Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы

ссөздерден кейін 1972 жылы аралдарда қайтадан жапон егемендігі орнады. Сато КСРО және Қытаймен де қатынастарды жақсартуға тырысты, бірақ нәтижесіз. 1972 жылдың шілдесінде ол пермьер орнын партия ішіндегі араздықтар себебінен тастап кетеді. 1974 жылы Сато Жапонияны антимилитаризм бағытына бет бұрғызғаны үшін Шон Макрбайдпен бірге Нобель сыйлығына ие болады. Норвегиялық Нобель сыйлығының өкілі Осе Лионес осы жөнінде былай деп кетеді: «соғыстан кейінгі Жапонияда ұлтшылдық саясатының жандануының алдын алып, халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін айтып, арбитрсіз түсініспеушіліктерді шешуге тырыса отырып, бейбітшіліктің орнауына Сато алғашқы үлес қосты». Сонымен қатар Лионес әлемдік державалар арасынан Жапонияның ядролық қаруды сынауы Сатоның басшылығымен орнатылған тәртіп деп атап кетті. Сыйлықты алып жатып Сато АҚШ пен Кеңестер Одағын ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Ол сонымен қатар атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану жайлы халықаралық келісім жасасуды ұсынды. Дегенмен Сатоның Нобель сыйлығын иемденуін кейбір жерлерде жылы қарсы алмады. Бірақ жапондықтарды олардың мемлекетінің антимилитаристік деп танылғаны қатты қуантты. Кейбіреулерде Сатоның пацифизмдігі сұрақ тудырды. Өйткені жапондықтар Сатоның Вьетнамды бомбалауға келісім бергенін, Қытайдың БҰҰ−ға күруіне қарсы болғанын және Пекинмен қатынастарды жақсартпағанын ұмытпаған еді. 1975 жылдың 19 мамырында мейрамханада ас ішіп отырғанда Сатоның миына қан құйылды, ал екі аптадан кейін ол қайтыс болып кетті. Жалпы Сатоның басқарған кезеңін барлық жапондықтар жылы қарсы алмағанымен, ол өз елі үшін көп жақсылық жасауға тырысты. Сол үшін де оның есімі Жапония тарихында сақталып қалды.

ЛДП және елдегі басқа саяси партиялардың дамуы. Комэйто (Таза саясат партиясы) 1964 жыл. Соғыстан кейінгі жылдары Жапония тарихында билікке таласқан бірнеше партиялар байқалады. Олардың барлығы мемлекетті өздері қарастырған тұстарынан жандандырғысы келді. Оның ішінде экономиканы жақсарту, американдық бақылауға көзқарас, қауіпсіздік мәселелері маңызға ие болды. осы партиялардың арасынан ЛДП көшбасшы деуге болады. Өйткені бұл саяси партия бірнеше жылдар бойы жеңіс тізгінін ұстап жүрді. Сонымен қатар Демократиялық партия, Комэйто, Либералды партия, Коммунистік партия, Социал−демократилық партияларды атап кетуге болады.

Либерал−демократиялық партия 1955 жылдың 15 қарашасында либералды және демократиялық партиялардың қосылуынан құрылған. Құрылған уақытынан бастап, жиырмасыншы ғасырдың соғына дейін бұл партия елде бірпартиялық режим орнатты. ЛДП өзін халықтың өмір жағдайын тұрақтандырушы, демократия идеалында құрылған «халықтық партия» деп жариялады. Экономиканың дамуы, соның арқасында халық жағдайының жақсаруы партияға халық тарапынан үнемі жеңіске жетуге көмектесуіне ықпал етіп отырды. Дегенмен уақыт өте келе жиырмасыншы ғасырдың аяғында әртүрлі себептерге байланысты ЛДП өз монополиясын жоғалтып алды.

Социал−демократиялық партия 1945 жылы құрылған. Партия негізін жұмысшылар, шаруалар, балықшылар, орта және кіші кәсіпкерлер және зиялылар тобынан тұрды. Партияның негізгі тірегі профодақтар болып табылады. Партия мүшелеріне тән қасиет оның мүшелерінің көзқарастарының әртүрлілігі. Сондықтан шешім қабылдау үшін компромисске келу маңызды болып табылады.

Коммунистік партия 1922 жылы жасырын түрде құрылып, 1945 жылға дейін заңсыз түрде жұмыс істеген. Заңды түрде тіркелген соң оның қатарындағылар бірден көбейеді. Халық арасындағы атағы секскенінші жылдарға қарай ғана көтеріледі. Дегенмен ол алғашында Жапонияның сыртқы саясатта мәселелерін шешуге белсенді атсалысады. Тіпті бір кездері оппозициялық партиялармен бірігіп, ортақ мүдделерді де ұсынады. Коммунистік партия өз мақсаттарын марксизм−ленинизм принциптеріне негіздемейді.

1964 жылы «Сока Гоккай» діни ұйымы немесе сектасы негізінде «Комэйто» саяси партиясы құрылды. Оны «Таза саясат партиясы» немесе «Таза билік партиясы» деп атайды. Партия негізінде дін маңызды орын алады. Партия мүшелері өздерін жан жақты дамытып, әртүрлі салаларда қызмет атқаратынын айтып өткен. Яғни, олардың айтуынша буддизмнен өзге діндегілер діннен бөлек саясатты да ұштастырып жүре алмайды дегенге саяды. Негізі партия өз жұмысын ұзақ уақыт жасамады. Тек оның тарихта жатталып қалғаны дінмен байланысы болғаны үшін. Құрылғанынан алты жылдан соң партия бөлініп, секта түрінде қызметін жалғастырады. Дегенмен бұрынғы жағдайын қалпына келтіре алмайды. А лкейіннен ол тек ғасыр соңында қайтадан құрылады.

Ғылыми−техникалық революция. Ғылыми-техникалық революция Жапонияда қатты байқалды. Жиырмасыншы ғасырда Жапония АҚШ, Германия сияқты мемлекеттермен бәсекеге түсті. ҒТР жылдарында Жапонияның жоғарғы дәрежеге жетуін мынадай факторлар арқылы байқауға болады. Алдымен территориялық факторға тоқталсам. Бұл тұрғыдан алғанда Жапония ұтымды жағдайда емес. Мемлекеттің аумағы кіші, жырақта орналасқан арал, сонымен қатар пайдалы қазбаларға да бай емес. Таулы аймақ болғандықтан  жер сілкіністері мен тайфундар көп болып тұрады. Дегенмен осылардың арқасында Жапония өзге елдерден шикізатты алып, оны түрлі мақсаттарда ұтымды пайдалануға мәжбүр етті. Келесі өзге елдермен су арқылы байланыс орнататындықтан Жапония бақа елдермен көп қатынаста болды. Елдегі пайдалы қазбалардың жоқтығы Жапонияны өзгелерден металл өнімдерін сатып алып, ауыр өнеркәсіпті дамытуға ықпал жасады. Соның арқасында Жапония техника және технология, конструкторлық бұйымдарды жетілдірді. Және де Жапонияда ғылым өте жақсы дамыған. Халықтың өзі ғылымға, жаңалықтар ашуға, өзгерістер енгізуге бейім. Осыдан байқайтынымыз жапондықтардың географиялық жағдайы олардың ҒТР жылдарында жоғарғы жетістіктерге жетуіне септігін тигізді. ҒТР жылдарында Жапония сапалы техника және технология тауарларын өндіретін Батыс Европа мемлекеттері, соның ішінде Германиямен бәсекеге түсетін дәрежеге жетті. Бұл құбылысқа кейбір мамандар «экономикалық ғажайып» деген де сипаттама береді. Ал менің ойымша, бұл ғажайып емес, жапондықтар табиғатынан ғылым мен зерттеуге бейім халық деп ойлаймын. Ал ҒТР жылдарында олардың техникалық жабдықтандырудан басқа салаларға табиғи қорлары жетпейдіндігі анық байқалды. Сол себепті, Жапония осындай жетістіктерге жете алды. Жалпы бұл Жапонияның өзіне де, өзге мемлекеттерге де пайдалы құбылыс болған сияқты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. История Японии, А.Е. Жуков, 2 том, Москва
  2. История Японии. XX век: В. Э. Молодяков, Э. В. Молодякова, С. Б. Маркарьян — Санкт-Петербург,2009
  3. Япония в Азиатско-Тихоокеанском регионе / Japan in the Asia-Pacific Region: — Санкт-Петербург,2009
  4. Макаров А.А. Политическая власть в Японии -  М.: Наука, 1988
  5. История Японии 1945-1975 гг. — М.: Наука, 1978
6.     История стран Азии и Африки в новейшее время, 2 часть - М.:1979
7.     Кузнецов Ю.Д., Навлицкая Г.Б., Сырицын И.М. История Японии - М.: Высшая школа, 1988

 

Пайдаланылған әдебиеттердің ғаламтордағы электронды нұсқалары қолданылды.

                                                              Әбдезова Айгүл              МО 11

1234
скачать работу

Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ