Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Несие, оның мәні мен қызметтері

ысында табыстау жазбасы–индоссамент жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.
Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістін ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Қазақстанда ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының құлдырауынан және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы сенімінің азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.
Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық – түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар- жағар май материалдарын, тұқымды, минералды тынайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын – ала төлемін қамтиды.
Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы алғашқысына вексельді,яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді.Бұл вексель банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы) мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға болады. Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.
Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.


- 11 -
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).
Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.
Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты саудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.
Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма – қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма – қол ақшамен беріледі.
Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастылған мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан

- 12 -
құқық қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.
Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда мұндай несиені тек банктің қаржы несие мекемелері ғана беріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. береді. Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Coндай – ақ, қарыз алушылырдың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және xaлықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да және т.б. алады.
Банктің несие салымдарының мқлшері несие ресурстарына байланысты болады. Бүгінгі таңда банктердің мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес, сонымен қатар, клиенттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары, банкаралық нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы несие институттарынан алынатын қарыз қаражатты құрайды.
Осылармен бір мезгілде ҚР Ұлттық банкі өзінің ақша несие саясаты арқылы экономиканы несиелейтін саланы да реттеп отырады. Ол банктердің несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен экономиканы несиелеудің аясын тарылтады. Бұл несиенің тек экономикалық қана емес, сонымен бірге, әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді.
Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлыр сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді пайдаланумен беріледі.
Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда (2001- 2004жж.) экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. ЖІӨ - дегі ссудалық қоржын 1.01.2002ж. 15,0% - ды құраған болса, 1.01.2005ж.-32,7%,яғни, 2еседен көп.
1.01.2005ж. несие салымдарының құрылымы:
- қысқа мерзімді несие - 499%;
- орта мерзімді неисе(1жылдан 5жылға дейін)- 30,2%
- ұзақ мерзімді несие(5жылдан жоғары)-19,9%
Тұтыну несиесі. Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай – ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатысты тұтыну несиенің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарапта болуы мүмкін, мысалы, тауарларды

- 13 -
несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10 – 12 % - ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қолды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16 – 18 % - ды құрайды.
Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілу мүмкін. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.
Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.
Несиелеу объектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік ( шұғыл мұқтаж ) несиесіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алу несиесінде, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді.
Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.
Ол ұзақ пайдалануға жарамды тауарлардың салыстырмалы түрде жоғары бағасы мен халықтың ағымдағы табысы арасындағы және халықтың бір тобындағы ақша қорланымы мен оны басқа топтың пайдалану қажеттілігі арасындағы екі қарама қайшылықты шешіп береді. Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен. Мәселен, сатып алушылард
1234
скачать работу

Несие, оның мәні мен қызметтері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ