Осман империясы
йылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империяның бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет(губерния) пен санджакка(уездерге) бөлінді, олардың билеушілерін орталық үкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жаңаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министерліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды. II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлға медициналық, әскери және теңіз инженерлік училищелері ашылды. 1831 жылы түрік тілінде бірінші мемлекеттік газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді. Одан да маңыздырақ рефориалар II Махмұд өлгеннен кейін іске асырылды.
XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман имеприясының жағдайы.
XIX ғасырдың бірінші ширегінде Осман империясының ішкі дағдарысы әлі де шиеленіскен жағдайда еді. Әр түрлі провинцияларда бас көтерулер, наразылық шерулері өсе бастады. Әскерде де толқулар болып тұрды. II Махмұт сұлтан 1826 жылы янычар (жаңашерік) әскерін таратып, оның орнына жаңаша тәрбиеленген қарулы әскер құрмақ болды. Бұған янычарлар көтеріліспен жауап берді. Сұлтан өкіметі көтерілісті күшпен басып янычарларды жазаға тартты, янычарлар корпусын таратты. II Махмұт енді жаңа әскери реформамен қатар, мемлекетті басқару ісіне де өзгерістер енгізді. Елдің аумағы аймақтар мен губернияларға бөлінді. Еуропалық үлгідегі министерліктер құрылды, ондағы қызметкерлер шапандары мен бастарындағы шалма орамалдарын еуропалық киімдермен ауыстырылды. Осман империясында жерге жеке меншік құқығы енгізілді.
Осындай өзгерістерге қарамастан, империяның әлсіреуі жалғаса берді . 1828-1829 жылдары орыс-түрік соғысынан кейін Грекия, Сербия мен Дунай князьдіктері империя шеңберінде өзін-өзі басқару құқығына ие болды. II Махмұттың сәтсіз соғыстарының бірі Мысыр (Египет) патшасы Мұхаммед Әлимен болған соғыс еді. Түрік сұлтанына бағынғысы келмеген Мұхаммед Әлидің әскері сұлтан әскерін талқандап қана қоймай, тіпті Стамбұлғақауіп төндірді. II Махмұт орыс патшасы
I Николайдан Босфор бұғазының азиялық жағалауына орыс әскерлерінің түсірілуін өтінді. 1833 жылы ақпанда орыс әскері бұғазға кірген соң, Мысыр (Египет) билеушісі Мұхаммед Әли кейін шегініп, Стамбұлға бағыттаған әскерін кері қайтарды. Осыдан кейін орыс-түрік келісіміне қол қойылып, келісім бойынша Ресей сұлтанға әскери көмек көрсетуге міндеттенді, ал Түркия Дарданелл бұғазына орыстардан басқа ешбір шетелдіктерді жібермеуге уәде берді.
1839 жылы түрік сұлтаны II Махмұд дүние салып, сұлтан тағына оның ұлы 16 жасар Абдул Меджид отырды. Шетел державалары Мысыр сұлтаны Мұхаммед Әлидің жаңа сұлтанның билігін мойындауға күшпен көндірді және Мысыр әскерін 18 мың адамға дейін қысқартуға, оның әскери флотын империяға беруге мәжбүр етті. Осы талаптарды қабылдағаны үшін шетелдік державалар Мұхаммед Әлиді Мысырдың мұрагер билеушісі ретінде танылды.
XIX ғасырдың бірінші ширегінде жүргізілген реформалар сұлтан үкіметін нығайта алған жоқ. Империяның құлдырау кезеңі одан әрі жалғасты.
Танзимат реформалары. Оның 1-ші және 2-ші кезеңдері.
20-30 жылдардағы реформалардың кемшілігін Осман империясының билеушілері арасындағы терең ойлы, алыстан болжағыш қайраткерлер жақсы түсінді. Олардың арасындағы еуропалық өмірмен жете таныс, білімді мемлекет қайраткерлері де болды. Сондай көреген қайраткерлердің бірі II Махмұдтың сеніміне ие болған Мұстафа Рашид паша (1800-1858) еді. Ол бірнеше жылдар Англия мен Францияда елшілік қызмет атқарған , содан кейін сыртқы істер министрі қызметінде отырған болатын. Мұстафа Рашидтің жетекшілігімен жаңа реформаның жоспары жасалды. Оның мақсаты сұлтан өкіметін нығайтып, Балқандағы ұлт-азаттық қозғалысты тоқтату және түрік өкіметінің еуропалық державаларға тәуелділігіне тежеу қою, мемлекет құрылысын Батыстың мемлекеттік құрылысына жақындату болды.
Реформа туралы жарлық II Махмұт сұлтан кезінде әзірлене бастап, оны жариялау оның баласы сұлтан Абдул Меджид тұсында іске асты. 1839 жылы қарашада сұлтанның жазғы сарайы Гюльхане алдында «Қасиетті жарлық» — «Гюльхане хатт-и шериф» халыққа жарияланды. Бұл Түркия тарихындағы жаңа реформалық кезең – танзимат – қайта ұйымдастырулар аталған реформалар дәуірін бастап берді. «Гюльхане хатт-и шериф» үш негізгі жаңарту мақсатын жария етті:
1) діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық бағынышты халықтарының өмірін,ар-ұжданын және дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2) салықтарды дұрыс жинау және әділетті бөлу
3) әскери қызмет мерзімін қысқарту.
Билеуші топтардың үзілді-кесілді қарсыласынан бірқатар шараларды жүзеге асыру мүмкін болған жоқ. Дегенмен біраз игілікті шаралар іске асырылды. Жер туралы, қылмыстық іс және азаматтық іс кодекстері қабылданды. Сұлтан таққа ресми түрде отырған соң, қабылданған заңдарды бұзбауға міндеттеме алды. Ақша реформасы жүргізілді. Қызметкерлердің жалақысына қатаң шек қойылды. Орта мектептер ашылды. Империя аумағында теміржолдар мен байланыс тораптары салынды. Алғашқы өнеркәсіп орындары пайда болды.
1853 жылы басталған Қырым соғысы реформалық әрекеттердің одан ары жалғасуына кедергі жасады. Танзиматтың 1-ші кезеңінде (1839-1853) әкімшілік, мемлекеттік басқару, экономика және мәдениет саласында бірқатар шаралар іске асырылды. Бірақ реформалардың түпкі нәтижесі қала мен ауылдағы халықтың жағдайына елеусіз өзгеріс әкеле алған жоқ. Шетелдіктердің мемлекет ісіне араласуына да шектеу қойылмады.
XIX ғасырдың екінші жартысында сұлтан өкіметі империяны нығайту мақсатында ұлттық қозғалыстарға бірқатар жеңілдіктер жасалды. Мұсылман емес халықтар – армяндар, болгарлар, гректер, румындар, сербтер яғни империя халқының 40% құрап отырған тұрғындарға мемлекет алдында теңдік құқығы берілді делінді. Бұл жаңа саясаттың негізінде сұлтанның билігіне бағынышты халықтың бәрі османдар деп аталды және олардың бәрі тең құқықты деп жарияланды. 1856 жылы Абдул Меджид манифест шығарды. Онда Осман империясының тарихында алғаш рет барлық азаматтардың теңдігі, мұсылман және мұсылман еместердің заң алдында бірдей екендігі жарияланды. Мемлекет мұсылман емес діни ұйымдардың өмір сүруін заңдастырды. Білім беру саласында бұрынғы мұсылмандық діни бағытынан зайырлы бағытқа бұрылуға қадам жасады. Христиандарды мемлекеттік қызметке алуға рұқсат берілді.
1839 -1870 жылдардағы танзимат реформалары елді жаңартуға, оны артта қалудан сақтауға бағытталды. Жаңа өзгерістер жүргізу арқылы шетелдік тәуелсіздіктен құтылу, елді ауыр дағдарыстан алып шығу, ұлттық қозғалыстарды бәсеңдету жолында жасалған қадам болды. Танзимат реформалары мұсылмандардың, соның ішінде түріктердің де көңілінен шыққан жоқ. Реформа жеке меншік жер иелену құқығын беру арқылы кәсіпкерлік пен сауданың дамуына жол ашты, бірақ оның пайдасын халықтар көрді. Осман империясындағы қалалрдың тұрғындары негізінен мұсылман емес халықтар- гректер, армяндар, еврейлер еді. Түріктер негізінен ауылдық жерде тұрды, сондықтан реформа олар үшін салықтың өсуімен бірге жүрді. Жерге жеке меншіктің енгізілуі шаруаларды жерді мұрагерлікпен пайдалану құқығынан айырылды. Өйткені жерді жеке меншікке шаруа емес, енді сипахилар иемденетін болды. Жаңа жер иесіне шаруаны отырған жерінен қуып шығуға құқық берілді.
Танзимат реформаларына дейін мұсылман емес халықтар қосымша салықтар төлейтін, олар мемлекеттік қызметке алынбайтын .Енді мұсылман емес , діні басқа халықтарды мұсылман түріктері мен теңестіру ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ата-баба дәстүрін аяққа таптау деп түсінген мұсылман халықтарының ашу–ызасын, наразылығын тудырды.
Ал қоғамда реформалық әрекеттерді одан әрі тереңдетуді қоштаған либералдық топ-саудагерлер, кәсіпкерлер еуропалық біліммен тәрбиеленген қызметкерлер мен әскерлер болды. Олар 1865 жылы «Жаңа османдар» дейтін жасырын ұйым құрды. Оның жетекшісі белгілі жазушысы Намык Кемал болды. 1876 жылы бұл ұйымның күшімен либералдар сұлтан Абдул Азизді тақтан түсірді. Сөйтіп, сұлтандық билікке IIАбдул Хамит келді. Ол 1876 жылы желтоқсанда конституцияны екі палаталы парламентті бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялады.
Конституция мемлекеттік тіл- түрік тілі, мемлекеттік дін – ислам діні деп жарияланды. Сұлтанның билігіне заңды шек қоюға әрекет жасау мүмкіндігі туды. Бұны IIАбдул Хамит жақсы пайдаланды. Ол өзінің қол-аяғын шырмаған конституция шеңберінде шектеліп қалғысы келген жоқ. Коституцияны жоюға 1877 -1878 жылдардағы орыс-түрік соғысы сылтау болды. Осы соғыста Осман империясының жеңілуін себеп санаған сұлтан «Жаңа Османдарға» қарсы шығып, парламентті таратуға, конституцияны жоюға кіріседы. 1878 жылы ақпанда сұлтан парламентті таратып, елді жеке өзі билейтінін жария етеді. Конституция сөз жүзінде сақталып қалғандай болды. Бірақ оның бірде-бір бабы іске аспады.
Мұсылман емес халықтардың мұсылмандармен теңестіруге берген уәде жайына қалды. Өкімет ұлттық қозғалыстарды басып жаныштауға көшті. 1894 жылы сұлтан билігіне қарсы шыққан армяндардың бас көтеруін басуға Кіші Азияның шығыс бөлігіне жазалау отряды жіберілді. Жазалаушылар аяусыз әрекет етіп, бүкіл бір аудан тұрғындарын қырып салды. II Абдул Хамит сұлтан (1876-1908) билеген кезең тарихта зюлим (езу, қанау, зұлымдық) деп аталып кетті. «Жаңа ос
| | скачать работу |
Осман империясы |