Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Mycobacterium tuberculosis ультрадыбысты дезинтеграты мен липополисахаридті антигенінің моноклоналды антиденелерді өндіретін гибридті жасушалар штамдарын алу

ртты. Гибридома жасушаларын криоконсервациялағаннан кейінгі тіршілік ету деңгейі 65-70%-ды кұрады.

Келесі зерттеуде асцит сұйыктығының моноклоналды антиденелерінің белсенділігі мен телімділігі Mycobacterium туысына жататын әр түрлі бактерия ангигендерін колдану аркылы иммунды ферменттік талдаудың жанама әдісіне анықталды. (6-кесте).

Кесте 6 — Моноклоналды антиденелердің белсенділігі мен телімділігін иммунды ферменттік талдаудың жанама әдісіне тексеру натижесі

Микобактериялардың тұтас жасушалары

МКА телімділігі

1Д7А2

2С10F3

1G3H2

M. tuberculosis

1:204800

1:204800

1:102400

M. bovis 8

1:400

1:800

1:400

M. intracellulare

ТН

ТН

ТН

M. avium

TH

TH

TH

M. scrofulaceum

TH

TH

TH

M. kansassii

TH

TH

TH

M. fortuitum

TH

TH

TH

M. phlei

TH

TH

TH

Ескерту: TH – теріс нәтижесі

6-шы кесте мәліметтері бойынша 1Д7А2, 2С10FЗ және 1G3Н2 гибридом штаммдарының моноклоналды антиденелерінің Мусоbacterium tuberculosis жасушаларымен 1:102400-1:104800 титрде әрекеттесе, Мусоbacterium bovis жасушаларымен 1:400-1:800 титр аралығында ғана байланысқа түсіп отыр. Ал Мусоbacterium avium, іпtracellulare, scrofulaceum,, каnsassii, fortuitum және рhlеі түрлерімен әрекеттеспейтіндігі анықталды.

Басқа микобактериалды антигендерге қатысты МКА телімділігін талдауда 1Д7А2, 2С10F3 және 1G3Н2 гибридома штаммдары синтездейтін моноклоналды антиденелер Мусоbасterium bovis шт. 8. тұтас жасушасы компоненттерінің кұрамынан туыстас эпитоптар аныкталды. Мусоbacterium аvіит мен атипті микобактериялардың (М. рhіеі, М. scrofulaceum) тұтас жасушалары құрамында зерттелетін штаммдардың МКА танитын эпитоптары жоқ екендігін айта кеткен жөн. Бұл М. tuberculosis-тің тұтас жасушасына тән эпитоптарға моноклоналды антиденелердің барлықтарының да телімділігінің жоғары екендігін дәлелдейді.

Моноклоналды антиденелердің класын анықтау тышкандардың иммуноглобулиндеріне ІgМ, ІgА, IgG, ІgG2, ІgG2b (Sigma, США) қарсы монотелімді қан сарысуларын қолдану аркылы диффузиялык преципитация реакциясында (ДПР) жүзеге асырылды.

Аталмыш тәсілді жүргізу барысында монотелімді қан сарысуы мен МКА үлгілері бар шұңқыршыктарының араларында анык преципитация сызығы пайда болғанын көреміз. Қорыта келе моноклоналды антиденелердің барлық үш түрі де IgG1 класына жататындығын дәлелдеп берді.

Аффинділік байланыс константын анықтау көмегімен сандык түрде өлшенуі мүмкін. 1Д7А2 жэне 2С10FЗ штаммдарының моноклоналды антиденелерінің өз антигендерімен байланысу константасы сәйкесінше 1х10‾8М және 1х10_9М болады. Ал 1G2Н2 штамының моноклоналды антиденелері жоғарыда көрсетілген антиденелермен салыстырғанда төмен аффинділікке ие болды. Алынған МКА түрлерінің иммундыхимиялык сипаттамасын зерттеу бойынша алынған мәліметтер 7-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 7 — Гибридом штаммдары МКА иммундыхимиялык касиеттері

Гибридом штамдары

Антидене кластары және класс тармақтары

Байланысу константысы

МКА мөлшері

Антиденеге алынған ақуыздың салмағы, кДа

дақылда мкг/мл

асцитте мг/мл

1Д7А2

IgG 1

1х10‾8

10,0

8,0

20,8

2C10F3

IgG 1

1х10_9

10,0

8,0

20,8

1G3H2

IgG 1

1*10_7

5,0

4,0

20,8

     Иммуноглобулинді препараттарының тазалығын зерттеу мақсатында аммоний сульфатымен тазартылған МКА 0,1% натрий додецилсульфаты бар 10% полиакриламидті гельдегі электрофорез әдісімен талданды.

Электрофорез нәтижесінде МКА барлык түрлері молекулалык салмақтары 60 кДа жэне 20 кДа болатын екі ақуызды фракцияға бөлінді, бұл иммуноглобулиндердің ауыр және жеңіл тізбектеріне сәйкес келеді. Электрофореграммада баска жолақтар байқалмады, бұл зерттелген моноклоналды антиденелердің тазалығын көрсетеді.

Сонымен, 1Д7А2, 2С10FЗ және 1G3H2 штамдарының түзегін МКА мен иммундыхимиялык қасиеттері жағынан антигендерге койылатын талаптарға сәйкес келеді және оларды жұкпалы ауруларды, соның ішінде туберкулез балауына арналған иммунды ферменттік тест-жүйесін әзірлеуге қажетті негізгі препарат ретінде пайдалануға болады [6].

1234
скачать работу

Mycobacterium tuberculosis ультрадыбысты дезинтеграты мен липополисахаридті антигенінің моноклоналды антиденелерді өндіретін гибридті жасушалар штамдарын алу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ