Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СӨЙЛЕМНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТИПТЕРІ



 Другие рефераты
СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ МАҚСАТЫНА САЙ ТОПТАСУЫ НОМИНАТИВТІ ЖӘНЕ ЕТІСТІКТІ СӨЙЛЕМДЕР ПІКІР МЕН СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖАҒЫНАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сөйлем болмыстағы заттардың түрлі-түрлі қатынастарын білдіреді. Бұл қатынастар топталып, абстрактыланып, белгілі логикалық зандылықтарға, фигураларға түсіп, ойда бекітіледі. Осы қорытылып, абстрактыланған қатынас сөйлемнің синтаксистік мағынасы болады. Бұл логикалық негіз өз сапасына қарай сөйлемнің белгілі тілі грамматикалық типтеріне сыйысып орныққан. Сондықтан сөйлемдерді осы белгісіне қарай топтауды логикалык-грамматикалық топтау деп атаймыз. Бұл топтаудың элементтері В. А . Богородицкийдің «Общий курс русской грамматики» (М.—Л., 1935), А. М. Пеш-ковскийдің «Русский синтаксис в научном освещении» (М., 1956) деген еңбектерінде басталды да, бұл идеяны теориялык жағынан тиянақтап орнықтырған В. Г. Адмони . Бұл топтау сөйлемдердің абстрактылық-грамматикалык, мағынасын ашып танытуға көп септігін тигізетіні сөзсіз.

Қазақ тіліндегі сөйлемдерді логикалық-трамматикалық сипаты жағынан мынандай топтарға бөлуге болады:

1. Іс иесі зат пен қимыл-әрекеттің өзара катынасын білдіретін сөйлемдер. Бұл сөйлемдерде бастауыш ретінде зат есім сөз жұмсалып, баяндауышы өздік, өзіндік етіс формалы етістіктен болады. Ауылдың сырт окағында келе жатқан екі әйел көрінді (Б. М.). Құрмаш қашып кетті деуге қимады (М. Ә.).

Бұл топқа бастауышы актив әрекет иесін білдіретін сөздерден (кісі атаулары, жан-жануарлар атауы т. б.) болған сөйлемдермен бірге Жүк жылжыды, Үй жаңарды, Машина жүрді деген сияқты сөйлемдер де жатады.

Өйткені бұл сөйлемдердің баяндауыштары да өздік, өзіндік етіс формалы етістіктен жасалып тұр.

  1. Зат пен оның қимыл күйін хабарлайтын сөйлем-
    дер. Мысалы: Мойнына жіп тағылды (М. Ә.). Бұл сөй-
    лемдердің бастауышы зат есім сөзден болып, баяндауы-
    шы ретінде ырықсыз етіс формалы етістік сөз қатысады.
    Бұл топқа жатқызған сөйлемдердің бастауышы іс-әре-
    кетке өз тұсынан ие болмайды. Іс-әрекет оған ырықсыз
    телінеді. Сондықтан ол іс-әрекет оның жағдай-күйі ре-
    тінде көрінеді.
  2. Субъект зат пен оның заттық сапасының катына-
    сын білдіретін   сөйлемдер:   Оспан бригадир. Брига-
    дир
    сол кісі. Жамал шөп желке қыз.

Бұл топтағы сөйлемдердің бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен болады. Кейде екі мушесі де бірақ сөздің қайталауы болып келетіні бар: Сөзім сөз. Атыат-ақ. Жұмысым бұрынғы жұмыс.

4.          Субъект зат пен оның сындық, сандык, сапасынын,
күйінің қатынасын білдіретін сөйлемдер: Аспан бұлтсыз
аш
ық (М. Ә.). Маңайда ел жоқ.

Бұл топқа жататын сөйлемдердін бастауышы зат есім, баяндауышы сын, сан есім, немесе бар, жоқ деген сөздерден болады.

5.          Қимыл-іс пен логикалық субъект-заттын қатына-
сын білдіретін сөйлемдер… дүниесіне ие болып отырған
жалғыз ғана кемпір (М. Ә.). Орнынан секіріп шыққан—
көк шолақ
(М. Ә.).

Бұл топтағы сөйлемдерде бастауыш ретінде тұйық рай етістік, есімше жұмсалады да, баяндауыш ретінде зат есім сөз қатысады.

6.          Қимыл-іс пен оның сынының, объектісінің қаты-
сын білдіретін сөйлемдер.

Айтатыны Абдрахман болған (Б. М.). Біздің сөзіміздің артынан айтылғаны жөн (М. Ә.).

Бұл топтағы сөйлемдердің бастауышы есімше, баяндауышы сын, зат есім, есімдік сөздерден болады. Баяндауыш ретінде жұмсалған есім, есімдік сөздер кимыл атауларының объектісін білдіреді.

7.          Қимыл-іс пен оның себебінің қатынасын білдіретін
сөйлемдер: Жүдегені мазасыздығынан, Айтпағаны
ұялғаны. Келмегені кешіккендіктен.

Бұл топтағы сөйлемдердің бастауышы есімше сөз болады да, баяндауышы ретінде шығыс септіктегі зат есім, атау тұлғалы есімше жұмсалады.[55-57-б]

скачать работу


 Другие рефераты
Соотношение личностных черт родителей и стиля отношения к ребенку
Русские народные песни
Инновационное планирование на предприятии
Система безналичных расчетов в России


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ