Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Объектілерді қоршау және тұрақтарды жабдықтау



 Другие рефераты
Саяси жүйенің қәзіргі кездегі теориясы Сағатшының міндеттері Қарауыл қызметінің тағайындалуы мен міндеттері. Қарауыл қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметінің Жарғысы

1.Тұрақтарды жабдықтау мен қоршау талаптары

Күзетілетін объект орналастырылған территорияның ішкі және сыртқы қоршауы ара қашықтығы сыммен байланыстырылған биіктігі 2 метрден кем емес, ал төменгі жағы5 см, жоғарғы жағы15 смкем болмау керек. Сыртқы және ішкі қоршаудың ара қашықтығы тұрғылықты жердің жағдайына байланысты анықталып, 10 метрнемесе одан да жоғары болады. Қоршау арасында сағатшылардың қозғалуы үшін жол салынады және жалпақтығы 5 метрден кем емес қоршаудың сыртқы жағына бақылау із жолағы салынады.

Күзетілетін объектіні бақылау қолайлы болу үшін сыртқы қоршау арасынан оқ өтпейтін қоршау, байланыс құралдары, дыбыс-дабыл беру құралы, жарықтандырғыш және найзағайдан қорғайтын құрылғылармен жабдықталып бақылау мұнарасы құрылады.

Аса маңызды объектілер арнаулы инженерлік қондырғылар немесе оқ өтпейтін бақылау аспаптары құрылады. Сонымен қатар инженерлік /оқ өтпейтін қоршау және жарылғыш затқа / граната/ қарсы сеткі бақылау мұнарасы мен бірге құрылады.

Күзетілетін объект территориясына жақындағанда күндіз де түнде де жақсы көрінетін көрсеткіш жазулар орнатылады. Мысалы: «Жүруге болмайды, жол жабық». Айналып өту,бағыты көрсетіледі. Бұл нұсқаулық көрсеткіштер тек қана белгілі бір уақыттарда орнатылады.

Әскери бөлім территориясынан тыс жерлерде орналасқан объектілер тиым салынған зоналар мен, аудандар жергілікті мемлекеттік басқарма органдарының  келісімі бойынша заңға сәйкес анықталады.  Тиым салынған шекаралық аудандардың жерінде жақсы көрінетін қазақ және орыс тілдерінде жазылған мынадай көрсеткіш болуы керек: «Тиым салынған зона / аудан/- жүруге болмайды-жол жабық». Тиым салынған шекаралық аудан жөнінде гарнизон бастығы / әскери бөлімнің командирі, күзетілетін объектінің бастығы/ жергілікті мемлекеттік органдар мен басқармаға және жақын арадағы халықтық мекендерге дер кезінде хабарлауға міндетті. Тиым салынған шекаралық аудандарда жалпыға бірдей қолданылатын жолдар, тұрмыстық және қызметтік құрылыстар, дәнді-дақыл салатын жерлер және т.б кірмеуі керек.

Жергілікті жағдайға байланысты тұрақ территориясы сағатшының барлық жерді түгел көруіне және атуына қолайлы болып, кем дегенде50 метржер ағаштардан, тоғайлардан тазаланып, төменгі жағы 2,5 метрге кесіліп, шөп шабылып, артық заттардың барлығы алыну керек. Ара қашықтықты анықтайтын тұраққа жақын тиым салынған шекарада сағатшының көрсетуімен «бөтен тұлғаларға кіруге болмайды» деген көрсеткіш болуы керек.

Бірнеше тұрақтар мен шекаралардағы объектілердің территориясында әр тұрақта жергілікті жердің бағыты көрсетіледі. Мысалы: « № 2 тұрақтың шекарасы».

Әскери қалашықтан тыс тұрған ең маңызды объектілер мен қарауылдың ғимаратына окоптар қарауыл тұрағына бара алатындай және көрші тұрақпен байланысу бойынша мүмкіндігін қамтамасыз ету есебімен жасалу керек. Окоп дыбыс беру құралымен қарауыл тұрағымен байланыс жасау үшін жабдықталады.

Түнгі уақытта күзетілетін тұрақ пен объект жарықпен жарықтандырылу керек. Жарықтандырылу сағатшы тұрақта түрегеп тұрғанда немесе тұрақтың территориясымен жүргенде үнемі көлеңкеде болатындай жасалу керек.

Кем дегенде екі орында, ал объектіні күзетуде әрбір250 метрқозғалыс арқылы патрульдеу әдісімен қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе таратушыны тез арада шақыру үшін тұрақ сағатшыны байланыс құралдарымен жабдықталып, қамтамасыз ететіндей жасалады.

Жауынгерлік туы бар ішкі тұрақтарда биіктігі 0,7-1 метрболатын қоршау мен жарықтандыру болады.

Бақылау-өткізу пункттерінде тұтқиылдан шабуыл жасаған уақытта сағатшыны қорғауды қамтамасыз ететіндей қоршау болуы керек.

Әрбір сыртқы (қажет болған жағдайда ішкі тұрақтарда) күзетілетін сақтау қоймасында өрт және жалын сөндіргіш,  құм мен жәшік, су мен бөшке, шелек, күрек, балта, лом және т.б құралдар міндетті түрде болуы керек.

Сыртқы тұрақта міндетті түрде арнайы  жабдықталған  сағатшының киім-кешегі сақталатын «саңырауқұлақ», ал ішкі тұрақта –шкаф немесе шинелге арналған ілгіш болуы керек.

Тұрақтық «саңырауқұлақ»  күзетілетін объектінің түсіне немесе жердің қоршаған ортасының түсімен бірдей боялады.

   2.Тұрақтағы сағатшыға қойылатын талаптар

Тұрақтағы сағатшыда қолайлы мылтыққа бекітілген пышақ болуы керек

( жиналмалы дүмшесі бар автомат -пышақсыз); пышақ өзінің қынабында белбеуге ілініп тұрады, түнгі уақытта тік тұрып ату үшін дайын тұратындай жағдайда, ал күндізгі уақытта ременьге салынған немесе тік тұрып ату үшін дайын тұратындай жағдайда болуы керек. Ішкі және жауынгерлік туы бар тұрақта ағаш дүмшелері бар автоматтар- ремень үстіндегі жағдайда, қатпарлы дүмшеде- «кеудеде», карабин-аяқта; керекті қару-жарақпен  жабдықталған қалталы сөмке түймеленіп тұруы керек.

Өрт сөндіру немесе стихиялы апаттарды  (табиғат апаттарына)  болдырмау шараларын жүзеге асыру жағдайында сағатшыға қаруды арқасына асуға рұқсат беріледі.

скачать работу


 Другие рефераты
Экологическая обстановка в России
Работа классного руководителя по развитию одаренности детей
Музей Черноморского флота в г.Севастополе
Молодежь на рынке труда


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ