Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары

негізделген қызмет мерзімін анықтау қажеттілігі туындайды.
Өндірістік негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі деп олардың өндірісте өзінің бастапқы мақсатына сай қызмет еткен уақыт кезеңін айтамыз. Бұл мерзімге негізгі қорлардың заттық және техникалық іс-әрекет сипаты сәйкес келмейді, себебі, біріншісі шектеусіздеуге болса, ал екіншісі олардың қызмет ету мерзімінің өзгеруіне байланысты. Қызмет ету мерзімі амортизациялық кезеңмен де (мөлшерлі қызмет ету мерзімі), амортизацияны санау мерзімімен де сәйкес келмеуі мүмкін.
Іс жүзінде өнеркәсіптегі құрал-жабдықтың орташа жасы оның мөлшерлі қызмет ету мерзімінен аспайды, бұл жағдай ескі құрал-жабдық үлесінің артуына себеп болады. Мұны былай түсіндіреміз: жаңа құрал-жабдықты жасап шығару көлемі техникалық жағынан ескірген кұрал-жабдықты алмастыра алмайды, осыған байланысты өнеркәсіп өндірісінің тиісті ауқымы мен тиімділік деңгейін қамтамасыз ете алмай-ісінде қалдырылады. Ақаулық ведомосы мен тапсырыс нөмірі негізінде қоймадан қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, өнім жасауға арналған жұмыскер киімін алу үшін кұжат толтырылады.
Жөндеумен байланысты барлық шығындар өндірістік шығындар пайда болған кезеңдегі шығындарға қосылады.
Амортизациялық мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін: ол уақыт бірлігіне (бір жылға) — негізгі қор құнының пайыздық бөлігі (%); шығарылатын өнім бірлігіне — теңге; жұмыс бірлігіне (тонна — км жүріс жолы, ұшу сағатына) сәйкес белгіленеді. Өнеркәсіпте амортизациялық мөлшерлерді белгілеудің алдыңғы екі әдісі қолданылады.
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді.
Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсініледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. Амортизациялық мөлшерлерді анықтау кезінде негізгі қор құнының орнын толтыру кағидасы мен мөлшерлердің қолданылу уақытын да ескеру қажет.
Амортизациялық мөлшерлерді белгілеу сипатына қарамастан әр түрлі құрылуы мүмкін: егер негізгі қорлар құны олардың қызмет ету мерзімі ішінде тең бөліктермен өтеліп отыратын болса — біркелкі мөлшермен (бір қалыпты әдіс), үдемелі түрде — өспелі және кемімелі мөлшер (жеделдетілген әдіс) арқылы кұрылуы мүмкін.
Дәстүрлі отандық тәжірибеде амортизацияны бір қалыпты мөлшер бойынша есептеу әдісі неғұрлым колайлы болып келген. Бұл әдіс негізгі қорлардың пайдаланылу уақытына сүйенеді де, амортизациялық мөлшерін құрал-жабдықтың өнімділігімен немесе басқа да өндіріс жұмысының сипаттамаларымен байланыстырмайды (үдемелі немесе кемімелі мөлшерде дәл осылай жүреді). Сонымен бірге, орташа мәндерге негізделген бұл әдіс өнеркәсіпте амортизацияны жоспарлауды жеңілдетуге және есепке алуға мүмкіндік береді. Негізгі корлардың тез тозуына әкелетін қалыпты жұмыстан ауытқулар (химия өнеркәсібінің коршаған ортаға зиянды әсері, құрал-жабдыкқа жоғары жүк салмақ түсуі және т.б.) түзету коэффициенттері арқылы ескеріледі.
Амортизацияны есептеуде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
а) кұнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі;
ә) құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көле-міне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс);
б) жылдамдатып есептеп шығару әдістері: қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;
в)сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік әдіс).
Әр түрлі негізгі капиталға түрлі әдіс қолдануға болады. Субъектінің таңдап алған амортизациялық аударымын анықтау әдісі есептік саясатқа сәйкес және бір есептік кезеңнен екіншісіне өтерде бірізділігін сақтауы тиіс.
Бюджеттік мекемелер бойынша негізгі капиталдың тозуын есептеу әдісін таңдау құкығы өкілетті органдарға, яғни мекемелерге қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік орғандарға беріледі.
Амортизацияны бір қалыпты есептеп шығару (түзу сызықты) әдісі. Ең қарапайым болып табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделінген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталдың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Негізгі капиталды пайдалану барысында тұрақты бірдей табыс алынатын болып топшыланса ғана, бір қалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол нысанның пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.

123
скачать работу

Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ