Педагогикалық технологиялар және мұғалімнің шеберлігі
Другие рефераты
Сабақты өткізу формасы: шығармашылық жұмыстың презентациясы
Сабақтың мақсаты: Студенттерге педагогикалық шеберлік туралы түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
-
Педагогикалық технологияның мәні.
-
Педагогикалық шеберліктің құрылымы.
-
Педагогикалық тапсырманың мәні мен ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау:
Педагогикалық технология ұғымын қарастыру барысында педагогикалық технологияны былай анықтауымызға болады — бұл қатысушыларға жағымды жағдай туғыза отырып, нақты қорытындыға жету мақсатымен білім беру үрдісін жобалау (жоспарлау), ұйымдастыру, бағыттау және коррекциялаудағы оқушылар мен мұғалімнің қосыла жасаған іс-әрекеттерінің үрдісті жүйесі.
Мұғалім шеберлігінің төрт негізгі бөліктерін атауға болады: балалардың жеке және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру шеберлігі, өз ой-пікірін мақұлдату шеберлігі, білім беру және тәжірибе қалыптастыру шеберлігі және педагогикалық техниканы меңгеру техникасы.
Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдерге арналған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып, пікірталасқа түседі. Пікірталас барысында негізгі қаралатын сұрақтардың барлығын толығымен қамтуға тырысулары қажет. Сабақ соңында қорытынды жасалып, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланады.
Әдебиеттер:
-
Кузнецов И.Н. Настольная книга практикующего педагога. Москва, 2008 ж.
-
Основы педагогического мастерства. Под ред.И.А. Зязюна — Москва, 1989г.
-
Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии — Москва, 2001ж.
-
Самоукина Н.В. Психологический тренинг для учителя. Москва, 2006ж.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|