Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұстафа Кәмәл Ататүрік

іне қол қойылған соң ел өзінің жерінен түгел айырылды, Антанта әскерлері Анадолыны басып алды. Түркияны жаңғыртудың османдық кезеңі осылай аяқталды.

Осман империясының соңғы соғысына айналған бірінші дүниежүзілік соғыстың басында-ақ Уинстон Черчилль: “Осынау зілзалада даудан басы арылмаған, қирап, қаусаған, қалтасы тесік Түркияның күні не болар екен?”, деген еді. Түркияның жеңілісі Осман империясы аумағының тез арада-ақ бөлініп алынуына әкеліп соқтырды. Антантаның әскери флоты Босфор мен Дарданелл бұғаздарына кірді. Ағылшындар мен француздар Мосул мен Искандерун маңайын басып алды. Италиялықтар Оңтүстік-Батыс Анадолыны және маңайлас жерлерді, соның ішінде Антальяны бақылауда ұстады. Антанта флотының көмегімен грек қарулы күштері 1919 жылдың мамырында Измир маңына келіп түсті де, Батыс Анадолыдағы гректерді қорғаймыз деген сылтаумен ашықтан-ашық соғыс интервенциясына кірісіп кетті.

1919 жылдың мамырында Эгей теңізіне жақын жердегі таулы өңірде партизан соғысы өріс алды. Қарсылықтың бастауында неғұрлым білімді және отаншыл топ – әскери кадрлар тұрды. Олардың көбі жас түріктердің жаңғыртушылық көзқарасын қолдайтын. Күресті таяуда ғана аяқталған соғыстың батыры, “Ыстамбұлдың құтқарушысы” атағына ие болған генерал Мұстафа Кемал басқарды. Әскер мен халықтың көмегіне сүйенген Кемал уақытша үкімет құрып, интервенттерге қарсы соғыс қимылдарын өрістетті. Кемалшылдық революциясы басталды. Сұлтан Кемал жасақтарына қарсы “ғазауат” жариялады. Ел азамат соғысының отына оранды.

1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен сұлтан үкіметінің арасында бейбіт шартқа қол қойылды, осы арқылы Түркияның бөлінуі мен кіріптарлыққа түсуі құжатталды. Сұлтан үкіметіне іс жүзінде Анкара мен Қара теңіз жағалауы арасындағы жер ғана қалдырылды. Түркияның басым бөлігі Антанта елдерінің бақылауына және ықпалына түсті.

Жаңа парламент – Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) Анкарада шақырылды, жиналыс М.Кемалға қосымша өкілеттіктер берді. 1922 жылдың 26 тамызында түрік әскерлері барлық майданда шабуылға шықты. Түріктерге қарсы әскерлердің негізін құраған грек армиясы тас-талқан етіліп, түрік жерінен тез-ақ тайып тұрды. 1919-1922 жылдардағы грек-түрік соғысы жеңіспен аяқталды.

1920-1922 жылдар аралығында М.Кемал және оның жақтастары шығыстағы, оңтүстік пен батыстағы жау әскерлерін талқандап, Ресеймен, Ұлыбританиямен, Франциямен және Италиямен бейбіт келісімге келді. 1922 жылдың қарашасында соңғы сұлтан – Мехмед VІ британ әскери кемесіне мініп алып, елден қашып шықты.

1923 жылдың 29 қазанында Түрік Республикасының құрылғаны жария етілді, бір жыл өткен соң оның Конституциясы қабылданды. Дәл сол күні Ұлы ұлттық жиналыс Ғази Мұстафа Кемалды Түрік Республикасының президенті етіп бірауыздан сайлады.

Ол Осман империясының жеті жүз жылдық тарихын тәмамдаған, жаңа мемлекет – Түркияны құрған адамға айналды.

Соғыс барысында қол жеткізген беделі мен Түркияны азат етуші деген даңқына арқа сүйей отырып, М.Кемал батыл және түбегейлі өзгерістерге еш жалтақсыз кірісті. Кемалшылар өткен күнмен ат құйрығын кесісу және жаңа тұрпатты ұлтты қа­лыптастыру алға басудың міндетті шарты деп санады. Отаншыл күштерді біріктірудегі ұйымдық бастау ретінде түрік ұлтшылдығы идеясы ұлт-азаттық соғысы жылдарында дүниеге келді. Ол ұлыдержавашыл османшылдықтың, жас түріктік пантүркизм мен панисламизмнің орнын алмастырды.

Оның алдындағы екі ғасыр бойында үнемі дерлік жеңіле бергеннен, империяның іштей іріп-шіруінен түріктердің ұлттық сағы әбден-ақ сынған еді. Оны қайта көтеруді алдымен зиялы қауым сөз етті. Сондықтан да Ататүріктің: “Түрік болу қандай бақыт!” деген атақты сөзі әлемдегі басқа жұрттарға қыр көрсетудей естіліп, қайта өрлеп жатқан елдің ұлттық идеясының арқауына алынды.

Ішкі саясатта ұлтшылдық бұқара халықты революциялық жаңғыруларға жұмылдырудың басты тетігіне айналды. Түрік ұлтшылдығы қағидаты конституцияға және билік құрушы Халықтық-революциялық партияның бағдарламасына енгізілді.

Ататүрік алға қойған міндеттердің соншама жойқындығын түсіну үшін 1920-шы жылдарда христиандық Еуропа мен мұсылмандық Түркияның арасында түпсіз шыңырау жатқанын есте ұстау, екінші жағынан алғанда, Еуропа десе әділетті түрде түрік мемлекеттілігінің өзін құртып жібере жаздаған қас жауын көретін мұсылман еліне еуропалық даму жолын ұсынған Ататүріктің батылдығы мен көрегендігіне дес беру керек. Еуропаландыру мен секуляризацияға, яғни мешіт меншігін мемлекеттендіру немесе зайырлануға қайтпастай бағыт ұстау күшті ішкі қарсылыққа тап болды. Елде Кемалдың батысшыл үкіметін құлатып, дәстүрлі мұсылмандық тәртіпке қайта оралуды мақсат тұтқан бірнеше ірі бүліктер көтерілді.

Осының бәрі түрік лидерін беделге салып, белден басуға, өз реформаларын жүргізуде ең алдымен өзіне шын берілген армияға арқа сүйеуге мәжбүр етті.

1920 жылдың сәуірінде сайлау нәтижесі бойынша Анкарада жаңа парламент (меджлис) – Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы өз жұмысын бастады. Жиналыс М.Кемалды төраға етіп сайлады. Сол жылғы қыркүйекте, соғыс қызу жүріп жатқан кезде М.Кемал Ұлы ұлттық жиналыстың қарауына “саяси, экономикалық, әкімшілік және әскери мәселелерді қамтитын басқаруды жүзеге асыру бағдарламасын” ұсынды. Алғаш рет “Түрік мемлекеті” деген ұғым енгізілді. Сөйтіп, Осман империясынан аты да, заты да бөлек жаңа геосаяси субъектінің дүниеге келуі заңды тұрғыдан бекітілді.

Түрік мемлекеті республика деп жарияланды. Меджлис депутаттар арасынан сайлайтын президент қызметі енгізілді. Республиканың тұңғыш президенті болып М.Кемал сайланды, ол кейін бұл қызметке 1927, 1931 және 1935 жылдарда қайта сайланды.

1924 жылы меджлис қабылдаған Негізгі заң бойынша елдің барлық азаматтары түріктер деп жарияланды.

Кемал өзінің парламенттік тобын Халықтық-республикалық партияға (ХРП) айналдыратынын жария етті. Жаңа құрылған партия парламенттің жаңа құрамының сайлауында жеңіске жетті. Оның сардар төрағасы болып Мұстафа Кемал сайланды. М.Кемал ХРП-ға жариялы оппозицияны өз серіктестерінің қатарынан құруға екі рет әрекет жасады, оның екеуі де сәтсіз аяқталды: оппозициялық партия, кәдімгі бір магнит сияқты, кемалшылар арасындағы керауыздарды ғана емес, жаңа режімнің бітіспес қарсыластарын – билікке қарсы қолына қару алып шығудан тайынбайтындарды да өзіне тарта беретін болды.

Жаңа үрдістерді жұртшылықтың қабыл алуын жеңілдеткен маңызды жағдаяттардың бірі билік дәстүрінің сабақтастығы болғанын атап айту керек. Осман дәуіріндегі мемлекет ұйымдастырудың негізгі қағидаттарынан бас тарта отырып, кемалшылар дара билік феноменін сақтап қалды, оны тіпті күшейте түсті.

Түркиядағы демократияның орнығуы – даму деңгейі және саяси мәдениет дәстүрлері жағынан әрқилы мемлекеттердің әмбебап демократиялық құндылықтар­ға қол жеткізуінің қандайлық сан түрлі болуы мүмкін екендігінің жарқын мысалы.

Ататүрік Еуропаға ашылар өз терезесін елде батыстық зайырлы мұраттарды жападан жалғыз жүріп деуге болатындай жағдайда зорлап шығарды. Оның дінге қарсы жасаған жаңарыстары аянбас қарсылыққа ұшырады, бұл бағытпен келіспейтіндер жазалаудан қорыққаннан ғана іштен тынды. Сол жылдарда түрік халқына өз тағдырын өзі шешу құқы берілген болса, көпшілік дауыспен Түркия классикалық тұрпаттағы мұсылман елі күйінде қалар еді деген де пікір бар.

1920-шы жылдардың басында бұрын да ешқашан онша күшейіп көрмеген түрік экономикасы толық қирауға жақын жағдайда еді. Осман империясы ұзақ уақыт бойы батыс елдерінің экономикалық жартылай отары, шикізаттық шылауы болып келді. Мемлекеттің белді әскери және әкімшілік күші саналатын түріктердің өзі саудада және өндірісте империяның өзге этностарына ақысын жіберіп жататын. Этностық тұрғыдан алғанда осман экономикасында армяндар мен гректердің ықпалы басым еді: 1913-1915 жылдардағы өнеркәсіп орындарының санағы бойынша өнеркәсіп капиталының 50 пайызы гректерге, 20 пайызы – армяндарға, 5 пайызы – еврейлерге, 10 пайызы – шетелдіктерге тиесілі болатын. Тұтастай алған­да, этностық түріктер импорт және экспорт операцияларымен, көтерме және бөлшек саудамен шұғылданатындардың арасында тек 5-10 пайызды құрайтын.

Мемлекет өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған елдерге қарап қорынатын мінезден құтылу үшін көп жұмыс жүргізді. Шетелдік тәжірибенің бәріне бас ие беретін әдеттің орнына “Біз тіпті батыстық жұмысшылардан, кәсіпкерлерден, банкирлерден, ғалымдардан да артық жұмыс істей аламыз” деген жаңа ұран келді. Өз күшіне деген сенімді үкілеп ұстаудың арқасында түріктер өздерінің мүмкіндіктеріне көз жеткізіп қана қойған жоқ, енді олар осы заманғы технологияларды сәтті игере алатын, нарықтық қатынастарға кіріге алатын болды.

Ұлттық экономиканы реформалаудың басты қағидаты ретінде Кемал этатизм идеясын ұсынды. Этатизм қағидаты тек мемлекеттік реттеуге және аралас эко­номика құруға ғана тірелген жоқ. Кемал үкіметі ресми түрде азаматтардың және олардың қауымдастықтарының жекеменшіктік кәсіпкерлігін жандандыруға шақырды. Алайда кәсіпкерлер саудаға, үй құрылысына, алыпсатарлыққа сұғына кірісіп, тек тез арада байып қалуды көздеді, ұлттық мүддені, өнеркәсіпті дамытуды ойларына да алған жоқ. Сондықтан да Кемал өнеркәсіп пен көліктің елеулі секторларына мемлекеттік меншік орнатты. Екінші жағынан, үкімет шетелдік инвесторларға базарларды ашып берді. Шетел инвестицияларын тартумен қатар кемалшылар үкіметі шетелдік концессияларды жоюға кірісті. Олардың бір бөлігі жойылды, бір бөлігі сатып алынды.

Үкіметтің жергілікті тоқыма өнеркәсібін қолдауының қызық бір түрі 1925 жылғы желтоқсанда қабылданған заңға сәйкес жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметкерлер отандық өндіріс матасынан тігілген киім киюге міндетті болды, тіпті ол мата шетелдікінен 10 пайызға қымбатқа түссе де солай етуге тиіс. Бағаның айырмашылығы мемлекеттік мекемелер мен муниципалитеттер есебінен жабылды.

1929-1939

1234
скачать работу

Мұстафа Кәмәл Ататүрік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ