Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Реалиялардың аудармасы



 Другие рефераты
Аудармашы мамандығының қалыптасуы мен өркендеу тарихы Фразеологиялық бірліктердің аудармасы Неологизмдердің аудармасы Сөз аудармасы

Реалия аудармасы – тілдің ұлттық және тарихи маңызды мәселелерінің берілуі. «Реалия» деген сөздің өзі латын тіліндегі көпше түрде қолданылатын сын есім. (realis – нағыз, шын дегенді білдіреді). Реалия көбіне затты білдіреді және оны көп жағдайда мағынасы жағынан «өмір» деген түсінікпен байланыстырадыю Сөздік анықтамаларға сәйкесб реалия бұл мәдениет, тарих мәліметтері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фальклорлық кейіпкерлер аттарының аңыздар пәні болып табылады. Тілдерді салыстыру барысында бұл құбылыстарды білдіретін сөздер баламасы жоқ  лексикаға жатады. Баламасы жоқ сөздер деп басқа мәдениетте кездеспейтін түсініктерді білдіруге қызмет ететін сөздерді айтамыз. Олар басқа тілге бір сөзбен аударылмайды және сол тілде бұл сөздерге сәйкес баламалары болмайды. Аудармашы суреттеу арқылы немесе өз неологизмдерін ұсына алады. М/лы: Victor (радио және теледидар жабдықтарын шығаратын фирма атауы), book-maker (жүгіру және секіруден жиналған қауымнан үстеме ақша алатын адам). Тілдерді салыстыру барысында басқа тілдік реалиялар мен формалардың арасындағы сәйкессіздіктерді атап көрсетуге болады. Басқа тілдік реалиялар сәйкессіздігі келесі жағдайларда байқалынады:

  1. Реалия тек бір тіл тобына ғана тәнб ал екінші топта бұл сөздер кездеспейдію М/лы: Drugstore (AE), the chemist’s (BE) – дәріхана
  2. Реалия екі тілдік топқа да тән, бірақ олардың біреуінде реалия ерекше көрсетілген. М/лы: Clover leaf (AE) – машинаның үш бағытта ашылу жолдары.
  3. Әртүрлі ортада ұқсас функциялар түрлі реалиялармен беріледі. М/лы: hot dog (AE) – тоқаш нан, soda fountain (AE) – кафе – балмұздақ
  4. Ұқсас реалиялар әртүрлі болады. М/лы: cuckoo’s cell – көкектің шырылдауы (орыстардың сенімдерінде енді қанша өмір сүреміз дегенді білдірсе, американдықтардың сенімдерінде тұрмыс құру тойына дейін қызға қанша жыл бар дегенді білдіреді) Басқа тілдік формалардың сәйкессіздігі аударма тіліне ене отырыпб түрліше болып келедію Бұл реалиялар сөйлемде септеу және түрге байланысты — өэгеріп отырады, ал қалғандары жіктелмейтін категорияларды қолданылады. М/лы: ковбой – (cowboy) деген ағылшын сөзінен шыққан. Тілдік құбылыс ретіндегі мәдениетпен тығыз байланысты реалиялар ортаның дамуындағы барлық өзгерістерге тез әсер етеді, олардың арасында реалия – неологизмдерб тарихи сөздер, көнерген сөздерді атап өтуге болады. Лингвоелтану реалияларының қатарына ономастикалық реалиялар жатады: 1) Мәдени – тарихи түсініктері бар географиялық атаулар (топонимдер) EX: Boston Pops – музыкадағы Бостон оркестрі. 2) Антропонимдер – тарихи тұлға, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, көркем әдебиет кейіпкерлерінің аттары. Ex: Mіckey Mouse Мики Маус тышқан. 3)  Әдеби шығармалардың ел өмірінде орын алған тарихи жағдайлардың, мемлекеттік және қоғамдық кеңселердің аттары: Ex: popeart – поп арт, BBC – British Broadcasting Corporation – Британияның радио тасымалдау компаниясы.

 

Реалиялар және терминдер.

         Термин бұл ғылым тілінің элемиенті болып табылатын нақты мағынасы бар сөз. Ол аталған функцияны ғана орындайды және онда ешқандай көркем әдебиетіндегі сөздер қолданылмайды.  Реалия әрқашанда реалия өзі пайда болған тілдің ұлтына тәуелді, бірақ  ұлтаралық қолданысқа таралып терминдер тәрізді кеңінен қолданылып жүрген реалиялар да аз емес. Терминдер пайда болу жағынан реалиялардан ерекшеленеді. Реалиялар ұлттық сөздер және ұлттың ой өрісі негізінде пайда болған. Реалияның терминнен ерекшклігі шет тілін ұстанып жүрген адамдарға олардың кеңінен пайдаланылу әйгілілігіб таныстығы емес керісінше аударма тіліндегі олардың бейтаныстығы. Біздер арнайы терминология арнайы жұмыстар мен ғылымдардың аймағы екенін білеміз. Қазіргі таңда БАҚ – ң дамуы және адамдардың ғылымға деген қызығушылығы терминдердің халық өміріне енуіне септігін тигізді. Орыс тіліндегі реалиялар мыналар болуы мүмкін: 1. бөлек сөздер. Мысалы: Кремль декабристтер. 2. Сөз тіркестері. Мысалы: демалыс үйі, Мамаев Курган. 3. Сөйлемдер. 4. Қысқартулар. Мысалы: ЖОО, АХАЖ.

Реалиялар баламасы жоқ лексикаға жатады. Реалиялар жалқы есімдер мен тұрақты сөз тіркестерімен байланысы бар. Сонымен реалия дегеніміз бір елдің өміріндегі мәдениет, тұрмыс жағдайы, тарихи дамулардағы обьектілерді атап көрсететін сөз немесе сөз тіркесі және де бұл сөздер басқа ұлттарға бейтаныс боладыб сонымен қатар басқа тілдерде реалиялардың нақты баламасы болмайды.

Реалиялардың берілу тәсілдері

 

  1. Транскрипция – аудару тілінен аударма тіліне фонетикалық форма жағынан механикалық түрде ауыстырылуы, яғни дыбыстар деңгейінде. Мысалы: Soviet, sputnik
  2. Транслитерация – реалиялардың графем деңгейінде берілуі. Мысалы: Lincoln — Линкольн
  3. Транскрипция амалы жарақсыз болған кезде аударма тіліне реалияларды беру амалы ретінде аударманы орынбасу, субституцияны қолданамыз. Реалияларды аударудың бірнеше түрлері бар: Неологизмдерді еңгізу (калька және жартылай калькап түрінде)

А) калька сөздің немесе айналымның сөзбе сөз аударма жолыю

Мысалы: victory day – жеңіс күні

Б) жартылай калька жаңа сөз және сөз тіркесі. Мысалы: desembrist — декабрист

В) шамамен аудару : 1. түрдің орын басу принципі (реалия бірліктерінің мазмұнын кең түрде беру)

Мысалы: Нарзан, Боржоми – минералды су, үйшік, коттедж- үй. 2. функционалды аналог (реалия — өлшемдердің берілуіне өте қолайлы)

Мысалы: Орыс тілінде ни копейки – ешқандай, ешқандай ақша жоқ, сто пудов — өте ауыр. 3. Суреттеу, түсіндіру ( түсінікті берудің басқа амалы қалмаған кезде тек ғана түсіндіріп қоямыз). Мысалы: two boys were playing flys a soft ball- Балалар доп ойнады

  1. Контексттік аударма – контексттің мағынасын беру. Мысалы: How much are accomadations at health resorts?

Демалыс орнына жолдама қанша тұрады.

Транскрипция және функционалды аналог жолымен тарихи және ұлттық түрдегі реалия өлшем аудармасы. Мысалы: миля, фут, фунт, бушель.

Транскрипция және калька амалдарымен жасалатын русизмдер мен советизмдер аудармасы. Мысалы: vodka, ataman

Реалия – ақшалардың аудармасын транскрипция және функционалды аналог көмегімен береді. Мысалы: франк, доллар, фунт.

 

Практикалық тапсырма

1 жаттығу

 

Мына реалияларға сәйкес реалияларды табыңыз:

 

Ale

Whisky

To carry coals toNewcastle

What will Mrs. Grundy say?

Businessman

Tory

Labour

Sir

Skinheads

Franc

Lend-lease

Blues

 

Road Company

Flop

Traffic court

Kitchen- cabinet

Mp- Member of parliament

The White house

To make hay while the sun shines

The Gordian knot

An apple of discord/ a bone of contention

Red Army men

Official family

Squatter

Stars and Stripes

Canyon

2 жаттығу

Мына терминдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Arabesque, anode, cathode, quantity of formation, redundancy, feedback, frame, quantum, cyclotron, bionics, microfilm, supersonic, sedative, academic aptitude, duel personality, mental abilities, maintenance and operation instructions, customs duty, cash delivery, deflation, devaluation, loan capital, zero option.

скачать работу


 Другие рефераты
Курс лекций по основам внешнеэкономической деятельности (ВЭД)
Жизнь Каптерева
Роль пропаганды в жизни общества
Аудит түсінігі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ