Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұстафа Кәмәл Ататүрік

жылдардағы керемет күйзеліс түрік экспортын қысқартып, ұлттық экономикаға зардабын тигізді. Түрік лирасы құлдырап кеткен 1929 жылғы күзде үкімет шетелдік азаматтардың қатысуымен жасалатын мәмілелерге қатаң бақылау орнатты. Индустрияландыруды жеделдету үшін мемлекет зауыттар, шахталар мен электр станцияларын салды. 1930-шы жылдардың орта шеніне қарай Түркия банктердің капиталын пайдалана отырып, өндіруші өнеркәсіпті дамыта бастады, фабрикалар салуға кірісті. Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласу бағыты 1980-ші жылдарға дейін жалғасып келді, онан кейін Т.Озалдың үкіметі мемлекет меншігінен алу және жеке бастамашылықты қолдау саясатына ауысты. Жалпы, экономикадағы этатизм саясатының Түркияға бергені көп. Елдің өнеркәсіптік дамуының негізі қаланды, тек 1933-1939 жылдардың аралығында шектелімді өнеркәсіп өнімінің құны үш есе артты. 1930-шы жылдарда Түркия әлемде өнеркәсіп дамуының қарқыны бойынша үшінші орын алып тұрды. Ататүрік билік құрған кездегі Түркияның экономикалық дамуы абсолютті сан көрсеткішін басқа елдермен салыстырғанда да ерекше болды.

Түрік елінің қоғамдық және парасаттық-рухани өмірінің барлық пішіндері өзгерді. Тіпті бүгінгі күннің биігінен қарағанда да бастамалардың батылдығы мен реформалардың қандайлық шешімділікпен жүзеге асырылғандығы қайран қалдырады. “Біз өркениет жолына түсеміз, соған жетеміз… Кейіндеп жүретіндер өркениеттің буырқанған толқынына көміліп қалады… Өркениет деген өте қуатты жалын, оны елемейтіндер сол отқа күйіп, үйітіліп кетеді…”. Ататүріктің бұл сөздері өтпелі қоғамдар үшін қазір де, арада сексен жыл өткен кезде де көкейкесті. “Өркениет” дегенді “жаһандану” сөзімен алмастырса жетіп жатыр.

Түрік қоғамын жедел жаңартудың кілті оның секуляризациялануы болды. Тарихи өлшеммен қарағанда болмашы мерзімнің ішінде ислам әлемінің көшбасшысы – ірі держава өзінің өмір сүруін тоқтатты, ал оның орнына келген ел халқының 90 пайыздан астамы исламды ұстанатын әлемдегі тұңғыш зайырлы мемлекетке айналды.

Елді зайырлы мемлекетке айналдырудың жолын тазарта отырып, кемалшылар исламдық ортодоксияға ашықтан ашық қарсы шықты. М.Кемал атам заманнан келе жатқан шейх-уль-ислам – мемлекеттің бірінші үлемі лауазымын жойып жіберді. Шариғат бойынша соттауға тыйым салынды. Барлық діни мекемелер мемлекеттің қатаң бақылауына түсті. Алайда, лаицизмге – зайырлы реформаларға қарсылық кемалшылар күткеннен күштірек болып шықты. Дінбасылар өздері соншалықты жек көретін режіммен күресудің кез келген мүмкіндігін пайдаланды. Мысалы, 1925 жылғы күрдтер көтерілісін “құдайсыз республиканы” құлатып, халифатты қалпына келтіруге шақырған дәруіш шейхтерінің бірі бастады. Күрес кей-кейде тіпті аяусыз жүрді. 1930 жылы мұсылман фанатиктері жас офицер Құбылайды өлтірді. Оны қоршап алып, жерге жыққан да, “Алла акбар!” деп айқайлап тұрып, басын тот басқан арамен езгілеп кескен, сол кезде жиналған тобыр адам өлтірушілерді қолдап, айқайға басқан. Сонан бері Құбылай кемал­шылдықтың “киелі азапкері” сынды саналып келеді.

Секуляристік реформалар өте ұзаққа созылды әрі ауыр тиді. Алайда, Кемал басты мақсатына бәрібір қол жеткізді. Түркия зайырлы мемлекетке айналды, ал ислам бұрынғы ықпалынан айырылды.

Дінді мемлекеттен бөліп алғаннан кейін кең ауқымды құқықтық реформа жүргізілді. Бірнеше жылдың ішінде елде жаңа заңнамалық негіз жасалды. Ол қоғамдық өмірдің барлық қырларын қамтыды. Бұл орайда түріктің ұлттық құқығын қалыптастырудың үлгі-қалыбы ретінде дамыған еуропалық елдердің заңнамалық нормалары пайдаланылды. Университет газеттерінің бірінде сол жылдардың құқықтық кірмелілігін арқау еткен күлкілі мақала шыққан. “Түрік азаматы деп кімді айтамыз?” деген сұраққа студенттер: “Түрік азаматы деп Швейцарияның азаматтық құқығы бойынша үйленетін, Италияның қылмыстық кодексі бойынша сотталатын, Германияның іс жүргізу кодексі бойынша соттасатын, Францияның әкімшілік құқығы бойынша басқарылатын, исламның қағидалары бойынша жерленетін адамды айтамыз”, деп жауап берген.

Жаңа азаматтық кодекс қабылданғаннан кейін зайырлы билік орындары дәстүрлі қоғамның ең бір киелі тұсына – отбасылық-діни өмірге алғаш рет сұғына кірді. Көп әйел алуға тыйым салынды, заң әйелге айырылысу құқын берді, некенің бұзылуын енгізді. Түрік әйелдерінің құқықтары ер кісілермен теңдестірілді. Олар ресми қызметтерге тағайындалу мүмкіндігін, дауыс беру және парламентке сайлану құқын алды. Моногамия және гендерлік теңдік қағидаты түрік қоғамының рухына көп өзгеріс әкелді.
Тарих үкіметтің өз халқының тілін дәл Түркиядағыдай батылдықпен өзгерткен басқа мысалын көп біле қоймайды. М.Кемал тіл реформасын жаңа Түркия мен түрік ұлтын құрудың маңызды бөлігі деп қарады.

Осман империясының шек-шеңберінде түріктер көптеген этно-лингвистикалық топтардың бірі еді. Араб тілі дін мен дін заңының басты тілі болатын. Парсы тілі өнердің, әдебиет пен дипломатияның тілі еді. Әкімшілік және әскери элитаның іскерлік тілі ретінде қолданылатын түрік тілінде араб-парсы кірме сөздері бықып жүретін.

Тіл революциясы ресми түрде 1928 жылы басталды. Көп ұзамай араб әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Ұлттық жиналыстың көптеген мүшелері жаңа әріптерді бес жылдың ішінде бірте-бірте енгізуді жақтады. Алайда Кемалдың тізеге салуымен әліпби реформасы үш айдың ішінде жүзеге асырылды! Ұлттық жиналыс түрік әліпбиін енгізетін және 1929 жылғы 1 қаңтардан бастап араб әліпбиін қолдануға тыйым салатын заң қабылдады.

Республика Президенті енді ел мұғаліміне айналды.

Жаңа әліпби түрік тілінің ерекшеліктерін танытуға әлдеқайда бейімдірек еді. Жаңа ұрпақты араб әріптерін үйренуден құтқара отырып, әліпби реформасы оларды оттомандық өткен күннен, оның мәдениеті мен құндылықтар жүйесінен жұлып алуға тиісті еді.

Тіл араб-парсы кірме сөздерінен түбірлі түрде тазарып, олардың орнын түрікше баламалары алмастырды. Осы мақсатпен Мұстафа Кемал 1932 жылы тіл қоғамын құрды. Қоғам тілден алынып тасталатын жат сөздердің тізімін жасап, жариялады. Зерттеушілер олардың орнына түрік диалектілерінен, өзге түркі тілдерінен, көне мәтіндерден баламалы басқа сөздер іздестірді. Сай келетіндей ештеңе табылмаған жағдайда жаңа сөздер ойлап табылып жатты. Екінші жағынан, еуропалық тілдерден терминдер тілге кеңінен кіріктіріле бастады. Тілдің демократияландырылуы түрік қоғамындағы әртүрлі әлеуметтік топтардың арасындағы мәдени-лингвистикалық айырымды жойды және ұлтты ұйыстыруға септігін тигізді.

Кемалдық жаңартудың сипатты белгілерінің бірі түрік қоғамы өмірінің барлық қырларын батыстандыруға ұмтылу болды. Бұл ұмтылыс сондай-ақ киім-кешекті және жүріс-тұрыс қалпын өзгертуді, ататек енгізуді де қамтыды. Мұстафа Кемал бір сөзінде былай дейді: “Достарым! Өркениетті халықаралық киім біздің ұлтымызға лайықты әрі жарасады, біз солай киінетін боламыз. Бәтеңкені немесе кебісті де, шалбарды, көйлек пен пенжакты да киетін, галстукты да тағатын боламыз. Әрине, мұның бәрі басымызға не киетінімізбен бітеді ғой. Басымызға киетініміздің аты – “шляпа”.

Бір сөзінде М.Кемал паранжыға шүйлікті. “Әйелдердің бетін жауып ұстау әдеті біздің ұлтымызды күлкіге ұшыратады”, деп санады ол.

Шенеуніктердің бәрі “әлемнің барлық ұлттарына бірдей” костюм киюін талап ететін арнаулы декрет те шығарылды. Кемалшылардың бұл әрекеттеріне бірбеткей исламның көзқарасы тиісінше болды. Әл-Әзхар университетінің ректоры және Мысырдың бас мүфтиі сол кезде былай деп жазды: “Мұсылман еместің киімін киіп, соған ұқсауға тырысқан мұсылманның ақыр аяғында соның дінін қабылдаумен, сол сияқты жүріп-тұрумен тынатыны белгілі. Басқаның дініне бейімделіп, өз дінін жек көргеннен шляпа киетіндердің кәпірге жататыны сондықтан… Басқа халықтардың киімін кию үшін өзіңнің киіміңнен бас тарту деген жындының ісі емес пе?”.

Кемалшылардың Осман дәуірінен қол үзуін көрсеткен алғашқы қадамдардың бірі мемлекет астанасын Ыстамбұлдан Анкараға көшіру болды.

Ол кезде Ыстамбұл десе алдымен еске Осман империясы сарт ете қалатын. Османшылдық түріктердің өзінің мұсылман уммасына – сұлтан-халифтің барша билігін мойындайтын ондаған миллион мұсылмандар қауымына сіңіп кетуін жоққа шығармайтын. Анадолы революциясы кезеңінде Ыстамбұлда өз халқына өзі соғыс жариялап, ұлттық мүддені сатып кеткен сұлтан үкіметі тұрған болатын. Оның үстіне Ыстамбұлдың космополиттік сипаты бар: әлі күнге дейін қала халқының едәуір бөлігін гректер, еврейлер, армяндар құрайды. Ол кезде Ыстамбұлда компра­дорлық буржуазияның ұстанымы мықты еді. 1920-шы жылдарға дейін текті де бай түріктер өздерін османдар дегенді ұнататын, түріктер деп олар Анадолы даласының шаруаларын атайтын.

Анкараны жас түрік мемлекетінің жаңа саяси орталығы ретінде таңдап алу әу бастан-ақ оны қаусап қалған Осман империясының астанасына әдейі қарсы қоюдың көрінісі еді. Елдің географиялық орталығына жақындығы да Анкараны басқа қалалардан бөлектетіп тұратын.
Қаланың даңқты тарихы бар, дәуірлеген кездері де

1234
скачать работу

Мұстафа Кәмәл Ататүрік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ