Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Несие, оның мәні мен қызметтері

ың ұзақ мерзімі борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банкінен несие алу үшін пайдаланады. Түтынушыларға несие банкінен тікелей беретін болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы несие қатынасының артық буыны жойылады.
Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырады.


- 14 -
Сондықтан да сонғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда ұйымдарында қалады.
Өнеркәсібі дамыған елдерге тұтыну несиесінің бірнеше түрі пайдаланады. Алайда, олардың арасында тауарды төлем мерзімін ұзату мен сатудың үлес салмағы басым.
Тауарды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы жарнама мен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзарту мен сатуда тауардың бағасы коммиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан жоғары көтеріледі.
Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды роль атқарады. Осыған орай, ол мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банк және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.
Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну несиесін алудың, атап айтқанда қолма қол ақшамен төленетін тауар бағасын арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті шарттар еңгізіледі.
Инфляция жағдайда, керісінші, қолма қол ақша мен төлеудің үлесі артады, несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды.
Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады.
Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс жинақ ақша банкісі құрылды. 2004 жылғы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 122,1 милрд. теңгені құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 9,4% - ды құрады.
Ипотекалық несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотеқалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
- ипотекалық несие бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиеегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең сенімді несие ретінде саналады:
- ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй жағдайлары қаржыландыру, сатып алу, тұрғын үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;
- ипотекалық несие, әдетте,10 – 30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.


- 15 -
Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартқа кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.
Ипотекалық несиелеудің жүйесі икемді болуы үшін ұдайы жетілдіріп отырады. Мәселен, дамыған елдерде мыналар болады:
- өлемдері кезең сайын өсетін ссуда: алғашқы бес немесе ол жылда борышқордың шығысын тұрақты өсіруді қарастырады;
- төлам сомасы өзгеріп отыратын ссуда: жеңілдікті кезеңнің болуын ұйғарыды, мұнда борышқор тек пайыздарды ғана төлейді. Жүктемені бөлудің мұндай тәсілі борышқорға үлкен пайда береді;
- пайыз мөлшерлемесі өзгермелі ипотека пайыз мөлшерлемесінің деңгейі келісімшартта нақты шама түрінде тіркеледі әрі қандай да бір нақты көрсеткішке немесе ирдекске байланатын болады. Мөлшерлемелер жарты жылды бір рет қарастырылады.
Ипотекалық несиені ресімдеуде негізгі құжаттарға кепілхат, вексель және өзге де бағалы қағаздар жатады. Бұл құжаттарға ипотекалық компания шығаратын ипотека облигациялар секілді құнды қағаздардың қайталама нарығында баға белгілеуі мүмкін. Бұл арада кепілхат ссуда бойынша кепілге салынған мүліктің заңды меншік құқығын несиелерге беруді ұйғаратын құжат болып табылады. Жылжымайтын мүлік аясындағы кепілхат ипотека несиенің негізгі қамтамасыз етушісі болып табылады. Онда несие келісімшарты бойынша борыштарды төлеу жөніндегі қарыз алушының міндеттемесі, пайыз, салық, алымдар және меншіктен өндіріліп алынатын өзге де төлемдер нақты көрсетіліп, сонымен бірге, оны бүлінбеген қалпында сақтау, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, оны басқа тұлғаға кепілдік аясында беруге тыйым салынатыны және т.б. айтылады.
Өзіндік қаражат, ипотекалық облигациялар және клиент шотына тартылған ресурстар банктің несие ресурстарын құрайды.
ҚР “Ипотека туралы” заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.
Республиканың ірі банктері ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.
2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайды Қазақстандық ипотеке компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министірлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс –жинақ ақша банкісінің құрылуы жағымды әсер етті. ҚИК 300 және 500 млн


- 16 -
сомаларында ипотекалық облигацияның екі шығарылымын шығарып үлгереді және оларды сәтті орналастыра білді. Қазақстанда ипотекалық несиелеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Халықаралық несие. Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен үғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ол төлем балансының тапшылығы(экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.
Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалар және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және банктер халықаралық несиені жиі пайдаланады. Бұл белгілі бір реттеуді және шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақталуы және сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсету бойынша өсе түскен төлемдер мемлекеттің қаржылық – валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі мүмкін.
Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық – несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.
Меншік формасы бойынша халықаралық несие мемлекеттік, жеке және аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені жиі алады,
яғни несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз алушы елдің валютасында, үшінші елдің валютасында берілуі мүмкін. Халықаралық несие формасы бойынша коммерциялық және банктік несиелерге бөлінеді.
Коммерциялық немесе фирмалық несие сыртқы саудамен және қызмет көрсетулермен тікелей байланысты болады. Оны, әдетте, басқа елдердегі әр түрлі коммерциялық құрылымға ие компаниялар, фирмалар вексельдің көмегімен тауарлы формада береді. Экспорттаушы тауарды тиегеннен кейін аударылатын вексельді импорттаушыға қояды.

1234
скачать работу

Несие, оның мәні мен қызметтері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ