Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы  жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту  есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.
Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2001 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 1995-2005 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті (1-сурет).
 Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша
Сурет 1 - Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өнімінің динамикасы
(1995-2005 ж.ж.)
Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 1995 ж. республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе, 2005ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде.
Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың  үлесі басым.
Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында минералды өнімдер үлесінің өскені байқалады: 1999 ж. 11,5%-дан 2005 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіп өнімінің де үлес салмағы біртіндеп артып келеді.
Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды. Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі еңбекақының үлесі 2000 ж. 35,8%-дан 2004 ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің  табысын құрайтын  таза пайда мен аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің тиімділігінің өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет көрсету саласынан түскенін көрсетеді.
Қарастырылып отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші - өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа түріне қарағанда динамикалық қалыпты өсуі мен жоғары деңгейіне қол жеткізілді (1-кесте).
Кесте 1 - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларының тиімділігі
Көрсеткіш 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж.
Барлық экономиканың тиімділігі, % 21,6 14,8 18,5 21,6 25,7
Кен өндіруші саланың тиімділігі, % 45,1 37,8 31,9 38,8 67,5
Қайта өңдеу саласының тиімділігі, % 21,4 13,8 19,2 21,4 22,8
Ауыл шаруашылығының тиімділігі, % 5,4 5,3 -4,4 13,8 1,7
Құрылыс саласының тиімділігі, % 4,3 4,5 5,2 5,0 3,4
Сауданың тиімділігі, % 4,7 3,4 5,8 9,3 4,9
Көлік және байланыс саласының тиімділігі, % 9,4 11,8 18,7 18,1 18,9
Қаржылық қызмет саласының тиімділігі, %  3,3 32,5 15,6 9,1 11,2
Жылжымайтын мүлік операциясының тиімділігі, % 40,1 -3,2 13,8 4,3 8,3
Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша

1-кестеде келтірілгендей, өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділіктің жоғары дәрежесіне ие. Кен өндіру саласы кәсіпорындарының тиімділігі мемлекет экономикасын тұтастай алғандағы пайдалылықтан жоғарырақ. Дей тұрғанмен, 2004 ж. барлық залалды кәсіпорындардың 50,7%-ы өнеркәсіп үлесіне тиеді, соның ішінде 11,5%-ы кен өндіру саласы, 21,4%-ы өңдеу саласы.
Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты – инвестициялық белсенділік. Инвестициялық қызметтің соңғы 5 жыл ішіндегі динамикалық өсімі қаржылық емес активтер бойынша өте қарқынды болды, олар жыл сайын орта есеппен 20%-ға көбейді. Экспортқа бағытталған салаларға  инвестициялардың өсуімен қатар, олардың ішкі нарықтағы тапшылығы байқалады.
Тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің, яғни қазіргі мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырудың басым факторы – еңбек өнімділігі. Демек, еңбек өнімділігін арттыру ұлттық экономиканың әртараптануының, фирманың, саланың, экономикалық қызметтің нәтижелілігінің алғы шарты.
Зерттеліп отырған кезеңді тұтас алғанда корпорацияның бұл бағыттағы түпкі көрсеткіштері аса нәтижесіз емес. Алайда, табыстың өсу динамикасы тұрақсыз. Корпорацияның жалпы табыстылығына негізгі өндірістің тиімділігі, яғни негізгі қызметтен түсетін пайданың мөлшері тікелей әсер етуде. Мәселен, 2001 ж. корпорацияның таза табысы 2000 ж. салыстырғанда 4,6%-ға ғана кемісе, 2003 ж. бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,6%-ға төмендеп кетті. 2006 ж. корпорацияның таза табысы алдыңғы 2005 ж. қарағанда 128,5%-ға арттырылса, 2000 ж. салыстырғанда шамамен 6,0 есеге өскен.
Зерттеліп отырған кезеңде, корпорация табыстарының жалпылама өсу барысына қарамастан, өндірістің тұрақсыздығы орын алды, мұның басты себептерінің бірі әлемдік нарықтағы мыс өнімі бағасының ауытқуы. Осыған байланысты 2001-2003 жж. аралығында өндіріс көлемінің өсу қарқыны біраз төмендеді, әсіресе кәсіпорынның негізгі өнімі – катодты мыс өндіру азайды.
2000-2004 жж. серіктестіктің өнімділігі өнімнің материалдық  сиымдылығы 0,15-тен 0,12 теңгеге дейін азая тұрса да 1,4 есе арттырылды. Бұл жылдары негізгі өндірістік қордың қайтарылымы 0,73 теңгеден 0,62 теңгеге дейін, ал өндірістің жиынтық тиімділігінің деңгейі 49,1%-дан 45,5%-ға дейін кеміді. Корпорацияның негізгі экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай оңала бастады.
Мәселен, 2004 ж. алдыңғы 2003 ж. салыстырғанда еңбек өнімділігі 32,8%-ға өсіп, 2 млн 546 мың теңгені құрады, өнімнің материалдық сиымдылығы 33,7%-ға төмендеп, 0,12 теңгеге теңелді, негізгі өндірістік қорлардың қайтарылымы 17,0%-ға арттырылды, өнімнің пайдалылық дәрежесі 14,3 пайыздық пунктке  көтерілді.
 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті  меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.
Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте).
2-кестеден көрініп тұрғандай, 2000-2006 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2000 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.
Нарықтық қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына ынталандырудың әсерін  күшейте түседі. 
Кесте 2 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері
Көрсеткіштер Жылдар
 2000  2001  2002 2003  2004 2005  2006
Сатудан түскен табыс,
мың теңге  112699401 116625405 125221331 124219953 170492574 228817260 411176304
Өткізілген өнімнің өзіндік құны,
мың теңге 47093088 54165092 

12345След.
скачать работу

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ