Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы

р белсенділігі консерваторларға бәсекелестік тудырды. Әсіресе 1952 жыл ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығымен сипатталды. Мамыр айындағы көтеріліс билік басындағылар үшін американдықтардың көмегінсіз шешетін мәселе болды. Осы қозғалыс Есида билігін қатты алаңдатты. Сол себепті басшылық жағдайды тұрақтандыру үшін жүйені қаталдандыру шараларын қолданды. Мемлекеттің қарулы және қорғаныс күштері алғашында елдегі толқулар мен көтерілістерді басу үшін құрылған жасақтар еді.

1954 жылдың аяғында саяси басшы алмасуы болды. Мемлекет  басына Хатояма Итиро келді. Қараша айында консервативтік күштердің бірігуінен Жапонияның жаңа Дмеократиялық партиясы пайда болды. Оның басшысы Хатояма Итиро болды. Хатояма лагерінде американдықтар репрессияға ұшыратқан консерваторлар жиналды. Олардың қатарында Киси Нобусукэ, Сигэмицу Мамору, Исибаси Тандзан және Исии Мицудзиро секілді қайраткерлер болды. Елде Хатояма мен Есида басқару кезеңдерін көп салыстырады. Бірақ Хатояма саясатқа туғанынан бейім болған деген пікірлер де айтылады. Өйткені оның әкесі де Жапонияның белсенді саяси қайраткері болған. Яғни ол мықты саяси мектептен өткен десе де болады.

     Либералдық−демократиялық партияның (1955) Хатояма үкіметі. Хатояманың саяси мектептен өтуі оның қызметінде көп көмектесті. Оны тек өз жақтастары ғана емес, оппозиция өкілдері де құрметтейтін. Социалистік партия өкілдері ағымдағы саяси жүйеге емес, тек тұлғаның өзіне ғана құрметпен қарайтынын айтқан. Каваками Дзетаро деген белгілі социалист қайраткер өз ғұмырында тек екі саясаткерді жақтайтынын айтқан, олар Хатояма мен Катаяма екен. 1955 жыл оккупациядан кейінгі Жапонияның саяси өмірінде өте бір ерекше жыл болды. Қараша айында екі үлкен партия Либералды партия мен Демократиялық партия күштері қосылып Либералды−Демократиялық партия құрылды. Келесі жылы партияның кезектен тыс жиналысында сайлауда партия төрағасы болып Хатояма Итиро сайланды. Екі партияның бірігуінің өзіндік себептері бар еді. Мемлекетке Жапонияны АҚШ−пен тең дәрежедегі мемлекетке айналдыратын, елдің экономикалық жағдайын көтеруге ықпалдасатын және ел ішіндегі жұмысшылар мен солшыл күштер қайшылығын жоятын күш керек болды. Екі партияның бірігуі саяси құрылымның құрылуының аяқталуын білдірді. Өз назарына кіші партиялар мен топтарды аударған екі саяси орталық құрылды.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын іздеу мен оның ішкі саяси жағдайға әсері.  Сан−Франциско бейбіт келісіміне қол қойғаны арқасында Жапония халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды. Бірақ бұл келісімнің сепараттық қатынасы және АҚШ тарапынан қауіпсіздік Жапоиняны өзге мемлекеттермен қатынастарда тежеді, әсіресе жақын көршілестерімен.  Оккупация жылдарында қалыптасқан жағдайдан Жапония АҚШ тарапына тәуелділікке ұшырап қалды. Жапонияның барлық дерлік мәселелері АҚШ арқылы шешілетін болды. 1952-1954 жылдарда АҚШ пен Жапония арасындағы тең емес құқықты әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі келісім екі жақтың күштер балансын анықтап берді. Әрине АҚШ диктатор рөлінде болды. Жапония тек атқарушы рөлді атқарды. Есида доктринасы алғашында осы мәселеден шыққан еді. 1952 жылы АҚШ президенттігіне Д.Эйзенхауэр келіп, ол бірден халықаралық қатынастарға көңіл бөле бастады. Ол халықаралық қатынастарда АҚШ позициясын конфронтациялық және консолидациялық тұрғылардан алғанда елдің стратегиялық ұстанымдарын күшейту керек деді. Осы кезеңде Азиялық аймақта ықпал етуде Қытай Халық Республикасы тарапынан үлкен қауіп туды. Қиыр Шығыс аймағында АҚШ өз ықпалын жоғалтып алмас үшін барлық шараларға баруға дайын болды. Осы кезде Жапонияның әріптес ретінде рөлі байқалатын кез келді.

Жапонияның АҚШ әріптесі ретінде көрінуі алдымен американдықтардың жапондықтарға Тынық мұхитындағы аралдарын қайтарып берулерінен басталды. Алғаш болып 1953 жылы Амамиосима аралы қайтарылды. Жетпісінші жылдары бірақ аяқталған Жапонияның өзіне Рюкю (Окинава) архипелагында билік жүргізуге әкімшілік құқықтарды қайтару процесі басталды. Сыртқы саясатта жапон−американ қатынастарында келісімдер болғанымен ол келісімнің өзі емес, Жапоиняның егемендігі мәселесі оппозиция тарапынан көп сынға алына бастады. Осындай наразылықтар нәтижесінде АҚШ елу үшінші жылы Жапонияны  НАТО блогінің ішіне қосып, біршама компромисске барды. Және де шектелген юрисдикциялық құқықтар арқылы Жапондықтар елдегі АҚШ әскерлерінің санын өздері бақылап отыруға мүмкіндік алды. Осылайша жапон−американ қатынастарындағы ұнамсыз жағдай тоқтатылды.

Жапонияның Американың одақтасы болуы одан үлкен ағаға деген адалдығын талап етті. Осындай маңызды акттің бірі оның АҚШ−қа ұсынысы ретінде Тайваньмен келісім жасасуы болды. жапония үшін Қытаймен ашық конфронтацияға бару біршама қиын болды. Қытаймен Жапонияны тарихи ұқсастықтары ғана емес, діни рухани тарапы да байланыстыратын еді. Сонымен қатар, Жапония Қытаймен сауда байланыстарын да дамытқысы келді. Бірақ АҚШпен одақтас болудың құны осындай еді.

1960-шы жылдардағы әлеуметтік өзгерістер. Жапонияның осы жылдардағы экономикалық табыстары ел тарихында елеулі орын алады. Өйткені, оның жетістіктері ол кездері тек Жапонияға ғана емес, бүкіл әлемге байқалды. Тіпті Жапонияның экономикасындағы ғажайып деген сияқты терминдер де айтылып жатты. Шынында да, Жаонияның әлеуметтік жағдайында үлкен секіріс байқалды. ЖҰӨ 6.5 есеге, ал өндірістік өнімдер көлемі 10 есеге дейін өсті. Франция, Канада, Италия, Англия және Германияны капиталистік елдер арасында өндірістік өнімдер көлемінен басып озып, әлемде екінші орынға шықты. Сол кездегі Жапония экономикасының дамуының басты бір себебі елдегі өндірістік салаға көп көңіл бөлінуі және капитал мен инвестицияның дамуы. Елуінші жылдардың екінші жартысынан ақ елде өндірістік салаға аса назар аударыла бастады. Жапон техникасы қарқынды даму жолына түсті. Робот, конструкторлық техника және технология, машина жасау, ауыр өнеркәсіп жедел түрде дамып, ел экономикасының көтерілуіне көп үлесін қосты. Сонымен қатар қара металлургия, мұнай өңдеу, текстиль, жеңіл және тамақ, кеме жасау, химия өнеркәсіптері де қарқынды дамыды.

Қарқынды экономикалық даму арқасында Жапония техникалық өнімдерді өндіру және ауыр өнеркәсіп саласында алдыңғы орынға шықты. Жапондық техника өнімдеріне сұраныс артты, соның ішінде машина жасау саласында. Нәтижесінде, Жапонияның өндіріс саласы он жыл ішінде мүлдем басқа сфераға аусып кетті. Жапония ауыр өнеркәсіп саласында өте көп шығаратын болды, елдің тауарларының барлығы техника мен технологияға негізделді, әсіресе жаңа заманғы. Алпысыншы жылдардың соңына қарай Жапонияның өөндірістік өнімдері әлемдегі алдыңғы орындарға шықты, ал бірнеше жылда Европа мемлекеттерін ғана емес, АҚШты да басып озды. Ал онжылдықтың соңына қарай Жапония ауыр өнеркәсіп, кеме жасау, кино және фотоаппараттарын өндіруден әлемде бірінші орынға, ал темір балқыту, электр жабдықтары, электронды техника, автомобиль, тігін машиналарын жасаудан АҚШ, Англия, Германиядан кейінгі екінші орынға шықты. Экспорт мөлшері он есеге дейін өсті, ал Жапония енді әлемдегі бірнеше тауар түрлерінен мықты өндірушіге айналды. Әлеуметтік жағдай да сәйкесінше жақсарып, жұмыссыздық көлемі азайды. Жапония халқы АҚШ тарапынан тәуелділіктен құтылу үшін өз экономикасын көтеруге тырысты. Және де олар өз мақсаттарына жетті десе де болады.

Әлеуметтік жағдайда урбандалу қатты байқалды. Және де жалға жұмыс істеушілер саны да көбейді. Қала халқының саны өсіп, статистикада да өзгерістер байқалды. Тек 1964 жылы ауытқы болды деп айтуға болады. Инфляция болып ең қажетті деген тауарларға да баға тым көтеріліп кетті. Оқу бағасы да қымбаттады, нәтижесінде студенттер осы мәселе бойынша наразылықтарын білдірді. Келер жылы қайтадан барлығы түзеліп, 1965-1973 жылға дейін жалғасқан «Идзанаги төңкерісі» болды. Бірақ алпысыншы жылдар жапондықтар үшін өтпелі кезең секілді болды. ел экономикасында көптеген жағдайлар болып, халық көп жағдайды басынан өткерді.

Саяси күштердің құрылымындағы өзгерістер. Икэда кабинетінің құрылуы. Сайлаудағы ЛДП жеңісі. Экономиканың қарқынды түрде дамуы және «қауіпсіздік келісіміне» байланысты жапон−американ қатынастарының оппозицияға ұнамауы, Жапонияның саяси өміріндегі елеулі оқиғалар болды. Жаңа онжылдық алпысыншы жылы билік басына Икэда Хаятоның келуімен басталды. Қарапайым пошташы отбасынан шыққан Икэда өзге саясаткерлер сияқты Токио университетін емес, Киото университетін бітірген. 1925 жылы ол қаржы министрлігіне түсіп, 1929 жылы ол Уцуномия қаласының салық басқармасының директоры орнына орналасады. Перл Харбор талқандалып жатқан күні ол қаржы министрлігінің салық бөлімінің бастығы атанады да, ал соғыстан кейін 1947 жылы ол қаржы министрі Исибаси Таидзанның орынбасары болып тағайындалады. Исибаси Икэда қызметінің өрлеуіне көп көмегін тигізген. Икэданың жолы болды. 1949 жылы өзінің үшінші кабинетін жинап жатып, Есида өз округынан сайланған Икэданы байқап қалып, оны қаржы министрі етіп тағайындайды. Осы салада Икэда біраз қиындықтарға тап болды. Ол атаққа ие болмаған Доджа деп аталатын бюджеттік реформаларға арналған бағдарламаны іске асыруға мәжбүр болды. Икэда өз жұмысын тыңғылықты атқаруға тырысты, бірақ қатаң шаралардың әсерінен елде қиын жағдай туындады. Дәстүрлі экономиканың өкілі Икэда үшін бұл жағдай сабақ алатын мектеп ретінде болды.

Икэданың билік басына келуімен мемлекеттік билік экономика саласын жақсартуға жұмсалды. Елдегі «қауіпсіздік келісіміне» байланысты наразылықты және консерваторларға деген көзқарасты қалпына келтіру үшін Икэдаға халық алдында сөз сөйлеу керек болды. осы үшін Икэда «екі еселендіру» деп аталатын ұтымды жоспар қолданды. Ол өйткені қоғамның барлық таптарын, ірі байларды, шаруаларды, жұмысшыларды, орта тапты қанағаттандыратын және барлығына ұнайтын жоспар болды. сайлауда ЛДП жеңіске жетті, бірақ оның жеңіске жетуі соңына дейін күмәнді болды, өйткені «қауіпсі

1234
скачать работу

Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ