Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Mycobacterium tuberculosis ультрадыбысты дезинтеграты мен липополисахаридті антигенінің моноклоналды антиденелерді өндіретін гибридті жасушалар штамдарын алу



 Другие рефераты
БАЛЛЫРЛАР ОРТАСЫНЫҢ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Адам туберкулезінің серологиялық балауында моноклоналды антиденелерді колдана отырып ИФТ және ИФР әдістерін кою Туберкулез антигенін алу және олардың сипаттамасы Изоферменттерді гистохимиялық бояу

BALB/c тышқандарын иммундеудің бірінші күні құрсақ ішіне әрбір антигенді 100 мкг мөлшерде, Фрейндтің толымсыз адъювантымен (Gibco, США) тең мөлшерде араластырылып енгізілді. Иммундеудің 7,11, 12, 13 – ші күндері тышқандарға pH 7,2 – 7,4 болатын буферленген физиологиялық ерітіндіде араластыру арқылы 100 мкг антигенді енгіздік. Cоңғы иммундеуден үш күн өткен соң тышқандардың қан сарысуындағы телімді антиденелердің титрлері қатты фазалы иммунды ферментті талдау тәсілімен анықталды.Кесте 1.

Кесте 1 – Иммунды ферменттік талдаудың жанама тәсілімен BALB/c тышқандарының қан сарысуында түзілген антиденелер титрін зерттеу нәтижесі

Тышқандар топтары

Иммундеуде қолданылған антигендер

Телімді антиденелер титрі

Mycobacterium tuberculosis УДД

Mycobacterium tuberculosis ЛПС

I

M. tuberculosis УДД

1:25600

1:100

II

M. tuberculosis ЛПС

1:400

1:12800

Ескерту: УДД – ультрадыбысты дезинтеграт ЛПС — липополисахарид

1 – ші кестеден көргеніміздей, ұқсас антигенге қарсы Mycobacterium tuberculosis УДД – пен иммунделген тышқандардың қан сарысуындағы телімді антиденелер титрі ИФТ – да 1:25600- ге жетті. ЛПС – пен иммунделген тышқандардың қан сарысуындағы антиденелер өз антигенімен 1: 12800 титрде байланысқа түсті. Жоғарыдағы антигендерге қарсы пайда болған антиденелер арасындағы әлсіз қиылысқан реакцияның байқалуы қолданылған препараттар детерминанттарының арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың бар екендігін дәлелдейді.

Сонымен, біз колданған Мусоbасtеrіит tиbесиlоsis УДД антигені мен Мусоbасtеrіит tuberculosis-тің липополисахаридімен ВАІВ/с тышкандарын иммундеу сызбасы, қолданылған антигенге қарсы антиденелердің жеткілікті мелшерде ілуіне мүмкіндік беріп, тәжірибедегі жануарлар организмнің иммунды жүйесін күшейтуге толығымен жарамды болды. Бұл спецификалық антнденелерді өндіретін В-лимфоциттер клондарының белсенді индукциясын көрсетеді.

Тышкандардың әрбір антиденелер титрі тобынан максималды болған жануарлар таңдалып алынды, олардың көк бауырлары иммунды лимфоциттердің көзі ретінде колданылды. Тышкандардың лимфоциттерін Х63- Аg 8.6.5.3 линиялы миеломды жасушалармен гибридизациялауды ПЭГ-4000 қатысуымен жүргіздік.

Гибридомалардың телімді антиденелерді өндіретіндігін өскен ортаның аздап сарғаюы байқалганда және гибридом жасушалары ұяшық беткейі көлемінің 30%-ын алғанда тестілеуді бастайды.

Иммунды спленоциттер мен миелома жасушаларын будандастыру нәтижелері 2-ші кестеде көрсетілген

Кесте 2 — Мусоbасtеrіит tuberculosis-тің ультрадыбысты дезингегратымен егілген ВАІВ/с тышкандардың лимфоциттері мен миелома жасушаларын будандастыру нәтижелері

Будандастыру реті

Иммунеуде қолданрылған антигендер

Миелеломды жасуша мен спленоциттердің қатынасы

Жасушалар себілген шұңқыршарлар саны

Гибридті жасушалары бар шұңқыршарлар

саны

%

1

M. tuberculosis УДД

1:10

384

90

23,4

2

M. tuberculosis ЛПС

1:10

384

60

15.6

Ескерту: УДД – ультрадыбысты дезинтеграт ЛПС — липополисахарид

2-ші кестеден көргеніміздей, будандастырудың нәтижесінде М. tиbеrсиlоsіs-тің ультрадыбысты дезинтеграты ақуызды антигенімен иммунделген тышқандардың спленоциттері мен миелома жасушаларының гибридизациялау кезінде жақсы көрсеткіш байкалып отыр. Гибридомалардың өсуі 384 себілген барлык ұяшықтың 90-ында байкалды, яғни жасушалардың будандасуы 23,4% кұрады. Липополисахаридті антигенімен иммунделген жануарлар лимфоциттерін колданған жағдайда бұл көрсетіш 60-қа немесе 15,6 %-ға тең болды.

Жасуша гибридизациясының біз кол жеткізген жоғары дәрежесі ИФТ-да телімді антиденелерді түзуші гибридті клондарды анықтау жұмыстарын бастауға мүмкіндік берді. Гибридомалардың спецификалык антиденелер өндіруін тестілеу тышқандарды иммундеуге қолданылған микобактериалды антигендер көмегімен жүргізілді (3-кесте).

Кесте 3 — Гибридомалардың өсінді сұйықтығын ИФТ-да тестілеу нәтижелері

Антигендер

Түзілген гибридомалардың саны

Антигендерге телімді антиденелерді түзетін клондар

саны

(%)

M. tuberculosis УДД

90

15

16,6

M. tuberculosis ЛПС

60

10

16,4

Ескерту: УДД – ультрадыбысты дезинтеграт ЛПС — липополисахарид  

3-ші кесте көрсеткіштері бойынша будандастыру нәтижесінде пайда болған 90 гибридоманың 15-і ультрадыбысты дезинтегратының ақуызды антигендеріне телімді антиденелерді синтездейтіндігі байқалса, М. tuberculosis-тің ЛПС антигенімен иммунделген тышкандардың лимфоциттері мен миеломаларын будандастыру нәтижесінде пайда болған 60 гибридті жасушалардың небары 10-нан немесе 16,4%-нан ғана аталмыш антигенге телімді антиденелер анықталып отыр.

Моноклоналды антиденелерді тұрақты синтездейтін клондарды іріктеу мақсатында алынған гибридомалардың белсенділігі иммунды ферментті талдау көмегімен арасына 3-4 күн сала отырып бес рет тексерілді (4-кесте).

Кесте 4 — Гибридті жасушаның скрининг нәтижелері

Гибридомалардың атауы

Гибридті жасушалардың антиденелік белсенділігі

&

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Нитрид бора и его физико-химические свойства
Древний Египет
Вторая Камчатская экспедиция
Волны в упругой среде. Волновое уравнение


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ