Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы

здік келісіміне» байланысты наразылықтар мен оппозициялық топтардың халық ішінде жүргізген үгіт насихаты ЛДП  жеңісін жоққа шығарғандай болып еді. Осы сайлауда жеңіске жету партия үшін өте қажет болды, өйткені осы жолы оппозицияның жеңіп кетуі әбден мүмкін еді. Сондықтан осы сайлау халық жады мен ел тарихында есте қалды. Негізі жеңіс бір Икэданың күшімен емес, жұмыла жұмыс істеген консерваттардың арқасында да. Сонымен бірге оппозиция мүшелері де сол жылы бірнеше көзқарастар ұстанып, бөлініп кеткені бар еді. Кешегі одақтастар қарсыластарға айналып кетті.

Саяси сахнаға центристік партиялардың шығуы. Алпысыншы жылдары елде оппозициялық күштер мен басқарушы күштер арасында елдегі саяси жағдай жөнінде келіспеушіліктер белең алды. Иделогиялық мәнде басқарушы Либералды Демократиялық партия либералдар мен ұлтшылдардың әркелкі күштерінен құралды. Үкімет тәжірибе жүзіне мемлекеттің абыройын көтеру және халық санасында патриоттық сезімдерді жоғарылату сияқты тәртіптерді енгізуге тырысты. Мемлекеттің құрылған күнін тойлайтын болып шешілді және Мэйдзи исиннің жүз жылдығы да атап өтілді. Партия ішінде бұрынғыдай «бейбіт» конституцияны қайта қарауды ұсынушылар жоғары атақты болды. алайда қоғам бұл мәселеге басқаша қарады. Сондықтан тікелей және демократиялық жолмен билікке келген саяси элита осындай үндеулерді жауып қана қоймай, өз тараптарынан бейбіт мақсаттарын паш етуге мәжбүр болып тұрды. Осы мәселеде ядролық мәселеге қатысты жапон консерваторларын атап өтуге болады. Алпысыншы жылдардың басында ядроға қарсы өозғалыстар көптеп болып жатқан кезең еді. Икэда басшылығы екіжақты саясат жүргізіп жатты. Бір жағынан АҚШпен арасындағы одақтастық жағдайынан онымен жақты қатынастар орнатуға тырысып бақты, екінші жағынан ядролық қаруға қарсы халық наразылығын көріп, бебіт бағыт ұстанатынын айтып сендіргісі келді. Сондықтан да Жапония басшылығы бірнеше рет Мәскеу мен Вашингтон басшылықтарына ядролық сынақтарды тоқтатуын өтінетін хабарламалар жасады.

Оппозициялық лагерь идеологиялық түрде бөлінді. Оның түрлі салалары солшыл және оңшыл бағыттарды ұстанды. Олардың ішінара араздықтары тіпті коммунистер мен ЛДП арасындағы қатынастардан да бетер шиеленісіп кетті. Тіпті Окинава және Огасавара аралдарын қайтару туралы мәселені талқылауға оппозициялық партиялар жиналғанда да олар бір келісімге келе алмады. Демократиялық социалистер біртіндеп консерваторлар жағына өте бастады. Жоспарларының ұқсастықтарына қарамастан социалистік және коммунистік партиялар қатынастары достық қатынастарға жатпайтын. Бір жағынан бұл саяси бәсекелестік те болуы мүмкін. Өйткені олар бір саяси жоспар жасап жатқан еді.

1960−шы жылдардағы саяси жағдай елде өте қызу болды. Жапонияның коммунистік партиясы қатарынан Сига Есио мен Судзуки Итидзо шығарылып тасталды. Өйткені олар ядролық қаруларға байланысты келісімді ратификациялауға жақтастардың қатарында болатын. Алпыс төртінші жылдың шілде айында елде басқа партияларға қатарлас «Жапония даусы» атты жаңа партия құрылды. Алғашында оны КПСС қолдап жүрген болатын. Кейіннен бұл партияның шамасына қарап, оған ары қарай көмек көрсетуден бас тартты. Алпысыншы жылдардың аяғына қарай Жапония Коммунистік Партиясы антикеңестік бағытты ұстандырғысы келген Қытай коммунистерімен де арақатынасы суып кетті. Қытай басшысы Мао Цзэдун мен Миямото Кэндзи арасында ресми түрде айырылысу рәсімі өткен соң, Жапония компартиясы бірден тәуелсізденіп, Мәскеу мен Пекинді сынға ала бастады. Комэйто, социалистік және коммунистік партиялар аса жақын болмағанымен, көп жұмыстарда бірлік нышандарын байқатты. Америкалықтардың елге енуі және ядролық қарудан бас тарту туралы жоспарлардың орындалуын олар мемлекеттен бірдей талап етті. Вьетнамдағы соғыс Жапониядағы соғыстан кейінгі рух пацифизмді өрбітті. Социалистік партия «қауіпсіздік келісімінен» бас тартып, Жапонияның мәңгілікке қарусыз бейтарап мемлекет болып жариялануын талап етті. Социалистер бұл тұрғыда олардың идеялары Жапонияның заңында сыртқы саясатқа байланысты көрсетілген деп түсіндірді. Олар елдің сыртқы саясатын тек дипломатиялық жолдармен шешу керек деді және осы бағдарламаларды өз партияларының жоспарлық құжаттарына енгізді. Бірақ барлық оппозициялық партиялар қаруланбаған қауіпсіздік саясатын қолдамады. Олардың қатарында Жапонияның коммунистік партиясы болды. Осы орайда демократиялық социализм партиясының да орнысерекше болды. Олардың айтуынша, Жапония халықаралық қатынастарда өз орнын күшейту үшін Батыста да, Шығыста да өз күштерін балансты түрде қолдану керек. Бұл жағынан олардың көзқарастары өзге оппозициялық партиялардың көзқарастарымен мүлдем сәйкес келмеді. Демократиялық социализс партиясы қауіпсіздік мәселесі жайында келесі бағыттарды ұсынған еді: қауіпсіздік шаралары дегеніміз ол қарулану емес, бұл жай ғана Жапонияға нақты бір жағдайларда қауіп төнгенде мемлекеттің жеке қорғаныс қызметінің болуы және оның жұмысы концепцияларын ұсынды. Сонымен қатар онжылдықта студенттер арасында да белсенділік байқалды. Вьетнамдағы соғыс, ұрпақтар түсініспеушілігі, қоғамдық өмірдегі өзгерістер және жаңа дәстүрлердің қалыптасуы халық арасында түрлі наразылықтарды туындатты.

Сато Эйсаку кабинеті. Жергілікті билік-әкімшілік жүйе. Жапонияның премьер−министрі Сато Эйсаку Ямагути префектурасының Табусе ауылында дүниеге келген. Отбасындағы үш ұлдың кішісі болған, әкесі Хидесуке Сато спиртті сусындарды өндіруші, ақын және шенеунік болған. Жалпы оның отбасында он бала болған екен. Оның отбасындағы үш ұлының бірі, Ичиро адмирал болған да, қалған екеуі, Эйсаку мен Нобусуке саясатқа бет бұрып, екеуі де Жапонияның премьер−министрлері болған.

Табуседегі Куники бастауыш мектебін және Куматото орта мектебін тамамдаған соң Сато Токиолық император жоғарғы оқу орнына түсіп, неміс құқығын бойынша маманданады. 1924 жылы университетті заң саласындағы маман ретінде аяқтаған соң Сато қаржы министрлігіне жұмысқа тұрғысы келеді, бірақ темір жол министрлігіне орналасады. 1926 жылы Сато өз туысы Хироко Сатоға үйленеді және оларда екі бала туылады. Қызметте Сато жақсы көтерілді, ол бірнеше жоғарғы орындарда болды. солардың қатарында 1944-1946 жылдары Осаки темір жолдарының бюросы директоры, 1947-1948 жылдары тасымалдау жөніндегі вице−министр. 1948 жылы Сато көлік шаруаларын қойып, саясатпен айналыса бастайды. Демократ−либералдар партиясына мүше болады да, Ямагути префектурасындағы оның төрағасы болып сайланады. Қазан айында премьер Сигеру Йосида оны өз жұмысына шақырады. Йосида қанша тырысқанымен екінші соғыстан кейін де америкалық оккупациялық күштер Сатоның көтерілуін бақылауға алды. Өйткені, Сатоның ағасы Нобусуке әскери кезең офисіне жатқызылып, әскери қылмыстар жасаған деген күдікті болды. Алайда Нобусуке жапон некелік дәстүрлеріне сай өз тегін Кисиге ауыстырып, оның бауырлары саясатпен айналысуға мүмкіндік алды.

1949 жылы парламентке сайлауда Сато күштер қатынасын өз партиясының пайдасына шешті. Ол хатшы қызметін босатып, премьер Йосиданың жақын көмекшілерінің бірі болды. Алдымен 1951-1952 жылдары пошта және телекоммуникация министрі болып, одан кейін 1952-1953 жылдары құрылыс министрі, содан соң партияның бас хатшысы болып сайланды. 1954 жылы Сатоның қызметі қатты күйзеліске ұшырады. Оған және бірнеше саясаткерлерге кеме жасайтын компаниядан пара алды деген айып тағылған еді. Оған қарсы айыптар алып тасталғанымен, партия өте көп зардап шекті. 1957 жылға дейін Сато саясаттан аулақ жүрді. Кейіннен жаңаланған либерал−демократиялық партияның  атқарушы комитетінің төрағасы болып сайланды. Ал президенті оның ағасы еді. 1958 жылы Нобусуке Киси Жапонияның премьері болды. Ал бауырын қаржы министрі етіп тағайындады. 1960 жылы премьер болып Сатоның сыныптасы Хиято Икеда сайланды. Ол Сатоға сыртқы сауда мен өндіріс министрі орнын ұсынды. 1962 жылы Сато кабинеттен шықты. Сөйтіп шетелге аттанды. Сато онда АҚШ, Франция және өзге батыс елдерінің басшыларымен кездесіп, тәжірибе жинап қайтты. 1963 жылы Икедамен арасындағы келіспеушіліктерге қарамастан, Сато оның кабинетіне оралды. Сөйтіп онда 1964 жылға дейін қалды. Кейіннен ол партия жетекшісі орнына өз кандидаттығын ұсынды, ал егер жеңетін болса тіпті пермьер дәрежесіне жету үшін. Икеда өз басшылығын сақтап қалғанымен, 1964 жылдың қазанында ол денсаулығына байланысты демалысқа  кетуге мәжбүр болды. біраз уақыт ойланғаннан кейін Икеда Сатоны өз мұрагері ретінде жариялады. Сол жылдың қараша айында парламент оны премьер етіп сайлады.

Билікке келе салып, алғашқы күндері ақ Сато Жапонияның халықаралық аренадағы орнын күшейтуге күш жұмсайтынын, сонымен қатар соғыстан кейінгі пацифизмнің сақталатынын мәлімдеді. Рәсімдеу салтанатынан кейін ол былай деді: «Жапония секілді қаруланбаған және ядросыз мемлекеттер бейбітшілікті сақтауда үлкен орын алуы тиіс». Премьер ары қарай АҚШ−пен тығыз қатынастарды жалғастыратынына уәде берді және соғысқа қатысты Жапония конституциясын ұстанатындығын айтты. Күн санап өсіп келе жатқан Жапонияның әскери экономикасы тығырыққа тірелді. Сато Жапония алдағы уақытта ядролық қаруды қолданбайтын, дайындамайтын және мемлекетке енгізбейтін ел болады деген анық жоспарлар айтты. 1965 жылы ол бейбітшілік жөніндегі контрактқа қол қойып, жапония агрессиясының құрбаны болған Оңтүстік Кореямен дипломатиялық қатынастарды қайта жаңғыртты. Екі жылдан кейін Сато Филиппин аралдарына, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Оңтүстік Вьетнамға, Лаосқа, Таиландқа, Сингапурге, Малайзияға, Индонезияға және Бирмаға сапар шекті. Мұның барлығы Жапонияның сауда және мәдени қатынастарына оң өзгеріс енгізді. Вьетнам соғысы жылдарында Сато арақатынасшы болам деп, 1968 жылы Солтүстік Вьетнамда американдық бомбалауға келісе отырып көптеген жапондықтардың көңілін қалдырды.

АҚШ елімен тығыз байланыстың арқасында Сато Жапонияға Окинава және Огасавара аралдарының бейбіт жолмен қайтарылуына қол жеткізді. АҚШ бұл аралдарды екінші маңызды соғыс кезінде жаулап алған болатын. Бесжылдық келі

1234
скачать работу

Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ