Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ — ПЫСЫҚТАУЫШ



 Другие рефераты
Ярослав Мудрый (980-1054) Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ — ТОЛЫҚТАУЫШ СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ-АНЫҚТАУЫШ

Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің бірі – пысықтауыш. Пысықтауыштар – қимылды, сынды айқындайтын сөз. Мұны анықтауыш , толықтауыштардан бөлгенде тек қана мағынасына, сөз  табының жігіне қарай бөлгеміз. Пысықтауыш тек қана үстеулердің, көсемшелердің және шылаулы сөздердің (қалай, қайтіп, қашан, кім үшін, не үшін, неліктен, не мақсатпен, кім арқылы, не арқылы, кімнің арқасында) сұрауына жауап береді. Сонымен қатар, пысықтауыштар септік жалғауының бұрма сұрауларына, есімдердің, етістіктердің шылаулы түрлерінің сұрауына жауап береді.

Пысықтауыштар басқа сөйлем мүшесінен әлдеқайда абстракттанған сөздер. Бұлардың да түп негізі объект, зат болған. Оны байқау үшін, кеше, бүгін, ертең, өте, аса, қолма-қол… сияқты үстеулердің этимологиясын қараса болғаны. Кеше-нің түбірі – кеш, бүгін – бү-күн, өте – өт (етістік), қолма-қол – қол мен қол.

Негізгі пысықтауыш болатындар – үстеу, сын есім, көсемшелер және мағынасы үстеуге айналған сөздер. Сөздердің үстеуге айналуының төрт түрлі жолы бар:

1)      Сөйлемдегі орнына қарай (сын есім, аяғына жылы, күні, айы сияқты мезгіл мәнді сөз келген есімдер);

2)      Қосарлану (қолма-қол, ауызба-ауыз);

3)      Қосымшалану (бірден, барғанда, ауызша);

4)      Шылаулану (бұдан соң, бұған шейін, бұдан бұрын).

Жеке сөздер пысықтауыш болумен қатар, күрделі бірнеше сөздің мағынасы бірігіп те пысықтауыш болады. Күрделі пысықтауышқа мысал: Жүре тыңдай, анда-санда бір қыстай күйбеңдеген Ырысжан еріксіз күліп жіберді. Үлкен-үлкен сазандар ерсілі-қарсылы өтіп жатыр.

ПЫСЫҚТАУЫШТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Барлық пысықтауыш мағынасына қарай беске бөлінеді:

  1. Мезгіл пысықтауыш. Сұрауы: қашан, қашаннан, қашанан бері, қашаннан соң, қашаннан кейін, қашанға шейін, қай  кезде, не арада, қай жылы, қай күні, қай жақта. Мысалы: Ол былтыр мектеп бітірді. Бүгін екеуі жиналыстан кейін кезіге алмады. Олар күні бойы жүріп отырды. Ол Ерейменнің етегінде жарты айға жуық жүрді.
  2. Мекен пысықтауыш. Сұрауы: қайда, қалай, қарай, қай арада, қай жерге шейін. Қайда сұрауы толықтауышқа да тән. Бірақ, толықтауыштағы қайда? Жатыс жалғауының тура мәніне жауап беретіндер. Мысалы: Құстар жоғары ұшып жүрді. Біз Калини көшесінен төмен тұрамыз. Көздері өздігінен түйісіп қалып, төмен қарап кетті.
  3. Себеп пысықтауыш. Сұрауы: неліктен, неге, не себепті, қандай себептен, не үшін, кімі үшін, кік, не арқылы, қайткен соң. Мысалы: Асқан ерлігі үшін Әлия Молдағұловаға Совет Одағының Батыры деген атақ берілді. Ол өзінің құнттылығынан жұмысты қашан да жақсы орындайды.
  4. Мақсат пысықтауыш. Сұрауы: не үшін, не істеу үшін, не мақсатпен, не деп, неге, неге бола. Мысалы: Қапан кітап алуға барды. Жидебай оқу үшін қалаға келді. Біз кітапты оқиық деп алдық. Себеп пысықтауыш пен мақсат пысықтауыштың да бірнеше сұрауы біркелкі сөзбен айтылады. Бірақ, мұнда мағыналық, контекстік жағынан айырылып тұр.
  5. Сын-қимыл пысықтауыш.  Сұрауы: қалай, қалайша, қайтіп, нетіп, неғып, қай түрде. Мысалы: Біржан Сарамен тәртіпті түрде айтысты. Мұғалім өлеңді әдемілеп оқыды. Ғылымды іздеген сияқты іздеу керек.

Пайдаланылған әдебиет :

1.Әміров. Р.Жай сөйлем синтаксисі.А. 1983.

2. Байтұрсынов.А. Тіл тағылымы. А., 1992.,

3. Балақаев М., ҚордабаевТ., Қ.Қ. Синтаксис. А.,1971

4. Қазіргі қазақ тілі ., А., 1954.,

5. Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. А., 1961.

Тезис: Синтаксис   (тілдің  синтаксистік құрылысы )  — ойлау жұмысын  білдірудің амалы, формасы. . Бұл  пәннің зерттеу әдісі – тілдік фактілерді талдау,  тану әдісі негізінде тіл білімінің  басқа салаларынан алшақ кеьпейді. Сөздердің байланысы  және оның түрлері синтаксистің ерекшеліктерін танытатын басты белгілердің  қатарларында қаралуға тиісиі.

Сөздердің синтаксистік байланысын сөз еткенде  оның екі тәсілі болатынын ескеру керек. Олардың біріншісі – аналитикалық тәсіл де, екіншісі – синтетикалық  тәсіл. Аналитикалық  байланыс тәсілінің бір түрі – сөздердің орын тәртібі апқылы байланысуы. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы синтетикалық байланыс деп есептеледі. Сөз тіркесінің құрылымдық типологиясын жасауда  зат есім мен етістіктің алатын орны ерекше.    Өйткені сөз тіркесінің құрылымдық ерекшеліктері осы екі сөз табына негізделеді.

Жай сөйлем синтаксистің ең негізгі нысаны болып табылады. Синтаксис, оның ішінде жай сөйлемнің синтаксисі, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық деңгейлерінің тоғысатын орны. Сөйлем – тілдің ең маңызды қызметтерін білдіретін, жүзеге асыратын бірден-бір құрал. Сөйлемнің өзіне тән белгілері болады. Олардың бірі – құрылымдық белгі. Сөйлемнің  екінші белгісі – семантикалық  белгі. Бұл семантикалық белгіні предикативтілік деп атайды. Предикативтілік туралы тұжырымның екі түрі бар: Біріншісі – жоғарыда айтылған мазмұнның шындық болмысқа теңестірілуі, екіншісі – сөйлемді құраушы құрақтар ( компонент) арасындағы арнайы қатынас.

Тақырыбы: Құрмалас сөйлем синтаксисі

Мақсаты: Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысанын қарастыру, құрмалас сөйлемнің түріне ажырату, жасалу жолы мен тыныс белгілеріне тоқталу.

Құрмалас сөйлем дегеніміз – екі не бірнеше сөйлемнің, яғни, бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің я сөздер тобының жиынтығы.

Қазақ тіліндегі көсемшенің жұрнағы –п құрмаласқа дәнекер бола алады. Ал, есімшенің -ған, -қан жұрнақтары өздігінен құрмаласқа дәнекер бола алмайды. Мұны дәнекер ететін септік жалғаулары.

-са, -се жұрнағының түбі -сар, -сер екенін көне түркі жазба ескерткіштерінен, XIV ғасырдың құжаты «Кодекс-Куманикустан» көреміз. Мұндағы -сар формасының арғы түбі жеке сөзден шыққан, соңынан ол дербес мәнін жойып, құрмаласқа дәнекер болған сияқты. Құрмалас сөйлемдер төртке бөлінеді: салалас, сабақтас, аралас, тиянақты басыңқысыз сабақтас.

1. Салалас құрмалас сөйлемдер – бір-біріне тіркеліп, мағына жағынан бағынады да, сыртқы формасы жағынан бағынбайды. Ондағы жай сөйлемдер бірімен-бірі тіркесіп, ойдың тұтастығына байланысты болады да, белгілі мағына бірлігін сақтайды.

Салалас сөйлемде қиысушылық та бар. Бұл бастауыш пен бастауыш, баяндауыш пен баяндауыштың қиысушылығы. Мұнда кейде мезгілдік жағынан қиысады, кейде қиыспайды.

Еді, екен деген етістіктер әлсіз етістіктер, бұлар салалас сөйлем жасаудағы негізгі дәнекердің бірі. Басқа етістіктердің барлығы жай қалпында тиянақты келеді. Мысалы: Ол барып еді, таба алмады.

Мұндағы еді-ге біткен сөйлемді мүлде бөліп тастауға болмайды, себебі, бұл тиянақсыздау етістік. Екен де солай, бөліп тастауға келмейді. Салаласқа енген сөйлемнің барлығы да негізінде тиянақты, бірақ, әрбір жай сөйлемнің тиянақтылығы әртүрлі.

Сонымен, салалас құрмалас сөйлем дегеніміз – көбінесе, жақ жағынан үйлескен, мағыналары жағынан тығыз байланысты, арналулары бір бағытта болған тиянақты жай сөйлемдердің бірліктерін айтады. [1; 195б ]

Салалас құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің мағыналық жақындығын былайша айыруға болады:

  1. Екі я бірнеше жай сөйлемдердің бір объектіге я субъектіге байланысты өзді-өзінің мағыналары жақын екенін көрсетеді. Мысалы: Биылғы егін жақсы шықты, біз ерте жиып алдық.
  2. Бастауыштың бірнеше сөйлемге ортақтығын көрсетеді. Мысалы: Біз мектепке барып едік, тәрбие сабағынөткізіп қайттық.
  3. Біреуіндегі я бірнешеуіндегі да, де, та, те жалғаулықтарының қайталақтауын көрсетеді. Мысалы: Ол да барды, біз де бардық.
  4. Пысықтауыш қызметіндегі біріне-бірі қарсы үстеулер көрсетеді. Мысалы: Бұрын Қазақстанда ауыл шаруашылығы басым еді, қазір өндіріс кәсібі басым болды.
  5. Екі жағында бірдей анықтауыш, я толықтауыш қызметіндегі есімдіктер көрсетеді. Мысалы: Ол кімнің есінде болсын, бәрінің есінен шығып кетіпті. Бізде эксплуатация жойылды, олар да күшейе түсіп отыр.
  6. Баяндауыштың бірыңғайлықтары көрсетеді. Мысалы: Бүгін біз мектепті көріп едік, Құсмандар бізбен бірге болды.
  7. Басқы сөйлемнің бастауышы, екінші сөйлемде есімдікпен қайталақтауы көрсетеді. Мысалы: Мен жаздым, өзім оқып шығамын. Қапаш жазып болды, енді өзі оқып шығады.
  8. Біріндегі мүше екіншіге ауысып түсуі де мағыналық жақындықты көрсетеді. Мысалы: Есіктің алды күртік, күртіктің басынан ақтаяқ жүріп жатыр.
  9. Екі сөйлемнің алдыңғысын артқысы баяндап отырады. Мысалы: Оны айту менің міндетім: қасқырды алдымен атқан Байбол.
  10. Салаластың мағына жағынан ұқсата, теңей айтылатын түрі үшеу: қарсылықты, мысалы: сен оқыған екенсің – мен оқыдым. Қарсылықсыз, мысалы: елімнің қуанышы бар – менің қуанышым бар. Сілтеу мағыналы, мысалы: біз биыл бірсыпыра жаңалықтар таптық – менің айтайын дегенім сол.
  11. Үлестес салалас дегеніміз – әуелі жалпылауыш сөйлемнен басталады. Соңғы жай сөйлемдер оны үлеске салып әкетеді. Мысалы: Қарап отырмайық, біріміз шабайық, біріміз жинайық, біріміз оларды қораға таси берейік.
  12. Ереуілді үдетпелі салалас (әрі жалғаулық шылауы арқылы жасалады). Мысал
    12
    скачать работу


     Другие рефераты
    И.А. Гончаров и его Обыкновенная история
    Организационная структура
    Научная методология Ф.Бэкона
    Финансово-инвестиционная деятельность и ее доходы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ