ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Другие рефераты
Сөйлем — синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
Сөйлем — коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды. Мысалы, Қала мың сан оттарымен жарқырап тұр. Осы сөйлемнің құрамынан мың сан оттарымен, мың сан деген тұлғаларды алып қарайық.
Мың-сан — сөз, ұғымды атайды. Мың-сан оттарымен — бұл белгілі ереже бойынша құралған конструкция — сөз тіркесі. Бірақ сөз де, сөз тіркесі де өз алдына, өз сапаларында пікір алысу тұлғалары болып жұмсала алмайды. Олар тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады, ұғымның атауы болады. Пікір белгілі ұғымдардың негізінде, солардың өзара қатынасы негізінде құралады. Солай болғандықтан сөйлем де сөздерден, сөз тіркестерінен құралады. Сөйлемнің жеке сөзге немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана құралатаны бар: Жаз. Сүттей жарық түн. Бұл аталғандар — сөйлем. Өйткені олар сөйлемге тән грамматикалық сипаттарға ие болып тұр. Сол арқылы осы лексикалық, синтаксистік құрамда да пікір білдіреді. Сөйлемдік форма алмаған күйде жаз, сүттей жарық түн дара сөз, сөз тіркесі ретінде қалады.
Сонымен, жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді боп келген конструкциялар да сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға — сөйлемдік сапаға ие бола алады екен. Осыдан шығатын қорытынды — сөйлем өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлемді сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтындар мыналар: Сөйлем сөйлеу практикасында түрлі-түрлі құрамда жұмсалады. Ол бір немесе екі сөзден, тіпті көптеген сөзден де құрала береді. Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да, адамдары да араласып жатқан сияқты. Бірақ біз сөйлемге тән ең басты, ең қажетті грамматикалық формаларды, әрі ен, бастапқы кұралу схемасын ажыратып тану үшін осы мақсатымызға сай сөйлем таңдап алуымыз керек. Ондай сөйлем құрамы жағынан ең шағын, ең ықшам болғаны дұрыс. Малдары араласып жатыр. Біз түстік. Түн.
Осындай мысалды талдап сөйлемді құрайтын минимум белгілерді танимыз. Тілімізге тән және ең көп жұмсалатын сөйлемдер — бастауыш-баяндауыш құрамындағылары. Осы сөйлемдердің құрылысын ескергенде, сөйлемді кұрау үшін ең аз болғанда екі мүше қатысуы керек—ойдың кім, не туралы екенін білдіретін мүше, яғни бастауыш, және ол туралы не айтылғанын білдіретін мүше, яғни баяндауыш мүше қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады.
Бастауыш баяндауыштың қатынасы предикативтік қатынас деп аталады. Предикативтік қатынас—сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады.
Көл үлкен — сөйлем. Көл бастауыш ретінде, үлкен баяндауыш ретінде катынасып тұр. Үлкен бастауышқа қатысты сынды предикативтік сипатта атап тұр. Үлкен көл деген құрамда предикаттық қатынас жоқ, үлкен анықтауыш ретінде қатыскан. Сондықтан бұл сөздер тобы сөйлем бола алмайды. Тілде осы предикативтік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар бірнешеу және бәрі де көбіне баян-дауыш мүшенің құрамынан орын алады. Бірі — шақтық форма. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа шақ, мезгіл жағынан қандай қатынаста тұрғанын білдіру үшін қызмет етеді.
Жолаушылар келеді (келе жатыр — келді).
Екіншісі — рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін форма. Рай формалары — ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай болып бөлінетіні белгілі. Формалардын, атаулары олардың пікірді болмысқа қатынастыру ерекшеліктерін танытады: айтты — айт — ай-тайын — айтса;- айтты — ашық рай, бұл форма іс-қимылдың анық болғанын, болатынын білдіреді. Айт — бұйрық рай. Ол іске қосу, жұмсау талабын танытады.
Үшіншісі — жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың қатысуын ескеріп құрылады.
Сөйлемнің бастауыш мүшесін үш жаққа бөлу — коммуникацияны ұйымдастыруды ыңғайлы ету талабынан туған грамматикалық кұбылыс. Пікірдің субъект мүшесін сөйлеуші өз тұрғысынан топқа (жаққа) бөледі: субъект ретінде сөйлеушінің өзі қатысса, ол I жаққа жатады, субъект ретінде тыңдаушы қатысса, ол II жаққа жатады, субъект ретінде пікір алысу процесінен сырт тұрған адам, зат қатысса, ол III жаққа жатады. Субъектілер коммуникативтік жаққа бөлінуіне сай ерекше атау алған: мен, біз, сен, сіз, сендер, сіздер, ол, олар (кісі, ағаш, жұлдыз т. б.). Сонымен, қорытып айтқанда жақтық категория субъектінің коммуникативтік жағдайға қандай қатынаста тұрғанын көрсетеді.
Екінші қорытынды — сөйлемге қатысатын жақ, шақ, модальдықтың көріністері сөйлеуші тұрғысынан белгіленеді. Шаққа өлшеуші меже — сөйлеушінің сөйлеу моменті. Осы момент осы шақ болып саналады. Өткен шақ, келер шақ сөйлеу моментінің о жақ, бұ жағы болып белгіленеді.
Жақтық бөлініске тірек өлшемнің көрінісі ілгеріде айтылды. Сонымен персонализация, яғни жаққа бөлу әр уақыт сөйлеуші субъект тұрғысынан жіктеледі. Шақ, рай, жақ формалары — сөйлем арқылы айтылған пікірдің болмысқа байланысын, қатысын білдіретін формалар. Баяндауыш мүше осы формаларды бойына жиып предикативтікті білдіретін мүше сапасына көтеріледі. Предикативтік дегеніміз — пікірдің болмысқа қатысын білдіру. Сөйлемде бұл мағына баяндауыш мүше арқылы көрінетін болғандықтан баяндауышты предикат мүше деп те атаймыз. Ал бастауыш пен баяндауыш өзара қатынасып сөйлем құрайтын болғандықтан, бұл екеуінің қатынасы предикативтік қатынас деп аталады.
Сөйлемнің бірлігі белгілі интонация арқылы да көрінеді. Біз жоғарыда сөйлемнің негізгі белгілерін атадық. Сөйлемнің анықтамасы осы белгілері негізінде құралады. Предикативтік қатынас негізінде құралып, пікірді хабарлау үшін жұмсалатын сөздер тобы сөйлем деп аталады.
Сөйлем пікірді болмысқа қатынасы түрғысынан ғана айтып қоймайды. Ол пікірге сөйлеушінің қатысын, көзқарасын да қоса білдіреді. Сөйлеушінің пікірге қатынасы мына түрде көрінеді — пікірді реалды немесе ирреалды (шүбәлану, жорамал) көріп айту: келеді — келетін шығар, келетін сияқты. Сөйлеушінің пікірге осындай қатынасы сөйлемде түрлі адамдар, формалар арқылы көрінеді. Сөйлемнің мазмұнындағы бұл мағына модальдық мағына деп аталады да, бұл мағынаны білдіретін амалдар, формалар модальдық амалдар, модальдық формалар деп аталады.
Тіл білімінде модальдық деген терминді түрліше жұмсау бар. Біз терминнің тар мағынада жұмсалуын айттық. Мұнымен бірге «модальдық» деген терминді кең мағынада, осы атауға сөйлемдегі пікірдің болмысқа да, сөйлеушіге де қатысын түгел сыйғызу да бар. Бірақ осылай жалпы атаған тілшілер де пікірдің болмысқа қатысы мен сөйлеушінің пікірге қатынасын даралап таниды. Пікірдің болмысқа қатынасын білдіретін формалар — объективті (жалпы) модальдық формалары деп аталады.
Пікірге сейлеушінің қатынасын білдіретін формалар — субъективтік модальдық формалар деп аталады.
Сөйлем коммуникативтік конструкция, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тілдік түлға дедік. Сондықтан сөйлеу үстінде оның құрылысы, құрамы сөйлесу ситуациясына, контексте бағынышты болады. Сөйлесу ситуациясы, контекст деген екі бөлек ұғым. Сөйлесу ситуациясы дегеніміз — пікір алысудың диалог, монолог түрінде болуына байлаиысты. Контекст — сөйлемнің ой айту үстінде басқа сөйлемдермен қатынасты болуы.
— Қайда бардың?— Заводқа.
Алдымен Әміре туралы. Онымен бірге жолаушылауды мен «Әннің сапары» дер едім.
Сөйлемдердін, коммуникативтік тұлға болуына байланысты тағы бір жай бар. Сөйлемнің формасы тек предикативтікті білдіруге ғана бағынышты емес. Оның көптеген формалары сөздің (сөйлеудің) мақсатына да байланысты. Мысалы, хабарлау үшін, бұйыру үшін, сұрау, жауап алу үшін құралатын сөйлемдердің әрқайсысына тән формалары бар.
Сөйлеудің мақсаты осы аталғандармен тынбайды. Сөйлеуші пікір айту үстінде тыңдаушысын пікір алысуға икемдейді (бұл үшін қаратпа сөз, түрлі қыстырма сөздер қатысады), пікірді өтініш, тілек ретінде айтады (бұл баяндауыштық формаға әсер етеді), ойдың басты мәліметін ерекшелеп айтуды «мақсат етеді, пікірді сөйлеуші жақтың сөзімен жалғастырып айтуды немесе өзінің ілгергі пікірнен ұштастырып айтуды мақсат етуі мүмкін. Осының бәрі сөйлемнің құрамы мен құрылысынан көрінеді.
Сөйлемдерді дұрыс табу үшін, біз оларды грамматикалық формаларына, құрылысына қарай топтаймыз. Топтау мына принциптерге сүйенеді.
1. Сөйлемдерді логикалық-грамматикалық ерекше-
ліктеріне қарай топтау.
-
Сөйлемдерді сөйлеу мақсатына қарай топтау.
-
Сөйлемдерді негізгі құрамының көрінісіне қарап
топтау,
-
Сөйлемдерді жақтық мағыналарының болу-бол-
мауына қарап топтау.
-
Сөйлемдерді информациялық көлеміне, осыған сай
құрамдық мөлшеріне қарай топтау.
Біз сөйлемнің анықтамасын, грамматикалық белгілерін атадық, олардың қандай топтарға бөлінетінін көрсеттік. Енді ескертіп кететін жайлар мыналар.
Біріншіден, предикативтік форма құрауға шақ, рай, жақ формалары қатысады дедік. Синтаксис
| | скачать работу |
Другие рефераты
|