Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Несиенің қажеттілігі және мәні



 Другие рефераты
Коммерциялық несие Несиенің формалары және түрлері Несие тұралы ұғым және оның пайда болуы Қаржы секторын тұрақтандыру

Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу керек. Тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.

Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып және өркендетілуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы құрайды.

Өндіріс құрал – жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық, өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым процесінде, олар бір нысанна екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым 3 сатыдан тұрады:

І – саты: құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал – жабдықтары сатылып алынады.

ІІ – саты: адамның, өндіріс құрал – жабдықтарды пайдаланып істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.

ІІІ – саты: дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны – ақша нысанына ауысады, тек бұрыңғыдан өскен мөлшерде ( өндірушінің таза пайдасы қосылады ).

Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да, айналымды жеңілдететін немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады. Мысалы:

-  шикізаттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;

- тасымалдау жағдайының қиындылығынан дайын өнімді өткізудің кідіруі;

-  өткізілген өнім үшін немесе көрсетілген қызмет үшін, уақытында төленбеушілік т.с.с.

осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын, өндіру мен өткізу процесінің әр шаруашылықта бір кезден басталып, бір кезде аяқталмайтындығынан олардың кебіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал кебіреуіне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін, қосымша қаржы керек болады.

Дәлірек айтқанда, уақытша бос ақша мынадай жағдайлардан шығады:

-  әрбір шаруашылық, жұмысшы – қызметкерлерге еңбек ақыны екі рет, өткен 15(30) күнге төлейді, ал жұмысшы – қызметкерлер материалды құндылықты күн сайын жасайды. Сондықтан да соңғы еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі төлем күнге дейін шаруашылықта 15(30) күн ішінде күн сайын өсіп отыратын қаржы резерві пайда болады;

-   шаруашылық, өткізген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте жұмсап жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы болады;

-   өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде өндірістің негізгі құрал – жабдықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға арналған ақша бар – амортизация. Сол ақша да күрделі өңдеу жұмыстарын жүргізетін кезге дейін бос қаржы болып, шаруашылықтың есеп шотында қалады;

Сонымен, әрбір шаруашылықта, жоғарыда айтылған себептерге байланысты уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама – қайшылықтар туып отырады. Осындай қарама – қайшылықты реттеу үшін пайдаланатын бірден – бір экономикалық құрал  осы несие болып табылады. Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналды. Кез – келген қоғам біріншіден, босаған ақшаның бекер, пайда түсірмей « өлі капитал » болып жатқанына құмар емес, екінші жақтан, экономикалық ұдайы және кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы.

скачать работу


 Другие рефераты
Пайғамбар аттас ақын — Жүсіп Қыдыров
Norton Commander– инструментарий работы в среде MS DOS
Управление рисками в коммерческом банке
Новгородские берестяные грамоты


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ