқсас ,бірақ бірдей емес өнім өндіреді.Әр фирма рыноктық ұсыныстың  аз ғана бөлігін иемденеді.Құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ .Өзара тәуелсіз, бәсекелестердің реакцясын есепке ала отырып жұмыс жасайды. Монополиялық бәсеке жфағдайындағы өнім дифференцияциясы: сапасы, физикалық түрі, қызметтер, тұтынушыға  қызмет көрсету ерекшелігі, тұтынушыға алыс-жақын орналасуы, сатуды ынталандыру және буып –түю т.б.

Кейбір тұтынушылар өзіне ұнайтын ерекше өнімге көбірек төлем жасауға дайын, жоғарыдағы өнім дифференциациясы бағалық емес бәсеке деп аталады.

Бақылау сұрақтары

  1. Олигополияның ерекшеліктері
  2. Мына ұғымдарға түсініктеме бер: Олигополия, табиғи олигополия, баға қақтығысы, ойын теориясы, картель, нәтижелер матрицалары, Максимин стратегиясы, баға көшбасшысы, ішінара монополия, нарыққа кіруді шектейтін баға.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
  2. Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
  3. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. — М.: Дело, 2001
  4. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
  5. Құдайбергенова К.С. Микроэкономика – Алматы: 2005
скачать работу


 Другие рефераты
Психотерапия, основные методы
Россиядағы 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан. 1917 жылғы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
Стратегический анализ и планирование развития фирмы
Назначение и характер аппаратных средств защиты информации


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ