Сағатшының міндеттері
Другие рефераты
1.Сағатшының бағынбайтындылығы
Сағатшы- ешкім ар-намысын баспайтын тұлға. Сағатшының ар-намысы түсіндіріледі:
. жеке ар-намысы мен құқықтары заң жүзінде ерекше қорғалады;
. сағатшы қатаң түрде белгілі тұлғаларға бағынады, мысалы, қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің таратушысына;
. оған қару қолдану құқығы беріледі,
Егер сағатшыға немесе ол күзететін объектіге шабуыл жасалса, міндетті түрде ескертусіз қару қолдануға міндетті.
2.Сағатшының міндеттері
Сағатшы міндетті:
. өзінің тұрағын аяғынан тік тұрып қырағылықпен қорғауға;
. қызметін жауапкершілікпен өткеру, қаруын қолдан шығармау және ешкімге бермеу, өзі бағынатын тұлғаны қоса алғанда;
. көрсетілген бағыт бойынша жүріп немесе бақылау мұнарасында болса, тұрақтың жан-жағын, қоршауды дұрыстап қарау және байланыс бөлімдеріне қызметті атқару жөнінде тұрақ белгілеген табель мерзімі бойынша баяндауға;
. оны ауыстырғанша тұрақты өз бетімен тастауға болмайды.
Тұрақты өз бетімен тастап кету әскери қылмыс болып табылады;
. ереже бойынша тұрақта тұрғанда қару оқталып және үнемі қимылға дайын тұру керек;
. табельде көрестілген көрсеткіш бойынша тұраққа ешкімді жақындатуға болмайды және тұрғылықты жерде шектеу қойылған шекараға да қарауыл бастығынан, қарауыл бастығының көмекшісінен және өзінің таратушысынан, оларды алып келе жатқандардан басқа бөтендерді кіргізуге болмайды.
. қарауылдың көлік қоғалысы бағытының графигін және оларды тану белгілері мен дыбыстарын білуге;
. тұрақтағы өрт сөндіруге арналған құралдарды пайдалана алуға;
. қоршау объектісіндегі жөнделмейтін нәрселерді көргенде немесе тұрақта жақын жерде және көрші тұрақта тәртіптің бұзылғаны байқалса қарауыл басшысын шақыруға;
. қарауыл иттерінің үргенін естісе немесе күзет техникасының қосылып, дыбысы естілсе осы жөнінде дереу қарауыл ғимаратына хабар беруге міндетті.
Қару атқыштар ісіне жетекшілікке арналған көрсеткіште қарудың түріне байланысты ережелер бойынша оқталады, бірақ патрон оқ салғышқа салынбайды.
Автомат оқ салғыштағы оқпен оқтандырылады. Оқтандыру алдында ол тексеріледі / баспа-шүріппесі түсіріледі/ және сақтандырғышқа қойылады. Магазинге қосылғаннан кейін тартпалы рамасы кейін шегерілмейді.
Сағатшының ауысымы 2 сағаттан кейін тақ не жұп сағаттарда болады.
Ауа температурасы -200 С және одан төмен болғанда, жел және аздаған аяздарда сыртқы тұрақтағы сағатшының ауысымы, ал ішкі тұрақтағы сағатшының ауысымы ғимарат ішінде жылу жоқ болса 1 сағаттан кейін болады. +300С және одан жоғары температурада сағатшылардың ауысымы
1 сағаттан кейін болады. 1 сағаттан кейінгі сағатшылардың ауысымы туралы нұсқауды әскери бөлімдегі қарауыл бойынша кезекші береді.
Егер сағатшылардың ауысымы 1 сағаттан кейін болса, онда қарауыл бастығы тұрақтағы ведомосқа сағатшылар осы сағаттан осы сағатқа дейін 1 сағат сайын ауысып отырды деген жазу жазады. Ал белгілі уақыттан кейін келесі ауысым 2 сағаттан соң ауысты деп жазады.
3.Сағатшылардың ауысым тәртібі
Қарауыл басшысы және қарауыл басшысының көмекшісімен қарауыл ғимаратының кіре берісінде сағатшылардың ауысымы әрбір 30 минут сайын жүргізіледі. Ауысымның сағатшыға 10-15 қадам аралығында жақындағанда таратушы-қарауыл « Ауысым-тоқта!» деген команда беріп,/ ауысым машинада болса, қаруды оқтап, бақылайды/, бір қарауылшыға тұрақтың айналасын және тұрақтың кіре берісін бақылауды бұйырады. Мысалы: «Қатардағы Данияров, тұрақтың айналасын және тұрақтың кіре берісін бақыла!».
Сағатшы ауысым жақындағанда бетімен солай бұрылады және өздігінен автоматты кеудесіне алады (карабинді аяғына қояды). Жаңадан келген таратушы-қарауылдың командасы бойынша мысалы: «Қатардағы Васильев, тұраққа қадам бас!», дегеннен кейін сағатшы сапқа тұруды қабылдап, оң жаққа қадам жасайды. Қарауылшы сағатшыға жақындап, қарама-қарсы жаққа бетімен оның орнына (карабинді аяғына қойып) тұрады.
Бұрынғы және жаңа таратушы-қарауылдар сағатшы мен қарауылшының екі жағына олардан екі қадам ары бір-бірінің бетіне қарап тұрады.
Бұрынғы таратушы-қарауылдың «Сағатшы, тұрақты тапсыр!» деген командасы бойынша сағатшы сөзбен тұрақты тапсырады. Сол кезде сағатшы мен қарауылшы бір-біріне бастарын бұрады. Тұрақты ауызша тапсырудың мәні сағатшы тұрақтың нөмірін атап, тұрақ табеліндегі күзетуге жататын тізімді және қызметін атқару кезінде тұраққа жақын жерлерде не байқалғанын қарауылшыға айтып береді.
Тұрақты ауызша тапсырудан кейін өз таратушысының командасы бойынша «Қарауылшы, тұрақ қабылданды!» дегеннен кейін жаңа және бұрынғы таратушы-қарауылмен сағатшының қатысуымен күзетілетін объектіні айналып, жарықтың бар екенін, қоршауды, қамал есіктерді, терезе, торларды, қойманың қабырғасның жағдайларын, құлып, кілттердің, мөрдің, пломбының түгелдігін, күзеттегі жауынгерлік машиналардың санын (басқа да қару-жарақ пен әскери техниканы) тексеріп, сонымен бірге күзеттегі техникалық құралдардың, байланыс құралдарын, өрт сөндіргіш пен тұрақ киімінің жағдайын тексеріп шығады. Тұрақты қабылдауда камерада қарауылдың тұтқындаған тұтқындары болса, онда тұтқындардың санының қанша екенін білуге міндетті.
Қажет болған жағдайда тұрақты қабылдаған қарауылшы таратушының көмегімен тұрақ киімін киеді.
Егер де тұрақты қабылдап-тапсыру кезінде қоршаудың, қамал есіктердің, терезе, торлардың, қойманың қабырғасның, құлып, кілттердің, мөрдің, пломбының бір жері бұзылған, немесе істен шыққан болса,күзеттегі жауынгерлік машиналардың (басқа да қару-жарақ пен әскери техника) саны тұрақ табеліндегі тізім бойынша жетіспесе таратушы тапсыруды тоқтатып, қарауыл басшысын шақырады. Тұрақты жаңа қарауыл қабылдаған кезде бұрынғы және жаңа қарауылдың бастықтары шақырылады.
Тұрақты тапсырып, қабылдауды аяқтаған соң, сағатшы және тұраққа тұрушы қарауылшы таратушының бетіне тура қарап кезекпенен баяндайды. Мысалы : «Сержант мырза, қатардағы Серіков осындай нөмірлі тұрақты-тапсырды»; «Аға сержант мырза, қатардағы Васильев осындай нөмірлі тұрақты-қабылдады» деп баяндайды.
Баяндаудан соң таратушының нұсқауы бойынша сағатшы қару алып, жоғарыда көрсетілгендей тұрақта міндетін атқаруға кіріседі.
Тұрақта өрт болған жағдайда сағатшы осы жөнінде дереу қарауыл ғимаратына хабарлап, күзетілетін объектіге бақылауды тоқтатпай, өртті сөндіру шараларын қолданады. Тұраққа жақын жерде күзетілетін объектінің ішкі және сыртқы қоршауы бар, техникалық аумағында өрт болған жағдайда . ол қарауыл ғимаратына хабарлап, қарауыл басшысының нұсқауы бойынша
іс-қимыл жүргізеді.
Тұтқиылдан жарақаттанғанда, ауырған жағдайда сағатшы таратушыны немесе қарауыл басшысын шақырып, сонымен бірге қызметін атқаруды тоқтатпайды.
4.Сағатшының қаруды қолдану тәртібі. Тұраққа немесе күзетілетін объектіге шабуыл жасалған кездегі сағатшының қимылдары
Сағатшы өзіне нақты шабуыл немесе болғанда күзетілетін объектіге шабуыл жасалғанда ескертусіз қаруды қолдануға міндетті.
Тұраққа немесе тиым салынған шекараға қарауыл басшысынан және өзінің таратушысынан басқа жақындаған барлық тұлғаларды сағатшы «Тоқта, артқа!», немесе «Тоқта, оң жағын (сол жағын) айналып өт!» деген айқаймен тоқтатады.
Айқайды орындамай тұраққа немесе тиым салынған шекараға жақындап, талапты бұзушыларға сағатшы «Тоқта, атамын!» деген ескерту береді де, тез арада қарауыл басшысын немесе таратушыны шақырады. Егер бұзушы осы талапты орындамаса, сағатшы патрон салғышқа патронды салып, жоғары қаратып, ескерту ретінде атады. Бұзушы осы талапты орындамаған кезде сағатшы оған қару қолданады.
Тұрақтағы табельде көрсетілген ара қашықтық бойынша айналаны көру жағдайы нашар болған жағдайда, тұраққа немесе тиым салынған шекараға жақындаушыны көру мүмкін болмағанда сағатшы «Тоқта, кім кедеді?» деп айқайлайды. Егер жауап болмағанда, сағатшы «Тоқта, атамын!» деп ескертіп, бұзушыны ұстайды. Ұсталған бұзушы туралы орнатылған дыбыс-дабыл арқылы қарауыл ғимаратына хабарлап, ары қарай босаңсымай өзіне тапсырылған объектіні күзетуді жалғастырады және бұзушының тәртібін бақылайды.
Егер бұзушы тоқтамай күзетілетін объектіге, тұраққа қарай кіруге талпынса, немесе осындай әрекеттен кейін қашуға бел байласа, онда сағатшы жоғарыға ескерту атуын жасайды. Бұзушы осы талапты орындамаса сағатшы оған қару қолданады.
Сағатшының айқайына «Қарауыл басшысы, қарауыл басшысының көмекшісі, таратушы келе жатыр» деген жауап алынса, «Қарауыл басшысы, қарауыл басшысының көмекшісі, таратушы –маған жақындасын, қалғандары орнында тұрсын!» деп сағатшы бұйырады. Қажет болған жағдайда сағатшы — жақындаушыға бетін көру үшін жарық түсіруді талап етеді. Өзін атаушы расында да қарауыл басшысы, қарауыл басшысының көмекшісі, таратушы екеніне көзі жеткен соң, сағатшы барлық келген тұлғаларды кіргізеді.
Егер өзін қарауыл басшысы, қарауыл басшысының көмекшісі, таратушымын деп атаушы белгісіз біреу және онымен бірге болған тұлғалар орындарында қалу туралы сағатшының талабын орындамаса, онда сағатшы «Тоқта, атамын!» деген айқаймен ескертеді.
Бұзушы осы талапты орындамаса сағатшы оған қару қолданады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|