Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ПІКІР МЕН СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖАҒЫНАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ



 Другие рефераты
НОМИНАТИВТІ ЖӘНЕ ЕТІСТІКТІ СӨЙЛЕМДЕР СӨЙЛЕМНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТИПТЕРІ ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ СӨЗ ТІРКЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қазақ тілінде сөйлемдердің ішіндегі ,ен көп жұмсалатыны екі мүшелі болып, бастауыш, баяндауыштан кұралады. Бұл кездейсоқ емес. Тіл мен ой тығыз байла-нысты. Сөйлем пікірді хабарлаудың амалы болғандықтан кұрылысы жағынан да оған ұқсамай, оны қайталамай тұра алмайды. Пікір әр уақыт екі мүшелі. Ол субъект пен предикаттан құралады. Пікірдің осы екі мүшесіне сөйлемде бастауыш пен баяндауыш мүшелер сай келеді. Пікірді кұраған субъект пен предикаттың қатынасы сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы көрінеді. Дегенмен сөйлем қүрамы жағынан пікірдің кұрамына сайма-сай келе бермейді. Біріншіден, жай сөйлем екі мүшелі болып келген күннің өзінде де оның бастауыш, баяндауыш мүшелері хабарлап отырған пікірдің субъект пен предикат мүшелеріне сай келе коймайтыны да көп болады.

Менің айтқаным бар. Оньщ мақтанғанын айтпа! Менің келгенім осы.

Бірінші сөйлемде пікірдің субъектіне анықтауыш мүше (менің) сай. Предикатка бастауыш-баяндауыш болып құралған конструкция (айтқаным бар) тең.

Екінші сөйлемде айтпа деген баяндауыш мүше, бірақ ол пікірдің предикатына сай келмейді.

Тілімізде атаулы сөйлем деп аталатын бір мүшелі сөйлемдер бар: Түн. Жаз. Қалың мал. Бүл сөйлемдер пікірді білдіреді және олар екі мүшелі пікірге тең. Сөйлем бір мүшелі бола тұра пікірді толық баламалап хабарлап тұр. Предикат та, субъект те сөйлемнің бір мүшесі арқылы көрінеді.

Сонымен, пікір мен сөйлем мүше құрамы жағынан сай келе бермейді, тіпті пікір де, сөйлем де екі мүшелі болып келгеннің өзінде де, ол мүшелер біріне-бір адекватты бола алмауы мүмкін.

Сөйлем мен пікірдін, сол аркылы тіл мен ойдын қарым-қатынасына байланысты тағы бір жай бар. Ол — сөйлем әр уақыт пікірді хабарлауға тиіс пе, оның мазмұны пікір ғана болуға тиіс пе деген мәселе.

Аристотель, сұрақ пен бұйрықты пікір қатарына жатқызбаған болатын . Өйткені, деген ол ғалым, сұрақ, пен бұйрық бір нәрсе туралы бар, жоқ деген тұжырымды пікір (утверждение, отрицание) сапасына жете алмайды. Аристотельдің атағымен бұл пікір соңғы кезге дейін үстем болып келді де, соның салдарынан сөйлем атаулының бәрі пікір хабарлай бермейді. Пікірді хабарлайтын хабарлы сөйлем. Сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің мазмұны пікір емес делініп келді. Бірак осымен бірге соңғы кезеңдерде сұрақты, бұйрықты пікірдің бір түрі ретінде тану бар .[53-54-б]

скачать работу


 Другие рефераты
Совместимость и удовлетворенность супругами браком
Жизненный и творческий путь Антона Павловича Чехова
Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
Антуан де Сент Экзюпери


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ