Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Несие түрлері



 Другие рефераты
Банк Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік дамытудың қиыншылықтары Банктік несие Дербес несие

Несие түрлері – бұл белгілі – бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі – бір қасиеттерге ие оның бір түрі.

Түрдің формадан айырмашылығы – түр диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.

Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:

  1. мерзімдері бойынша:

а) қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін );

ә) орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін );

б) ұзақ мерзімді ( 3-5 жылдан жоғары );

  1. несиелеу объектілері бойынша:

а) негізгі қорларға берілетін несие;

ә) айналым қорларына берілетін несие;

  1. несиелеу әдістері бойынша:

а) қалдық бойынша несиелеу;

ә) айналым бойынша несиелеу;

Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы — өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.

Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:

1)    несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;

2)    экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық, кез – келген мақсат үшін пайдаланылады ( қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау );

3)    несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;

4)    мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Шетелдік әдебиеттрде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі:

Несиелердің категориялары:

а) қарызалушының типі бойынша:

  • тұтыну
  • бөлшек ( көтерме )
  • ауыл шаруашылығы
  • коммерциялық ( өнеркәсіптік )
  • қозғалмайтын мүлік
  • энергия
  • үкімет — федералдық

ә) мақсаты бойынша:

  • тұтыну ( мысалы, тұтыну тауарлары, көлік т.с.с.
  • айналым капиталы
  • құрылғылар
  • ғимараттар
  • жобалар
  • лизингтік қаржыландыру

б) әрекет ету мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
  • орта мерзімді ( 1 жылдан 4 жылға дейін )
  • ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары )

в) өтелу кестесі бойынша:

  • бірдей  төлемдермен ( тұтыну несиесі үшін ай сайын )
  • кезеңді төлемдермен ( тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті кезеңді немесе жеңілдіксіз кезеңді, модификацияланған несие – « шар », яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге қарағанда анағұрлым көп төлемді талап ететін несие )
  • бір рет төлемді ( қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие – « шар »)

г) қамтамасыз етілуі бойынша:

  • қамтамасыз етілмеген
  • кепілмен қамтамасыз етілген ( қолма – қол бағалы қағаздар, дебиторлы қарыздар, қорлар, құрылғылар, жерлер мен ғимараттар )
  • кепілдендірілген
  • басқа да қамтамасыз етілулер ( міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат )

Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:

1)    Ұлттық банктің несиелері:

-         аукциондық — Ұлттық банктің ақша – несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие

-         ломбардтық —  Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен қысқа мерзімге беретін несиесі

-         бюджеттік — Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық ( нарықтық ) шартымен беретін несиесі

Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.

2)    Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:

-         өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға

-         күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға

-         импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт

-         ипотекалық

-         несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі – бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі

-         консорциялық – несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да бір себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін

-         тұтыну мақсаттарына

-         банкаралық

Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер ( Халықтық банк, Казкоммерцбанк ) болады.

скачать работу


 Другие рефераты
Австрия Республикасы
Проблема углекислоты и антропогенная редукция биосферы
Кислород. Его свойства и применение
Построение графика функции различными методами


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ