Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұхит Мерәліұлы (1841 — 1918)



 Другие рефераты
Дулатов Міржақып (1885-1935) МҰХТАР ӘУЕЗОВ (1897-1961) МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ Мұстафин, Ғабиден (1902-1985)

 Дарынды сазгер, әнші, ақын күйші Мұхит Мерәліұлының шығармалары Батыс Қазақстанның музыкалық дәстүрінде өзінің сәтті сазын тауып, ерекше орынға ие болды. Мұхиттың шығармашылық өнерін сөз еткенде, белгілі өнер зерттеушісі А. Затаевич “…қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды”, — деп, дәл суреттеп жазған. Ал ол Мұхиттың өзін “қазақтың Баяны” деп атап өтті.

Көбінесе лирикалық әуенде келетін Мұхит әндерінде адамның Жан дүниесін, ой – арманын, махаббат сезімін суреттеу, табиғатты тамашалау, адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленген. Оның “Айдай”, “Бала Ораз”, “Алуаш”, “Иіс”, “Зәуреш”, “Айнамкөз” т.б. әндері халық арасына кең тарап, Біржан, Ақан, Мәди, Үкілі Ыбырай сияқты ірі әнші –композиторлардың белгілі шығармаларымен бірге халықтың жүрегін нұрға толтырып келеді.

Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен-ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын –жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды. Орындаушылық тәжірибесін шыңдай түсіп, өз жанынан да ән шығара бастайды.

Оның шығармасының алғашқы кезеңінде шыққан арнау әндері –“Айнамкөз”, “Алуаш”, “Қилым” – адамның Жан дүниесі мен қиял сезімін қозғап, алысқа меңзейді.  “Алуаш” әнінде Мұхит қыз жанының сұлулығын, сырт пішінінің сымбаттылығын шалқыта суреттейді.

Халық арасында “Бала Ораз”, “Жылқышы”, “Кіші айдай” болып та таралған келесі бір ән жайында А.Қ. Жұбанов былай деп жазады:

“Өзі ақын, әнші Мұхит жасынан көркем сөзге үйір болды. Оның қызығып тыңдайтын жыры, толғауының бірі ақын Бала Ораздың шығармалары болса керек. Бір күні Мұхит Бала Ораздың аузынан шыққан “Жылқышы хикаясын” жадына түйіп алады…. Бұл аңыз Мұхиттың тұла бойын тегіс жібітіп, қатты толқытады. Қыршынынан қиылған екі жас, жанбай сөнген таза махаббат, екінші жағынан соққы мен сойылға сүйінген қара күш — әншінің асқақ қиялын аралап, тыныштығын кетіреді. Дарынды композитор сол арада домбырасын алып, қой ішегінің шегіне жеткенше қатты бұрап, Жан ашуының айқайындай дауыстың ең жоғарғы сағадан бастап, ащы да, айбарлы да дыбыс шығарады. Бала Ораздан есіткен аңыздың суретін көз алдына келтіре отыра сол оқиғаны дыбыс өнерімен өрнектейді. Ән салған жерден кульминациялық дыбыстардан басталып, сол дыбысқа қайталап үш – төрт реет төнеді. Ондай шығармашылық күш шығарушының бәрінде бірдей бола бермейді.”

Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды.

“…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру –апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.”

Философиялық тербеністерге толы Мұхиттың “Дүние – ай” әні музыкалық мазмұнының тереңділігімен ерекшеленеді.

Қазақтың көптеген ақындары сияқты Мұхит та өзінің талантының жан –жақтылығымен ерекшеленеді. Мұхит әнші, композитор, сонымен қатар домбырашы ретінде де танымал. Оның осы қасиеттері А.В. Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әндері” жинағында жазылған. Ол Мұхит күйлерін жазған алғашқылардың бірі болды. Осының бәрі Мұхиттың домбыра музыкасына жетік екенін дәлелдейді.

Ән, күймен қатар Мұхит жақсы әңгімеші болды. Сонымен қатар, сол кездегі зейінді жігіттердің ұстаған өнерінің бірі – ою оюды ды машық еткен. Мұхиттың оюын зер төгетін қыздар көш жерден келіп алып кетеді екен. Бейнелеу өнері дамымай қалған жұрнақтары болса да іждағатты түрде зерттеп жию керек. Мұхиттың әншілігі, күйшілігі күшті орындаушылығы, шығармашылық қабілеті, өрнек өнерін де күйттегені оның өмірі мен шығармасын зерттеушілерге үлкен міндет артады, жауаптылық қояды.

Ол Боғда, Есбай, Абыл, Сәулебай күйлерін игеріп, өз жанынан да күй шығарған. Мұхиттың әншілік, күйшілік мұрасын біздің заманымызға жеткізген балалары Шоң, Нәу немесе Шайқы, Лұқпан, Ғұбайдолла Мұхитовтар мен Шынтас Қаратаев. Елуінші жылдардың ортасында Мұқит жөнінде Ж. Қосыбаев “Әнші Мұхит” атты кітап шығарды. Мұхиттың әншілік дәстүрін жалғастырып, халық арасына насихаттаушылар Ғ. Құрманғалиев, Т. Ибрагимова, Н. Әбілова тағы басқалар болды.

Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға, ғажайып дарында талант иесі.

Мұхит әндері:

“Паңкөйлек”, “Қилаш”, “Әриайдай”, “Қоқыш”, “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Үлкен айдай”, “Кербез қыз”, “Ақ иіс”, “Алуаш”, “Демалыс”, “Дүние – ау”, “Көк айдай”, “Жайма қоңыр”, “Еркем”, “Дүние”, “Дағанау”, “Зәуреш”, “Қыпшақ”.

скачать работу


 Другие рефераты
Модернизация в современной России
Образование Армянского народа и древнеармянского государства
Природа и мы
Марқакөл қорығы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ