Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары
лмаған ауыр жұмыстардан адамдарды екінші ауысымдағы квалификацияланған жұмыстарға ауыстыруға мүмкіндік жасайды.
Көтеру-тасымалдау, жүкті тиеу және түсіру және қоймадағы жұмыстарды механикаландыру қарқынын жеделдету өнеркәсіп кәсіпорындарда негізгі және қосалқы өндірісті механикаландыру деңгейінде орын алатын диспропорцияларды жою үшін, қосалқы жұмыстардың біраз көлемін босатуда, жұмысшы күштермен негізгі цехтарды толықтыруды қамтамасыз етету үшін, жұмыс күшін қосымша тартусыз жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда өндірісті кеңейту және кәсіпорындардың жұмыстарының ауысымдылық коэффициентін көбейтуде негіз болып табылады. Жұмысшы күште тапшылықты сезінетін ірі қалаларда жабдықтарды қайта құрастыру, кеңейту, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жолымен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын негізгі қорларды пайдалануын жақсартуда мәселені шешуде өте маңызды рөлды алады.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін көтерудің маңызды жолы бұл жабдықтардың артық санын азайту және орнатылмаған жабдықтарды жедел түрде іске қосу болып табылады. Еңбек құралдарының көп санынын жұмыс істемей тұрғаны өндірісті өсіруге мүмкіндікті азайтады, физикалық тозуына байланысты өнімде затталған еңбектің тікелей жоғалтуларына әкеліп соқтырады, өйткені ұзақ уақыт бойы сақталынып тұрған жабдықтар іске қосуға жарамсыз болып қалады. Жақсы физикалық жағдайда тұрған басқа жабдықтар моралдық тозған болып шығуы мүмкін және олар физикалық тозған ретінде есептен шығарылады.
Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту көп жағдайда кадрлардың біліктілігіне әсіресе машиналарға, механизмдерге, агрегаттарға және өндірістік жабдықтардың басқада түрлеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың шеберлігінен тәуелді.
Жұмысшылардың жұмыстарының творчестволық және жауапкершілікпен орындалуы негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда маңызды шарттарының бірі.
Белгілі болғандай моралдық және материалдық ынталандыру жүйені жетілдіруден көп жағдайда негізгі қорларды пайдалану деңгейі тәуелді. Жоспарлаудың және экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайларында жұмыс жасайтын өнеркәсіп кәсіпорындарда техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау жаңа экономикалық механизм, оның ішінде өндірістік қорлар үшін төлемдерді еңгізу, көтерме бағаларды қайта қарастыру, рентабелділік деңгейін анықтау үшін жаңа көрсеткіштерді пайдалану, кәсіпорындарда марапаттау қорларды ұйымдастыру негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартуға ықпалдасады.
Технология бойынша жаңа ұсыныстарды еңгізу жолымен еңбек өнімділігін көбейтуде өндірістік жұмысшылардың талпыныстарын естен шығармау керек, бұл орайда қорларды жаңарту үшін марапаттаудың мақсаты оны тиімді өткізуде жұмысшыларда материалдық қызығушылықты туғызуға бағытталған. Жаңа техника бойынша шаралар үшін марапаттау жүйенің негізінде келесі қағидалар жатыр:
-негізгі құралдарды жаңарту бойынша жұмыстардың барлық кезеңдерінде ынталандыру жүргізу, оның ішіне ғылыми-техникалық және жобалық-құрастырушылық бөлімшелердің қызметкерлеріне сый ақыларды төлеу де жатады.
-негізгі қорларды жаңартатын жұмысшыларды алдымен марапаттау;
-жұмысты атқаруда өзіндік қосқан үлесі бойынша белгілі бір жұмысшыларға арнайы сый ақылардың көлемін анықтау.
Өнеркісіптің басқарудың барлық звеноларында құрастырылатын негізгі қорларды пайдалануды жақсарту бойынша кез келген шаралардың кешені өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуын қамтамасыз етуді көздеу керек, ең алдымен шаруашылықтың ішіндегі резервтерін тиімді және толық пайдалану есебінен және машиналар мен жабдықтарды анағұрлым толық пайдалану жолменен, ауысымдылық коэффициентін көтеру, жұмыссыз бос тұрып қалуын жою, жаңадан іске қосылатын күш-құатты меңгеру мерзімін қысқарту, өндірістік үрдістерді әрі қарай интенсивтендіру. Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда жұмысшыларды материалдық ынталандырудың орны өте маңызды.
3.2 Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі капиталдың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнің өзіндік құнына қосылатын сомасы.
Амортизация ұдайы өндірісте негізгі қорлардың тозу орнын толтыру үшін қаржы жинақтау түрін білдіреді. Амортизацияның міндеті — негізгі қорлардың тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялық қор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, амортизация өндірісті бұрынғы қалпында ұстап тұратын жай ұдайы өндіріс көзі болып табылады. Бірақ, амортизациялық аударымдар негізгі қорлар қызметін аяқтаған соң ғана қалпына келтіруге жұмсалады. Сол себепті, осы кезең ішінде көрсетілген төлемдер резервтік қор түрінде сақталып, толығымен тозған еңбек құралдары табиғи түрде қалпына келтіруді кажет еткенше тұрады. Бұл уақыт жеткенге дейін машиналар құны резервтік ақша қоры түрінде жинала береді. Демек, амортизациялық қордың өзі жинақтау көзі болып табылады.
Амортизация ұдайы даму өндірісінің көзі болып та табылады, себебі біріншіден, уақыт өте келе еңбек құралдарын жасау жөніндегі еңбек өнімділігі арта түседі де негізгі қорлар арзандайды, екіншіден, техникалық серпілістің нәтижесінде еңбек құралдары жаңа, едәуір жетілдірілген техникаға алмастырылады, үшіншіден, қайсы бір негізгі қор түрінің қызмет мерзімі біткенге дейін жинақталып жатқан амортизациялық қор айналымға түсіп, жаңа құн жасалынады.
Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылғандықтан, оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс (кейбір авторлар талабына сәйкес). Бұл жерде мынадай сауал туындайды: «Амортизацияны қалай жүзеге асыру қажет — бастапқы құн бойынша ма, әлде қалпына келтіру құнына сәйкес пе?» Теориялық жағынан, амортизацияны қалпына келтіру құны бойынша жүргізу қажет, өйткені негізгі қорлар, ұзақ уақыт бойы техникалық серпілістің ықпалына түсе отырып, өзінің құнын өзгертеді. Ал бұл жағдайда, негізгі қорлардың кең көлемде ұдайы даму өндірісінің мүмкіндігі кемиді және ең бастысы, оларды жыл сайын қайта бағалап отыру қажет болады. Сондықтан, негізгі қорлар бастапқы құны бойынша амортизацияланады.
Сондай-ақ, амортизация өндірістік үдеріске қатысу сипатына байланысты емес, өнеркәсіп саласы мен кәсіпорын теңдестігінде тіркелген барлық негізгі қорларға жүргізілетіндігін есте сақтаған дұрыс.
Амортизациялық қорды дәл санау үшін амортизациялық мөлшердің негізделінген жүйесі қажет. Амортизациялық мөлшер деп негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызын айтады. Бұл мөлшерлер экономикалық тұрғыда негізделген, мемлекет деңгейінде бекітілген болуы тиіс және біртұтас әдістемелік есептеу қағидаларына сүйенуі керек. Техникалық серпілістің, негізгі қорларды пайдалану шарттарының өзгеруіне қарай амортизациялық мөлшер де жүйелі түрде қайта қаралып отыруы тиіс. қты амортизациялық мөлшерді бекітуде еңбек кұралдарына негізделген қызмет ету мерзімін анықтау аса маңызды, әрі күрделі жағдай туғызып отыр. Ең алдымен, негізгі қорлардың жекелеген түрлерінің өзгеріс беталысы туралы түсінік алу үшін олардың нақты қызмет еткен мерзімін статистикалық әдіспен анықтау қажет. Бұл әдістердің, әсіресе негізінен заттық тозу факторымен анықталатын ғимараттар мен құрылымдардың қызмет ету мерзімін анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ негізгі қорларды қайта бағалау құжаттарын пайдалануға болады. Сарапшылық жолмен тозу пайызы мен қалдық қызмет мерзімі анықталып, соның негізінде толық қызмет ету мерзімі табылады. Бірақ бұл әдіс әр кісінің пікіріне байланысты, әрі сапалық тозуды ескермейді.
Негізгі қорлардың қызмет еткен мерзімін толық жөндеуге жұмсалған шығындарға сүйене отырып анықтау әдісі де назар аударарлық, яғни еңбек құралы оны толық жөндеуден өткізу шығыны бастапқы құнынан асып түскенге (жеткенге) дейін қызмет етеді. Бұл әдіс мейлінше шындыққа жақын болғанымен, құрал-жабдықтың нақты ауыстыру мүмкіндігі мен материалдық тозуды ескермейді.
Өндіру саласындағы негізгі қорларды қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу тұрғысынан жылжымалы (машиналар, құрал-жабдықтар, саймандар т.б.) және жылжымайтын (ғимараттар, кұрылымдар, өткізу кұралдары) деп бөлуге болады.
Егер бірінші топ үшін өнеркәсіптің басқа салаларындағыдай негізгі қордың қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу әдісі қолданылатын болса, жылжымайтын қор бөлігі үшін ол басқаша жүргізіледі. Негізгі қорлардың бұл элементтері пайдалы қазбаның кен орнымен біртұтастықты құрайды және олардың қызмет ету мерзімдері кен орнындағы өңдеу жұмыстарының уақытына, дәлірек айтсақ, осы кен орнындағы өңдеуші тау-кен кәсіпорнының қызмет ету мерзіміне байланысты. Олар басқа нысандарға жатпайды. Тау-кен кәсіпорнының қызмет мерзімі кеніш қорының мөлшеріне және жылдық өндіру көлеміне байланысты болғандықтан, оны анықтау үшін оңтайлы қызмет мерзімі мен жылдық өнімділігін білу кажет. Өндіруші кәсіпорындардың негізгі қорларының жылжымайтын бөлігінің қызмет ету мерзімі де осы секілді болады (әрине, олардың кейбірі бұкіл кәсіпорынның қызмет мерзімінен аз қызмет етеді, мысалы, кейбір тау-кен қазбалары шектеулі уақыт қызмет етеді).
Бірнеше жүздеген жыл қызмет ететін нысандардың амортизациясы да (дамбалар, плотиналар, каналдар, темірбетонды және тас көпірлер және т.б.) ерекше қызығушылық тудырады. Бірақ қызмет ету мерзімі аса ұзақ болып табылатын бұл еңбек құралдары да міндетті түрде амортизациялауды қажет етеді, себебі оларды құруға аса көп қаржы жұмсалған. Бірақ, қазіргі кезде олардың қызмет мерзімі тым жоғары (кейде 500 жылға дейін), ал амортизациялау мөлшері өте төмен болып отыр. Демек, осы тәріздес нысандардың неғұрлым
| | скачать работу |
Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары |