Банктік несие
Другие рефераты
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез – келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез – келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарлайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарлайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына ( қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда ) және ақшалай қарызға ( қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда ) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан бұл – ақша қарызы. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларындақолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталисттермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа
әр түрлі мекемелер ( қаржылық компаниялар, өзара банктік несиелер ) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекмелер кейде “ банктік емес ” деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді ( мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы, олардың қызметі тұрғын үй несисін берумен байланысты ). Екінші жағынан, қарыз алушылардың көлемі өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталисттерден басқа ( акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар ) қарыз алушылар – несиелік - қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншеге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі – бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден – бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банкаралық нарықтан қағазға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай – чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныстар да әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.
Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшілік те шектері бар.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы ара – қатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі — әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық кешенін ұсынады.
Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада, қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың
анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|