Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Несие, оның мәні мен қызметтері

қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді екенін дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін


- 6 -
салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары а ғылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай – ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы” деген атауға ие болды.Олар несиеің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
1929 – 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстарстың және екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа, табыс – бағаға әсер етеді. Сондай – ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындады.
Батыс және Еуропамен 24 – тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа Одағы АҚШ – тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай – ақ ол енді енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасалуда.Бірақ,бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды,ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму

- 7 -
тұрғысынан енді – енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда. Оқулықтың алдыңғы бөлімінде атап өткеніміздей, М. Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізуге болып отыр.
Қазақстан да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 – 1997 ж ж. өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.























- 8 -

1.2. Несие түрлері

Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс - тәсірибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелену объектінің экономикалық белгілірі бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай – ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;
- төлем несиелері;
ә) қамтамасыз етілуі бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ – пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік .
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп бөліп төлеу (мерзімінің ұзарту);
- бір жолғы өтеу
- кезең сайын бір қалыпты(бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- cенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);
- жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);
- пайызсыз.


- 9 -
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда - саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шаруашылық несиесі;
- құрылыс несиесі;
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокорренттік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие.
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі сауда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие ( ағылшынша revolve – айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) – сауда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.
Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтмақтастығын білдіреді.
Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясинда несиелеу) несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап ақшалай қаражат болмаса, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегіне беріледі.
Коммерциялық несие. Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің

- 10 -
ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады.Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге жағдай тудырады.
Вексель – бұл сатып алушы –қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Вексельдің қолдан оған өтуі бар
1234
скачать работу

Несие, оның мәні мен қызметтері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ