Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұстафа Кәмәл Ататүрік

кесіп айта алмайды. Дәл Осман империясы сияқты, дәл Аустрия-Венгрия сияқты оның да ыдырауы мүмкін, бөлшектенуі мүмкін. Бүгін қолында мықтап ұстап отырған халықтары уысынан шығып кетуі мүмкін. Әлемде сонда жаңа тепе-теңдік орнайды. Міне, сонда Түркия не істейтінін білуге тиіс. Біздің бұл "досымыздың" билігінде тілі бір, наным-сенімі бір, өзегі бір бауырларымыз бар. Соларға қол ұшын беруге дайын болуымыз керек. Дайын болу деген сөз - сол күнді күтіп отыру деген сөз емес. Әсіресе, рухани көпірлерге мән беруіміз керек. Тіл - бір көпір, наным-сенім - бір көпір, тарих - бір көпір... Бүгін біз олардан тіл тұрғысынан да, салт-дәстүр женінен де, тарихи байланыстардан да ажырап, өте алыста қалып қойдық. Біз тұрған белес дұрыс па, олар тұрған деңгей дұрыс па, мұны есептеп жатудың пайдасы жоқ. Олардың бізге жақындасуын куте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз қажет. Тарихи байланыстарымызды жаңғыртуымыз керек. Бұларды кім істейді? Әрине, біз. Өздеріңіз көріп отырсыздар, Тіл қоғамын, Тарих қоғамын ұйымдастырдық. Тілімізді солардың тіліне жақындатуға, сөйтіп бір-бірімізді оңайырақ түсінетін жағдайға жетуге тырысудамыз. Тарихымызды да соларға жақындатуға тырысып жатырмыз. Ортақ тарих жасаудың соңындамыз. Бұл оңай жасалына салмайды... Естуімше, шолақ ойлы кейбіреулер "Ататүріктің басқа жұмысы жоқ па, тілмен, тарихпен айналыса бастағаны несі?" дейтін көрінеді. Сөз жоқ, жұмысым бастан асады, мен бүгін озық Түркияны құруға қалай тырысып жатсам, ертеңгі Түркияның негізін қалауға да соншалықты мән беріп жатырмын. Осы жасап жатқандарымның бәрі ешбір басқа халыққа дұшпандық емес. Бейбітшілікті жақтаймыз. Бейбітшілікті жақтап қала береміз. Бірақ, тоқтаусыз өзгеріп жатқан бұл әлемде ертеңнің ықтимал өзгерістеріне де дайын болуымыз керек".

Сол жылдарда болған бір жиында Ататүрік тағы да былай деген екен: "Мен ең алдымен біртұтас түрік ұлтшылымын! ("Күллі түркі халықтарына ортақ ұлтшылмын!" дегені - Ф.Ә.) Солай тудым, солай өлемін. Түрік бірлігінің күндердің күнінде шындыққа айналатынына сенемін. Түрік бірлігіне (түркі халықтарының бірлігіне - ред.) сенемін. Ертеңнің тарихы өзінің жаңа кезеңдерін түрік бірлігімен бастайтын болады. Әлем бейбітшілік пен тыныштықты сол кезеңдерден табады".

Алайда, өзіндік бір жолдау, өзіндік бір есиет іспетті болған Ататүріктің бұл сөздерінен Түркияның кейінгі басшылары тіиісті қорытынды жасай алмады ма, әйтеуір, 1990 жылдардың басында Түркия Ататүріктің бұл айтқандарына дайын болмай шықты деп атап көрсетті сол тұста кейбір түрік газеттері. КСРО-ның құлауына байланысты пайда болған идеологиялық вакуумды толтыруға Түркия құлшыныс білдірмеді. Бұл әлі де жалғасып келеді. Оның арты не боларын, әрине, болашақ көрсетеді. Тек қызыл идеологияның қайтадан үстемдік құруынан Тәңірім түрік дүниесін сақтағай!

***

Ататүрік түрік жастарына былай дейді:

"Ей, түрік жастары! Бірінші міндетің - түрік тәуелсіздігін, Түркия республикасын мәңгі сақтау және қорғау!

Тірлігіңнің және болашағыңның жалғыз негізі - осы. Бұл негіз - сенің ең қымбат байлығың. Болашақта да сені осы байлығыңнан мақұрым еткісі келетін ішкі, сыртқы жауларың болады. Күндердің күнінде тәуелсіздік пен республиканы қорғауға мәжбүр болсаң, міндетіңді орындау үшін өзің тап келген жағдайдың мүмкіндіктері мен шарттарынан сескенбеуің керек! Ол мүмкіндіктер мен шарттар өте қолайсыз болуы ықтимал. Тәуелсіздік пен республикаңа қастандық жасағысы келген жаулар бүкіл әлемде теңдесі жоқ жеңіске қол жеткізуі мүмкін...

Зорлықпен және айламен ғазиз Отаныңның барлық қамалдары басып алынған, бүкіл теңіз порттарына жау жайғасқан, армиясы түгел таратылған және елдің әрбір бұрышы шын мәнінде де жаулап алынған болуы мүмкін. Осының бәрінен де қауіптісі - елдің ішіндегі билікке ие болып отырғандар жаңылысуы, қателесуі, тіпті опасыздыққа баруы мүмкін. Тіпті осы билік басындағылар өздерінің жеке мүдделерін басқыншылардың саяси мақсаттарымен біріктіруі мүмкін. Халық кедейшілік пен жоқшылық астында қалып, бүліншілікке, әлсіздікке ұшырауы мүмкін.

Ей, түрік болашағының перзенті!

Осындай ахуал мен шарттар астындағы сенің міндетің де түрік тәуелсіздігі мен республикасын құтқару болып табылады.

Саған қажет күш-қуат - тамырларыңдағы асыл қанда!"


***

Ататүрік айтқан төмендегі көзқарастар да әлі күнге маңызын жойған жоқ.

- Жаңа Түркияның мәні - ұлттық егемендігінде!

- Жұртымыздың иесі және қоғамымыздың негізгі бөлігі - шаруалар.

- Түрік ұлтының табиғатына және ұлттық ерекшеліктеріне ең сай басқару жүйесі - республикалық басқару.

- Дүние жүзінде өмір сүрген және өмір сүріп отырған ұлттардың ішінде рухы жағынан шынайы демократ болып туған жалғыз ұлт ТҮРІКТЕР екеніне әбден сенулеріңізге болады.

- Бізге шабыт көктен, я ғайыптан келген жоқ, біз оны өмірдің өзінен алдық.

- Жолда кетіп бара жатқан жолаушының көкжиекті ғана көруі жеткіліксіз. Міндетті түрде ол көкжиектің арғы жағын көруі және білуі керек.

- Бостандық және тәуелсіздік - менің мінез-құлқым. Мен ұлтымның және ұлы бабаларымның ең құнды мұрасы - тәуелсіздікке құштарлық сезімі кеудесін кернеген адаммын.

- Мен диктатор емеспін. Менде күш бар екендігі айтылып жүр. Әрине, бұл дұрыс. Менің ойға алып, орындалмаған нәрсем жоқ. Өйткені, мен зорлықпен және мейірімсіздікпен әрекет етуді білмеймін. Мен адамдарды ренжіту емес, олардың жүрегін жаулап алу арқылы билік жүргізуді қалаймын.

- Мен істе қалай табысқа жететінімді ойламаймын. Бұған не кедергі болатынын ойлаймын. Кедергілерді жойсам, іс өзінен өзі алға басады.

- Менің күшім және қуатым халықтың маған көрсеткен сенімінен құралады.

- Балаларымызға және жастарымызға берілетін білімнің шегі қандай болса, ондай болсын, оларға ең алдымен, бәрінен бұрын Түркияның болашағына, өзіндік ұлттық келбетіне, ұлттық дәстүрлеріне жау болып табылатын барлық элементтерге қарсы күрес жүргізудің қажеттілігі үйретілуге тиіс.

- Республиканың сіздерден (мұғалімдерден - Ф.Ә.) ой-пікірі - озат, ар-ожданы - азат, ғылым-білімі - озық ұрпақ күтетінін ешқашан естеріңізден шығармаңыздар.

- Өнердің ең қарапайымы - ең құрметтісі. Етікші, тігінші, ағаш ұстасы, ерші, темірші, тағашы... - әлеуметтік өмірімізде де, әскери өмірімізде де сыйлауға және құрмет көрсетуге әбден лайық шеберлер.

- Түркия республикасының негізі - оның мәдениеті. Ұлттық мәдениет - біздің басты мұратымыз.

- Біздің дініміз - ең парасатты, ең табиғи дін. Міне, сондықтан да ол соңғы дін болып отыр. Діннің табиғи болуы үшін ол ақылға, ғылымға, білімге және логикаға үйлесімді болуы қажет. Біздің дініміз осының бәріне үйлесімді.

- Әскеріміз - түрік тірлігінің, түрік құдіреті мен талантының, түрік отаншылдығының құрыштанған көрінісі. Әскеріміз - түрік жерлерінің және Түркия мемлекеті мұратын шындыққа айналдыру жолында біздің сарп еткен жүйелі еңбегіміздің жеңілмейтіндігінің сенімді кепілі. Мен әскери қызметтің өнер сипатында болуын көбірек ұнатамын.

- Біздерді «ұлтшылдар» дейді. Бірақ біз ұлтшыл болғанда да өзімізбен ынтымақтастық жасайтын барлық ұлттарды құрметтейтін, олардың ойынан шығатындай ұлтшылдармыз.

- Түрік ұлтының мінезі - асқақ. Түрік халқы - еңбекқор халық. Түрік халқы - зерек халық. Өйткені, түрік халқы ұлттық тұтастықтың және бірліктің арқасында басқа күштерді жеңе білді. Түріктің түріктен басқа досы жоқ. "Мен түрікпін" деген адам қандай бақытты!

- Әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, ісімізбен, бүкіл қимыл-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн!

Ататүрік осындай саясаткер болған. "Алтынды тот баспайды", Ататүріктің көзқарасы мен ұстанымдары - қазақ халқына да қымбат.
Жаулары басып алып, қиратып тастаған бір кездегі ұлы империяның жұртта қалған жұқанасына айналған, дамыған державалардың алдында экономикалық жағынан кіріптарлыққа ұшырап, төменшік күйге түскен Түркияның етектегі басын төрге сүйреп кеткен есіл ерді – өзінің Тұңғыш Президентін түрік халқының қандайлық қастерлейтіні кім-кімді де ойға қалдырады деп сенеміз.

***

Мұстафа Кемал Ататүріктің билік құрған он бес жылының, бүкіл әлем үшін демей-ақ қояйық, түрік ұлты үшін, ал енді көбіне-көп Еуропа үшін де тарихи маңызын Оттоман портасының оған дейінгі жеті ғасырымен салыстыруға әбден болады.

Константинополь Мехмед ІІ-нің мұздай темір құрсанған шеріктерінің қолынан құлаған 1453 жылдың мамырынан Еуропа одағы (ол кезде Еуропа экономикалық қоғамдастығы) Түркияны Еуропа клубына мүшелікке алу жөнінде уәде еткен 1963 жылға дейінгі аралықты бес жүз жыл бөліп жатыр. Сонан бері түріктер төрешілдік шешімдерінің кезегін күтіп, Еуропа дарбазасының алдында тұр. Ол дарбазаның жеңімпаз Кемал-паша ұрпақтарының алдынан айқара ашылатынына үміт барған сайын артып келеді.

Түріктердің өткен дәуренінде бірнеше ғасырларға созылған күш-қуат пен даңқ жолы жатыр. ХVІІ ғасырдың екінші жартысына дейін өзіне теңдесер ешкім болмаған Осман империясы әлемнің аса ірі мемлекеті еді, оның билігі Солтүстік Африкаға, Таяу Шығысқа, Шығыс және Оңтүстік Еуропаға жүріп тұрды. Алайда, ХVІІ ғасырдың аяқ шеніне қарай әртүрлі ішкі және сыртқы себептерге байланысты бір кездегі қуатты державаның ыдырау үдерісі басталды. Оның жан тәсілім етуінің өзі екі жарым ғасырға созылды.

Он тоғызыншы ғасырдың аяғында тарих майданына реформаторлардың жаңа буыны – жас түріктер шықты. Ағылшын-француз ықпалынан босауға ұмтыла отырып, жас түріктер сыртқы саяси бағытты өзгертті де елді Германияны жақтап бірінші дүниежүзілік соғысқа килігуге ұрындырды. Мұның өзі Еуропа мен Осман империясының мың жарым жылға созылған текетіресі тынуының бастауы еді. 1918 жылы Мудрос уақытша бітім

1234
скачать работу

Мұстафа Кәмәл Ататүрік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ