Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

60 жылдарда қазақ би сахнасы



 Другие рефераты
Аронұлы Сүйінбай Айманов Шәкен Кенжетайұлы 17 ғасырдың музыкалық мәдениеті Қайрат Байбосынов

         60- жылдардың ортасында бұрынғы Одақ бойынша көптеген халықтардың халықтық-сахналық биі дамыды, көптеген кәсіби халықтық ұжымдарпайда болды. Қазақстан да бұл қатардан қалыс жоқ. Алматыда екі тұрақты ұжым: Мемлекеттік ән-би ансамблі мен «Гүлдер» эстрадалық- би ансамблі құрылды.

            60-жылдарда қазақ би сахнасы шеберлерінің қызметі ұдайы жетілдіріледі және байытылады. Ол осы заманға ұлттық хореографияның ерекшелігіне түрліше көзқарасқа тойтарыс берумен алуан түрлі шығармашылық ұмтылыстардан және ізденістерден пайда болды. Сөйтіп, Қазақ КСР ән-би ансамблінің балетмейстері оны 20-ншы жылдарда Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында жасалған би үлгілерінен көреді және олардың алғашқы рет шығарылуын сақтау қажет деп санайды. Қазақ биі республиканың хореографиялық ұжымдарында өзгеше және қызықты дамыды. Солардың ішінде ең байырғысы «Салтанат» Мемлекеттік халықтық би ансамблі. Бұл ұжым бастапқы кезде, 1955 жылы Қазақ КСР ән және би ансамблі ретінде құрылды. Ансамбльді музыкалық театрларды басқарудың үлкен тәжірибесі бар режиссер- хореогроф, Украина КСР Халық әртісі Лидия Демьяновна Чернышева басқарды. Бірінші қойылымнан бастап-ақ ансамбль өзін музыкалық – би өнерінің түрлі жанрларында жұмыс істейтін шығармашылық ұжымы ретінде көрсете білді. Бұл үлкен шығармашылық пішін (профиль), ансамбльдің өзгеше, соған ғана тән ерекшелігі ретінде оның шығармашылық синкретикалығымен байланысты болды. Ансамбльдің бағдарламасына халық әндері мен билері, хормен айтылатын, вокальды-хореографиялық композициялар, поэмалар, ороторийлер барлығы КСРО халықтарының және шетелдердің 500-ден астам әндері мен билері енгізілді.

       Ансамбльдің әрбір ойын көрсетуі мажорлықты, 50-ншы жылдардағы халық тұрмысының жалпы өрлеуімен байланысты орындаудың жоғарғы деңгейін ерекшелендірді. Жердегі еңбек қуанышы және жоғары нәтиже үшін мақтаныш «Тыңдағы мереке» биінде көрсетілді. «Қыздар-аққулар» би нөмірінде қазақ қыздарының сұлулығы, оның әсемдігі құс патшасы аққудың көркімен салыстырылды. Ауыр еңбектен кейін көңіл көтерер күй беру «Саяхатта» композициясымен байланысты болды      Ансамбльдің алғашқы гастрольдік сапары 1956 жылы болды. Бұл еліміз бір миллиард пұт астық үшін көрсеткен жыл еді. Үш айдың ішінде ансамбль тың игерудің көптеген аудандарында болды.    1957 жылы ансамбль Латвияға, Литваға, Эстонияға, Украинаға, Грузияға, Әзірбайжанға, Қырымға гастрольге барды, Ленинград және Севастополь қалаларында өнер көрсетті.Сол жылы Бүкілодақтық жастар фестивалінде ансамбль Алтын медальмен марапатталды;  Мәскеуде өткен VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде би тобы Күміс медальға лайық болса, бүкіл ұжымға Фестиваль Лауреаты құрметті атағы берілді.

      1958 жылы ансамбль Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатысты. Бұл ұжым шығармашылық өмірбаянында есте қаларлық оқиға болды. Оның көрсеткен өнері Мәскеу театр жұртшылығының жоғары бағасымен атап өтілді. Халық шығармашылығы ансамбльді ғана нәрлендіріп қойған жоқ және онымен байыды. Ансамбль шығармашылығы өзінің репертуарына қазақ тақпақтарының жоғалып бара жатқан үлкен суырыпсалмалық байлығын өз репертуарына енгізе бастаған көптеген өздігінен ұйымдасқан ұжымдарға үлгі болды.

      Ансамбльдің шығармашылық өсуіне оның негізін салушылардың – дирижерлер В. Лисицаның, З. Остапенконың, хормейстер С. Радченконың және бишілер арасынан К. Байғабатовты, С. Әбусейітовты, С, Әлімходжаеваны, Е. Еслямғалиеваны, В. Петрановты, З. Розмұхаметованы, Ю. Харитоновты, С. Ходжаеваны, И. Цепковты, Б. Черноусованы, Б. Шәлімбетовты атап өткен жөн. Ансамбльге қатысушылардың көпшілігі, ал кейін ансасмбльді тұрақты толықтырып отырған талантты жастар сахнада жасалған музыкалық және бишілік бейнелердің жарқын галереясын жасауға лайықты үлес қосты.

       1967 жылдан ансамбль Қазақ КСР Еңбек сіңірген ұжымы атағын иеленді. Ұжымдағы осы оқиғалардың бәрі ансамбльге 1970 жылға дейін басшылық жасаған ансамбльдің көркемдік жетекшісі КСРО Халық әртісі (1965) Л.Д. Чернышеваның қызмет жасауы кезңінде болды. Қазақ КСР-інің көрнекті мәдениет қайраткері, композитор, КСРО Халық әртісі Мұқан Төлебаев 1967 жылдың өзінде ұжымның көркемдік жағынан шыңдап өсуін және оның үлкен шығармашылық болашағын барынша қанағаттанарлықпен атады. Ансамбль ұжымының ерекше қызметін ол халық шығармашылығына ұқыпты және сүйіспеншілікпен қараудан, қазақ халқының өзіндік ән және би өнерінің мақұлдауынан көрді. Қазақ КСР ән-би ансамблі құрылуының бастауында тұрған ұжымның алғашқы бишілерінің бірі, оның тұрақты солисті Қаһарман Әлсейітұлы Байғабатов (1933-2000ж.ж.)

      1952 жылы тума талант оны Жамбыл атындағы филармония жанында жұмыс істейтін би ансамбліне алып келді. Бишінің шеберлігі мен дарыны оны жетекші солист роліне көтерді.

     70 - жылдарда Қазақ КСР мемлекеттік ән-би ансамблінің шығармашылығы өзінің бай дәстүрлі қуатына орай барынша гүлденді. Бүгін ән және би Қазақ Мемлекеттік ән-би ансамблінің халықтық хореографиялық және әндік фольклорды зерттеу мен насихаттауда оның атқарған ісін айту, бағалау өте қиын. Оған куә табысты өнер көрсетулері және гастрольдері                                                                             

    80-жылдарға дейін ансамбль  әлемнің көптеген жерлерінде болды және Қазақстанның ән-би мәдениетін өз Отанында және одан тыс жерлерде кең көрсеткен бірден-бір кәсіби ұжым болды.

     Бұл кезеңдегі ұжым қызметінің мәні вокальдық – хореографиялық және драмалық өнердің жинақталуы, өзінше республика музыка мәдениетінің көркемдік ашылуы болды.

     80-жылдарда Қазақстанда ұлттық тәуелсіздік және мемлекеттік өз билігі өзінде болу проблемасы барған сайын батыл айтыла бастады. 1988 жылы 1920-1950 жылдарда жазаға тартылған өнер мен ғылымның көптеген қазақ қайраткерлері ақталып шықты. Елімізде болған бірқатар ірі өзгерістер тұтастай алғанда, өнердің ішінара, хореографияның дамуына сөзсіз ықпалын тигізді. Хореографиялық өнердің жаңа биші топтарының ұлттық ерекшелігіне көбірек көңіл бөлу күшейтілді. Жаңа бағыт хореографиялық өнердің барлық жанрын қамтиды. Сөйтіп, Қазақ КСР Мемлекеттік ән-би ансамблі жаңа мазмұнға ие болуымен          «Салтанат» халық биі Мемлекеттік ансамблі болып қайта аталды.                                                                                                        

            1980 жылғы мамыр айында Ирландияның Корк қаласында XXVII Дүниежүзілік фестиваль болып өтті. Оған Америкадан, Италиядан, Венгриядан, Чехословакиядан, Даниядан, Бельгиядан, Кубадан фольклорлық ансамбльдер қатысты. КСРО Мәдениет министрлігінің жолдамасы бойынша барған ансамбль өзінің өнері мен талантын көрсету құрметіне ие болды.

      Америка, Канада, Ирландия өнер қайраткерлерінен тұратын қазылар алқасының құрамы қазақ билері «Балбырауын», «Қосалқа», «Шашу» сияқты қазақ халқы билерін жоғары деңгейде орындаудағы ұжым шеберлігін атап көрсетті және осы фестивальда ансамбль Күміс медальмен марапатталды.

      Сол жылы ансамбль Мәскеуде өткен XXII Олимпиядалық ойындарға қызмет көрсетуге шақырды.

       1980 жылы Алматыда Республика сарайында ұжымның шығармашылық қызметінің 25 жылдығы құрметінің есептік концерті өтті. Осы уақыт ішінде ансамбль 500-ден астам концерт қойды.

        1985 жылы ансамбль Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің XII Дүниежүзілік фестиваліне шақырылды. 1989 жылдың 20 ақпанында халық би ансамблі «Салтанат» атына ие болды.

      Қазақстан халық өнерімен тұрақты жанды байланыс, халық шығармашылығы және кәсіби өнердің өзара ықпалы және өзара ену «Салтанат» ұжымы шығармашылығында жетекші бағыт болды.

скачать работу


 Другие рефераты
Материальная и духовная культура восточных славян в VI-VIII веках
Виды общения
Дарвин
Зарождение российского кино


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ