Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Осман империясы

мандар» қозғалысы Түркия тарихындағы маңызды кезең болды. Халық ағарту ісін дамыту үшін, феодалдық-абсолюттік билікке шек қою үшін және шетел капиталының елді қанауын тежеу үшін күресе отырып, олар түрік қоғамында саяси саланың қалыптасуына жол ашты. Сонымен қатар олар халық бұқарасынан олардың түпкілікті мүддесінен алыс тұрды. «Османизм» идеясын ұсына отырып, Осман империясының құрамындағы

Барлық халықтарды дініне , тіліне, ұлтына қарамай бір халық деп санауы «Жаңа османдарды» ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы қойды, түрік емес халықтардың қолдауына ие болған жоқ.

XIX ғасырдың соңында Осман империясының құлдырауы және отар елге айналуы.  Сұлтан өкіметі билігінің сақталуы елдегі дағдарысты одан ары тереңдете түсті. Осман империясы өнеркәсібі артта қалған, қаржылық дағдарысы тереңдей түскен, Батыс елдеріне тәуелді ел болды. 1879 жылы Осман империясы өзінің батыс еуропа елдерінің алдында қарызын өтей алмайтындығын мойындады. Арнаулы комиссия елдің табыс бюджетін өз қолына алып қарызды төлеттіруге кірісті.

Батыс державалары Осман империясының ішкі ісіне белсене араласа бастады. XIXғасырдың соңғы ширегінде империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния сияқты иеліктерінен айырылды. Балқан түбегінің түрік билігінде қалған сайын тұрғындары өін-өзі билеуге ие болды.  Закавказьедегі Ресейдің шекарасы империяға ішкерілеп, түріктер тұрып жатқан жерге дейін жылжыды. Басқа да иеліктерден айырылуға тура келді: Франция, Алжир мен Тунисті, Англия Мысыр мен  Қаћіраны түріктерден тартып алды. XIX ғасырдың соңына қарай Осман империясының солт. Кафрикалық  иеліктері еуропалық мемлекеттердің билігіне көшті. Франция, Сирия мен Ливанда Англия Парсы шығанағы мен Қос өзен аймағында үстемдік етуге ұмтылды. Австрия-Венгрия әскерлері Босния мен Герцеговинаға енді.

Англия, Франция және Австро-Венгрия егер Осман империясы толық күйрейтін болса, Ресей империясының ықпалы күшейіп, Славян мемлекеттерін және Қаратеңіз бұғаздарын өз бақылауына алады деп қауіптенді. Міне, XIXғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы «Шығыс мәселесінің» басты мәні осылайша дамыды.

II  Абдул Хамит енді Германия мен тығыз байланыс орнатуға бет бұрды. 1888 жылы билікке II Вильгельмнің келуі Германияны Осман империясы мен жақындатты . Герман императоры өзін «Мұсылмандардың қолдаушысымын» деп мәлімдеді. Неміс офицеріне Осман әскерін қайта құруға тапсырма берілді. Германияның Осман империмясының орныққандағының басты бір мысалы- немістердің Берлин- Стамбұл- Бағдат  теміржолын салуы болды. Бұл әскери маңызы зор магистраль болашақта Бағдатты Парсы шығанағымен жалғастырады деп жоспарланды. Бұл Германияның өз әскерлерін Еуропадан Таяу Шығысқа әкелуіне мүмкіндік беретін еді.  Сөйтіп, ондағы Англия мен Францияның отарлық иеліктеріне , Ресейге де қауіп төнетін еді.

    «Жас түріктер» қозғалысы.  XIX ғасырдың соңында реформаторлықтың жаңа толқыны түріктердің ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың  50-60 жылдары басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық  сипаты басым еді. «Жаңа Османдар» ұйымының мүшелері және белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемал бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуының және оның әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылғы Стамбұлда «Бірлік және прогресс» (Иттихад ве теракки) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері провинциялары мен шетелде де құрылды. ¦йымның алға қойған жақын арадағы мақсаты – конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүгізіп, елдің экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді . Бұл қозғалыстың  өкілдерін жас түріктер деп атады.

XX ғасырдың басында Осман империясының халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында  тұрген кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әсерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түрік революцияның басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы шілденің 2-де 1876 жылғы  конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатады. 1909 жылы жас түріктер II Абдул Хамит сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. 1908 жылғы жас түріктер револлюцияны Осман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді.

Өкімет келген жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық биліктеріне көшу империяның шет аймақтарында ұлттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. ¦лттық қозғалыс жетекшілеріме тіл табыса алмаған жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Австро-Венгрия Босния мен Герцеговинаны аннексиялады. 1911 жылы Ливиядағы түрік иеліктерін Италия басып алды. Түрікь үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет империяны сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Осман империясының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алды. Тек Стамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалды. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Энвер бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған жас түріктер империяның күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны артқа тұтқан Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа үштік одақ жағында араласты.               

    

Осман империясының XIX ғасырдың аяғындағы сыртқы саясаты.

XIX ғасырдың екінші жартысында империяның шет елдерге тәуелділігі күшейе түсті. Түрік үкіметінің несие қарызы тез өсті. Шетел капиталы елдің қаржысын тұтастай бақылауға алды. Несие бойынша сыртқы  қарызды өтеуге мемлекеттік шығынның жартысы жұмсалды. Шенеуніктерге жалақы төлеуге ақша жетпеді. 1878 жылы үкімет Осман империясының қаржы банкротына ұшырағанын мәлімдеді. Англия мен Франция мемлекеттік маңызды кіріс көздеріне өз бақылауларын орнатты.

Осман империясының қаржылық тәуелділігін шетелдер тиімді концессияларына алу үшін пайдаланды. Англия және Франциямен кескілескен күрес барысында Германия маңызды концессиялар алуға қол жеткізді. Ол Бағдад темір жол құрылысы концессиясын алды, өйткені ол ішкі аудандарды байланыстырып, шикізат рыногын  жақындатып, арзандатуға  қол жеткізетін жол еді. Европалық монополиялардың қарамағына темір жолдан басқа, теңіз көлігі, көмір мен басқа да кен байлықтарын өндіретін орындар ілікті.

Шетел капиталының ықпалы ауылшаруашылығында да байқалды. Франция Түрік үкіметінен түрік темекісін сатып алып өңдеп экспортқа шығаратын монополиялық құқықты сатып алды, өйткені бұл өндіріс елдің ауыл шаруашылығындағы ең маңызды сала болатын.

Банктің қолдауы мен көлік мүмкіндігінің кеңеюі Европалық өнеркәсіп бұйымдарын шеттен әкелуге және шикізатты сыртқа шығаруға жағдай жасалды.

XIX ғасырдың аяғына таман Түркияға әкелінген мақта маталардың жалпы құны 100 есе көбейді. Осыған байланысты жіп иіру және тоқыма өндірісіндегі жұмыс күші 2-4% қысқарды.

Осман империясын дүниежүзілік капиталистік шаруашылыққа тарту одан ары жалғаса берді. 70-80 жылдары елдің ішінде зауыт, фабрика, шахта,порт  салу жұмыстары басталды. Европалық өнеркәсіп пен бәсекеге түсе алмайтын немесе экспорттық қайта өңдейтін шаруашылық салалары құрылды.

Фабрика-зауыт өнеркәсібінің пайда болуы сауданың өсуі қыстақтардағы мүлік теңсіздігінің күшеюі буржуазиялық таптардың қалыптастыруға әсерін тигізді. Алайда капитализмнің баяу әсіресе өңделетін жердің 65 % сұлтанға, помещиктерге және дінбасыларына тиесілі қыстақтарда өте баяу жүрді. Сыбағаластық пен мемлекеттік салықтар шаруалар кірісін түгелдей жыртып отырды. Астық шықпай қалса аштық басталатын

1873-1874 жылдары астықтың шықпай қалуынан кіші азияның бірқатар аудандарында халық селдіреп азайып қалды. Шаруалардың басым көпшілігі бір гектардан да аз жерді иемденді. Мұндай шаруашылық табиғи болды және онда тұрпайы еңбек құралдары қолданылды.

Қыстақтардың артта қалуы бүкіл қоғамның дамуына күшті ықпалын тигізді. Қалыптаса бастаған буржуазия негізінен сауда буржуазиясы. Ал өнеркәсіп орындарында түрік емес халықтардың өкілдері гректер, армяндар басым еді.

Жаңа туып келе жатқан пролетариат құрамында да мұсылман емес қауымның өкілдері басым болды. Оның есесіне түріктер қолөнер өндірісінде және саудада басымдық танытты.

XIX  ғасырдың аяғында түрік интеллигенциясының саны артты. Дәрігерлер , заңгерлер, шенеуніктер, офицерлер әртүрлі компаниядағы қызметкерлер саны көбейтілді. Олардың идеялық көзқарастарында және қоғамдық іс- әрекеттерінде сол кезеңдегі түрік қоғамындағы болып жатқан өзгерістер анық байқала бастады.

 

70-жылдағы саяси дағдарыс және 1876 жылғы конституция

XIX ғасырдағы Осман империясының дағдарыс байқалды. Империяның барлық жерінде халықтардың наразылығы өсті. Иммиграцияда жүрген «жаңа османдар» іс-әрекетіжанданды олар конституция енгізу мен реформалар жүргізілуін талап етті. «Жаңа османдар» идеяларын бірқатар либералдық көңіл күйдегі шенеуліктер мен офицерлер қ

1234
скачать работу

Осман империясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы

Массажеры для ног

ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ