Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

ай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы  ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.
Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы процесінде экономикалық ынталандыру мәселесіне арнаулы қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының  статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің жылдық статистикалық есептері құрады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде постиндустриалық қоғамға өту кезеңіндегі өндіріс тиімділігін арттырудың  шешуші факторы - экономикалық ынталандыру мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде келесі нәтижелер қорытындыланды:
–  нарықтық қатынастардың тереңдеп даму жағдайында экономикалық ынталандыру ұдайы өндірістің басым факторы ретінде қарастырылған, оның мазмұны мен табиғаты интеграциялық көзқарас тұрғысынан жаңаша зерделенген;
–  дамып келе жатқан постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай экономикалық ынталандырудың жіктемесі нақтыланған;
–  постиндустриалды қоғам дамуының жаңа заңдылықтары мен үрдістері негізінде экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін қалыптастырудың негізгі әдістемелік принциптері айқындалған;
–  еңбек белсенділігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі мен еңбек ақы төлеудің арасындағы өзара тығыз байланыстың негізгі тетіктері бағдарланған;
–  экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі ұсынылған;
–  «шаруашылықтарды бірге жүргізу» сияқты уәждемелер, еңбекке экономикалық ынталандыру арқылы капитал мен еңбектің тиімді байланысына бағытталған кешенді шаралар ұсынылған, яғни жұмыскердің басқару ісіне, шешім қабылдауға және тек еңбек пен өндіріс процесінде емес, жалпы әлеуметтік және жалпы мемелекеттік мәні бар істерге де қатысуына мүмкіндік беру жайлары талданылған.
Диссертацияның қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдары:
- экономикалық ынталандыруды зерттеу түрлі теориялық-әдістемелік принциптерге бағдарланып, интеграциялық қатынастарға негізделген болуы керек;
- экономикалық ынталандыру әдістемесінде жұмыскерлер «экономикалық адам» қалпында қарастырылады. Бұл жағдайда олардың еңбекті ынталандырудың материалды емес түрлеріне де белсенді қатысу қажеттілігі туындайды: кәсіпорындарды басқару, еңбекті ізгілендіру, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік алуы, т.б.;
- сапалы экономикалық өсуге қол жеткізу еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуді мына түрде қарастыруды қажет етеді: еңбек белсенділігін арттыруда жалақының рөлін көтеру; «шарттарды бірге жүргізу» уәждемесін ынталандырма ретінде дамыту; еңбекті сапалық жағынан түрлендіру;
- өндірістің тиімділігін макродеңгейде қамтамасыз  етудің негізгі бағыты - өнімнің жаңа сапасын экономикалық ынталандыру, бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық прогреске, адам капиталына, инвестициялық, ақпараттық және прогресшіл технологиялардың басымдылығына негізделеді.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер, теориялық зерттемелер және практикалық ұсыныстар экономика ғылымында өндіріс тиімділігін арттыруы экономикалық ынталандырудың теориялық және әдістемелік жақтарын кеңейтумен қатар, аталған мәселелерге қатысты салалық және республикалық экономикалық бағдарламалардың негізін жасауға қолданылуы мүмкін. Диссертациялық зерттеудің жекелеген қағидалары «Экономикалық теория», «Фирма экономикасы», «Менеджмент», «Қызметкерді басқару», «Қазақстанның экономикалық реформалары»  курстары бойынша қажетке жарайды.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы (апробациясы). Жұмыстың негізгі қағидалары, нәтижелері мен тұжырымдары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і кәсіпорындарының семинарлары мен өндірістік мәжілістерінде талқыланып, төмендегідей халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Образование и бизнес: реалии и перспективы вхождения в международное образовательное пространство» (Алматы, 03 наурыз, 2006 ж.); «Қазақстан экономикасы және оны интеграциялаудың келешегі» (Астана, 10 қараша, 2006 ж.); «Государство и общество: новые аспекты взаимоотношения  (Алматы, 17-18 қараша, 2006 ж.); «Тәуелсіз Қазақстан: құқықтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың көпбағытты даму жолы» (Астана, 8-9 желтоқсан, 2006 ж.).
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Зерттеудің негізгі нәтижелері жалпы көлемі 3,0 баспа табақ болатын 8 мақалада, соның ішінде 4-і ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы Қадағалау мен атестаттау комитеті ұсынған басылымдарда, 4-і халықаралық ғылыми-өндірістік конференцияларда жарияланды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімдер мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 31 кесте және 10 суретпен безендірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында.  Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі  мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық  ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі  түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді,  зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс  қабілетін дамытудың күшті құралы.
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік   белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің жиынтығы.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар  мен қажеттіліктер, қызметкерлердің   еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске  асыруы, зияткерлік әлеуетті дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыру;
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы  жаңа ынталар жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін  ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі  әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі – бой көтере бастаған  және ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса
12345След.
скачать работу

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ