Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері



 Другие рефераты
Жазбаша аударма тәжірибесі Ярослав Мудрый (980-1054) СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ — ПЫСЫҚТАУЫШ СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ — ТОЛЫҚТАУЫШ

Мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолын,  сабақтас құрмалас сөйлемнің түріне ажырату, жасалу жолы мен тыныс белгілеріне тоқталу.

 

1.                 Шартты бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылғанның шартын көрсетеді, мұндай сөйлемдер шартты райлы етістіктің дәнекер болып келуін керек қылады. Мысалы: Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл сал.

-       Шартты бағыныңқының баяндауышы көсемшенің болымсыз түріне, есімшенің жатыс септіктегі түрінде айтылады. Мысалы: Алты малта ас болмай, Тебінгі терге шірімей, Ерлердің ісі бітер ме?

-       Кейде өткен шақта есімшеге соң, кейін шылауы тіркесіп келіп, шарт мәнін айқын береді. Мысалы: Омар айтқан соң, іс орындалады.

-       Шартты райлы етістіктің артынан -да, -де шылауы қосылса шарттық мағынасын жояды. Мысалы: Дәркембай екі мықты мырзаның сығымында отырса да, Құнанбайдың сыртынан соңғы сөзін қатты айтып салды. [1; 202б ]

2.                 Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас – кейде бағыныңқы сөйлем басыңқының мағынасына, ісіне, қимылына қарсы қойылып айтылады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас көбінесе шартты райлы етістікке -да, -де шылауының жалғас келуі арқылы, есімшеге көмектес жалғауының жалғануы арқылы, -мақ тұлғалы етістік есімге түгіл шылауы қосылуы арқылы т.б. жолдар арқылы жасалады. Мысалы: Барып сырттан құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.

  1. 3.            Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас – мұнда бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылатын ойдың, істің, оқиғаның, болмыстың себеп-салдарын көрсетеді.

Жасалуы:

-                Есімшеге -дықтан деген күрделі қосымша жалғану арқылы есімшеге үшін шылауы қосалқылану арқылы, есімшеге соң, кейін деген шылаулардың бірі қосылуы арқылы, көсемше арқылы. Мысалы: Осы кісінің жәрдемі болғандықтан, біз баратын жерімізге тез бардық.

4.            Мезгіл бағыныңқылы сабақтас – басыңқыдағы қимыл мен бағыныңқыдағы қимылдың болуы бір мезгілге байланысты болып келген құрмалас сөйлем.

Жасалуы:

  1. Жатыс септіктегі есімшенің бағыныңқыға баяндауыш болып келуі арқылы. Мысалы: Аттылар жал-жалт қарасқанда, жақын жерде дөңгелене отырған көп адамның жиыны көрінді.
  2. Соңынан соң шылауы келген есімшенің бағыныңқыда баяндауыш болып келуі арқылы. Мысалы: Күн көтерілген соң, ол қалаға жетті.
  3. Бағыныңқының баяндауышы шығыс септіктіктегі есімше болады да, соңынан бері шылауы тіркеседі. Мысалы: Жаз шыққаннан бері, біздің отряд өсімдік өмірін бақылауға кірісті.
  4. Бағыныңқының баяндауышы шығыс септіктегі есімшеге я тұйық райлы етістікке бұрын шылауы тіркесу арқылы. Мысалы: Күн шықпастан, біреу тау жақтан желдіріп келеді.
  5. Есімшеге сайын шылауы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: Жонылған темір шаммен шағылысып жарқылдаған сайын, оның да көзі жалт-жұлт етеді. [1; 203, 204б ]                       5.            Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас – бұл сабақтастардың бағыныңқыларында көсемшенің -п, -а, -е, -й –ға біткен баяндауыштары және ашық райлы жіктік жалғауы етістіктен соң да, де, те шылауы келуі арқылы жасалады.Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемдер басыңқының етістіктен болған баяндауышын пысықтайды. Мысалы: Жігіт ұшып тұрып, келген кісіге есік ашты. [1; 204б ]

Басыңқы сөйлемдегі іс есімшеден баяндауышы бар бағыныңқы сөйлемдегі іспен салыстырылса, соңғысының баяндауышына -дай, -дей жұрнағы қосылады, мұндай да бағыныңқы болады. Мысалы: Көзге қамшы тигендей, Шыр айналды артқы жас. (Абай).

6.            Мақсат бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы ойдың, істің мақсатын білдіріп келген құрмалас сөйлем.

Мұндай бағыныңқылар не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып? деген сұраудың біріне жауап береді. Мақсат бағыныңқылардың баяндауыштары мына тұлғаларда келеді. Мұндай сөйлемдерде есімшенің тұйық етістіктің артынан үшін шылауы жалғанады, кейде тұйық етістіктерге барыс жалғауы да жалғанады. Мысалы: Арыстан өзінің сөзінен шығу үшін, үш күнде бір кітап оқып шығады. Ысқақ жылқы суаруға құдық басына барды.

7.            Ұқсату бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылғанмен (затпен, іспен) салыстыра, ұқсастыра айтылады. Мұндай сабақтастар есімшеге -дай, -дей жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Әкесі базардан келгендей, Жәмила қатты қуанды. Кең далаға кілем жабылғандай, колхоздың егіні даланы құлпыртып тұр.

Кейде -дай, -дей жұрнағының артынан -ақ шылауы қосылып кете береді. Мысалы: Біздің ақылымыз айтылудай-ақ, оған көп айтылған сияқты.

8.       Үлестес бағыныңқылы сабақтас – кейбір бағыныңқылы сөйлемдер,басыңқыда айтылғанды айқындамайды. Өз алды, басыңқыдан басқа бір істің жайын білдіреді. Алайда, бағыныңқы мен басыңқының өз алды бастауышы болып, әрқайсысындағы іс, әрекет, қимыл бөлек болғанмен, бұл сияқты сабақтастың басыңқылары (жай сөйлемдер) өз алдына бөлек бөлініп кете алмайды. Мұнда бағыныңқы сөйлемдер көсемше арқылы басыңқы сөйлеммен байланысады да, әрқайсысы істі бөліп алған сияқты мәнде болады.

Осындай, бағыныңқы жағы көсемшеге біткен, мағына жағынан тиянақтыболғанмен, тұлға жағынан тиянақсыз болып келген сөйлемдерді үлестес сабақтас дейміз. Мысалы: Мен кітап оқып, басқалар жазу жазды. Олар киноға кетіп, біз театрға бардық. [1; 205б ]

9.            Аяулы бағыныңқылы сабақтас – кейбір бағыныңқы сөйлемде істелген іс басыңқыда істелген істің бекер істелгендігін, оның басқаша болса, жақсы болатынын көрсетеді, алғашқы істі аяй, қызғана айтылады.

Мұндай сабақтас сөйлемдердің басыңқысының баяндауышы -ша, -ше жұрнағы жалғанған есімшеге бітеді де, ондағы істің, қимылдың істелуінен болуынан гөрі басыңқыдағының істелуі керек я пайдалы екендігі екі сөйлемнің қарым-қатысынан айқындалады. Сонымен қатар, бұл екі сөйлемнің арақатысынан бірінші істі істеудің керегі жоқ, ол пайдасыз, орынсыз екендігі білінеді. Бұл мағына сөйлемнің интонациясынан да айқын болып тұрады. Мысалы: Бала, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсеңші. (Ы.А.). Сақайға ақыл айтқанша Дүйсенге айт.

Кейде мұндай бағыныңқылы шығыс жалғауы есімшеге көрі, да шылауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бос жүргеннен көрі, қол боста кітаптарды оқи беру керек. Ынтасыз оқығаннан да, оқымаған жақсы.

10.        Қыстырмалы бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқыдағы айтылған ой негізгі емес, басыңқыдағы мағыналық жақтан ешбір әсерлі байланысы жоқ, тек форма жағынан байланыса келіп, негізгі объект я субъект туралы ескерту сияқты ойды білдірген құрмаластың түрін айтады. Демек, қыстырмалы сабақтас сөйлемнің жасалуы негізінде, бағыныңқы сөйлемнің қыстырма түрінде келуіне байланысты болады. Мысалы: Баяндама демекші, ол бізге жақсы баяндама жасап кетті. Ашығырақ айтқанда, бұл жұмысқа жаңадан ғана кірістік. [1; 206б ]

11.       Сілтеулі бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы ойды тірек ете, соған сілтей айтылады. Осылай бір ой екінші бір ойды тірек ете, әңгіменің шешімін соңғы ой, яғни, соңғы басыңқыдағы ой шешетіндей болып келген құрмалас сөйлемді айтады. Мысалы: Қызыл Армияның күштілігі сол, ол шаруалардың жері үшін, жұмысшылар мен шаруалардың үкіметі үшін, Совет үкіметі үшін, ұрысқа бірі қалмай саналы түрде барады.

Сілтеулі сабақтас – сілтеу салаластың қарама-қарсысы. Сілтеу салаласта – есімдіктің бірі сөйлемнің басында келеді. Ал, сілтеу сабақтас сөйлемде есімдік, көбінесе, қатар келеді я біреуі түсіп қалады. Мысалы: Менің айтайын дегенім сол – ол өте жақсы оқиды.

12.       Ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас – есімшенің, я тұйық етістіктің барыс жалғаулы түріне қарай, лайық шылауының қосылуы арқылы пайда болатын сабақтас. Бағыныңқыдағы істің ыңғайын басыңқы сөйлемдегі іс істелетіндікті көрсетеді. Мысалы: Әшімнің баяндама жасауына қарай, жұрт көп жиналды. Біздің барғанымызға лайық, керекті құралдар да табылды. [1; 207б ]

13.       Үдетпелі бағыныңқылы сабақтас – сөйлемнің бұл түрі көмектес жалғаулы есімшеге я тұрмай, я бірге, я қатар шылауы қосылу арқасында жасалады. Мұндай сөйлем субъект бір істі істеумен тынбай, екінші бір істі де қошаметтей істегендікті білдіреді. Мысалы: Әшім баянд

12
скачать работу


 Другие рефераты
Сұлтанбек Қожанұлы
Общественное мнение, как предмет изучения социальной психологии
Қаржы секторын тұрақтандыру
Городская одежда


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ