Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Несие тұралы ұғым және оның пайда болуы



 Другие рефераты
Несиенің формалары және түрлері Несиенің қажеттілігі және мәні Қаржы секторын тұрақтандыру Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. өйткені, нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.

Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым – қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.

Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы  әр түрлі  түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп ( әңгіме төленетін процент жөнінде ), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама – қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетіп, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама – қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беру қажет. [ ] Бұл сауалдың жауабын жұмысымның келесі бабында толығымен талқылаймын.

 

Ақшадан кейін  несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады. Мен осы пікірмен толығымен келісемін. Себебі, қол жеткізе алмай жүрген ісіңе немесе қандай да болмасын тауарларды сатып алуға немесе ісіңді алға басуда,  қазіргі таңда  банктер тарапынан үлкен жәрдем көрсетіліп жатыр.

Әзірше, қазақстандықтардың бәрі бірдей несие алып оны өтеуге қол жеткізе

алмайды. Бірақ, жұмыс жасап жүрген әр адам несие көмегімен қажеттіліктерін қанағаттандыратын уақыт та көп кешікпей келетін болады деген сенімдемін.

Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүдіктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық ( ростовщиченский ) несие деп аталды.

Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер – көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкенрер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс — әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгеінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті.

Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 %- дан 43 %- ға дейін көтеруге, ал кей жағдайларда 100 — 200 % -ға жеткізуге рұқсат етілді. Ескі өндіріс әдістері ыдырап, жаңа әдістер пайда болуына негіз дайындалды.

Сөйтіп, несинің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті. [98-99]          Сонымен,

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементі.

Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу керек.

Тауар  айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:

Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі – бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және де халық жатады.

Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы.

Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен дағы, олардың түсініктері екі түрлі. Мысалға, кәсіпоын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл тек ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

скачать работу


 Другие рефераты
Происхождение христианства
Время в культуре
Зарубежный опыт работы с управленческим персоналом
Движение


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ