Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұстафин, Ғабиден (1902-1985)



 Другие рефераты
Мұхит Мерәліұлы (1841 — 1918) МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ Мұстафа Шоқай Мұстафа Шоқай

Мұстафин, Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі.

Туған жері қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегі.

Дін мектебіне беріліп, мұсылманша сауат ашқан Ғабиденді заман ағымының аңысын аңғарған акесі он төрт жасында Спасск заводының табельшісі мауқымның Жүсібі деген кісіден бір жыл орысша оқытады. Осы бір жыл зерек баланың келесі жылы осындағы бес жылдық орыс қазақ мектебінің төртінші бөліміне түсуге мүкіндік береді. Бірақ төңкеріс тудырған аласапыран оған онда бір жылдан артық әрі оқуға мұрша бермей, ауылға қайтып келуге мәжбүр етеді. Осыдан тек арада жеті жылдай өткенде тұрмыс құрып, үйлі баранды болған жас жігіт білімін көтеру мақсатымен Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылордаға келеді. Бірақ мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші болып орналасады. Осында жазушының өз тілімен атқанда, «газет оқуға ауызданады», қысқа хабарлар жаза бастайды. Жаңа танысы Сәит Мұқановқа еліктеп, әңгіме жазады. Ұзамай «Жыл құсы» журналында тырнақалды әңгімесі, араға жыл салып барып «Ер Шойын» аттты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көреді. Бірте бірте қаламы ұшталып, жазу машығына жаңа төселе келе әдеби ортамен араласып, сол кездегі дәстүрмен пікір таластарына қатысады. Әдебиет майданында үлкен қағажу көріп, жазғандары жарияланбай, бәрін тастап еріксіз ауылына кетуге мәжбүр болады. Сөйтіп ол Қарағандыға келіп, үш жыл қара жұмыс істейді. Сонда жүріпгазет жұмысына араласып, әуелі «Қарағнды пролетариаты», Новосибирь қаласында ашылған «Қызыл ту» газетінде қызмет істейді.

Бұл жылдары болашақ жазушы көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыс оның қаламын төселтіп, өмір тәжірибесін молайта түскен еді. Сондықтан да ол жаңа астана Алматыға, әдеби ортаға қайтып келгеннен кейін өндіртіп жаза бастайды. «Өмір не өлім» атты алғашқы романы, колхоз совхоз сахналарына арналған шағын пьесалары жарық көрді.

Ғ. Мұстафин өзінің шығармашылық ұзақ жолында өндіріс тақырыбы мен ауыл шаруашылығы тақырыбын қатар қамтып, екі салада да өнімді еңбек еткен жазушы. Кезінде оқып, білім ала алмағанына қарамастан, өзінің тынымсыз ізденісі арқасында, орыс, қазақ жазушыларынан үйрену арқылы шеберлігін шыңдап, өзі айтқандай, «өмірдің алдын орауды» мақсат етпді. Соның нәтижесінде оның қаламынан туған шығармалар қазақ әдебиетіндегі сол тақырыпқа жазылған бірініші шығарма болып келеді. Оның өндіріс тақырыбына жазылған «Өмір не өлім», «Қарағанды» роандары да, ауылшаруашылығы тақырыбына жазылған «Шығанақ, «Миллионер» романдары да тап осындай шығармалар болатын. Ал «дауылдан кейін» мен «Көз көрген» романдары жазушының өзі өмір сүрген дәуірінің деректі шежіресіне айналды.

Ақырын жүріп, анық басып, әділеттен айнымауды өз өмірінің шырағы етіп ұстанған ұлағатты қаламгердің әр шығармасы халқын рухани сусындатуға қызмет етті. Соған орай оны халқы да ардақтап, құрмет етті. Ол екі мәрте Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болды. Бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Екі Ленин, екі Еңбек Қызыл Ту және екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды, Абай және Жамбыл аттарындағы Республикалық әдеби сыйлықтарды иеленді.

 

скачать работу


 Другие рефераты
Ирак
Экологические проблемы городов
Қазіргі кездегі салық кодексіндегі өзгерістерді талдау
Бизнес план предприятия по производству кондитерских изделий


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ