Жетілген бәсекелі рынок
Другие рефераты
Дәрістің мақсаты: Нарық құрылымы туралы түсінікті қалыптастыру, Жетілген бәсекелес нарықтың модельдерін меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
-
Жетілген және жетілмеген бәсеке түрлері
-
Жетілген бәсекенің сипаты және жетілген бәсекелі нарықтағы сатушының өніміне деген сұраныс
-
Қысқа мерзімде пайданы максимизациялау
-
Ұзақ мерзімде пайданы максимизациялау
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Таза бәсекелі рыноктың негізгі белгілері: көп фирмалар саны. Негізгі белгісі, өзара тәуелсіз сатушылар, әдетте өнімін жақсы ұйымдастырылған рынокта ұсынады.
Өнім біртекті. Бәсекелес фирмалар бірдей өнім өндіреді. Берілген бағада тұтынушыға қайсы сатушыдан сатып алуы бәрібір. Өнім біртүрлі болғандықтан «бағалық емес бәсеке» туралы айтуға негіз жоқ.
Таза бәсекені рынокта жеке фирмалар өнім бағасына өте әлсіз бақылау жасайды. Бұл жағдайда әр фирма өндірістің жалпы көлемінің аз ғана бөлігін өндіргендіктен, өндірісті фирманың азайтуынан және көбейтуінен жалпы рыноктық ұсыныс, баға өзгере қоймайды. Әр бәсекелес фирма рыноктық бағамен келіседі, баға анықталған өлшем болып қалады.
Салаға кіру – шығу ерікті. Жаңа фирмалар жеңіл кіре алады, жұмыс атқарып жатқан фирмалалар бәсекелі рыноктан шығуына жол ашық. Ешқандай заңдық, технологиялық, қаржылық немесе басқадай кедергі жоқ.
Таза бәсекелі рынок іс жүзінде өте сирек кездеседі. Таза бәсекелі рыноктың аналитикалық және практикалық маңызы бар.
Жеке фирмалар кездестіретін сұраныс икемді екенін ескеру керек.
Сатушы үшін өнім бірлігіне тағайындалған баға орташа кіріс (өнім бірлігінен алынатын кіріс) болып табылады. Сонда баға мен орташа кіріс әртүрлі көзқарастағы, бірақ бір ғана нәрсе.
Жалпы (жиынтық) кіріс товар бағасын өнімнің сәйкес көлеміне көбйету арқылы алынады.
Өндіріс көлемін өзгертуде фирма мүмкін кіріс деңгейін қарастырады. Шекті кіріс қосымша өнім бірлігін сатудан жалпы кірістің өсімін (өзгерісін) көрсетеді.
Таза бәсеке жағдайында товар бағасы жеке фирма үшін тұрақты болғандықтан, келесі өнім товар бағасын төмендетпестен – ақ сатылуы мүмкін.
Шекті кіріс жетілген бәсекелі рынокты тұрақты, өнім бағасына тең.
Фирма max пайда және min шығын жұмсауына сай өндіріс көлемін аналитикалық 2 әдісі бар: біріншісі, жалпы кірісті жалпы шығындармен салыстыру болса; екіншісі, шекті кірісті шекті шығындармен салыстыру. Екеуі де тек таза бәсекелі фирмаға ғана емес жетілмеген рынок фирмалалары үшін де қолдануға жарамды.
Бақылау сұрақтары
-
Бәсекелес фирманың қысқа мерзімдік ұсынысы
-
Ұзақ уақыт мерзіміндегі тепе- теңдік және тауарлар ұсынысы.
-
Пайда парадоксі
Әдебиеттер тізімі:
-
Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. — Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
-
Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
-
Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
-
Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. — М.: Дело, 2001
-
Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
-
Құдайбергенова К.С. Микроэкономика – Алматы: 2005
| | скачать работу |
Другие рефераты
|