Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сақтандыру нарығы



 Другие рефераты
Инвестиция саясаты Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы Қазақстан Респупликасындағы жалпы ұлттық өнімді талдау Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы

Сәкен Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университеті

Қаржы кафедрасы

Реферат

 

Тақырып:  Сақтандыру нарығы

 

Орындаған: 

Тексерген: 

 

 

 

Астана 2009

Жоспар

 

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

 

І бөлім. Сақтандыру нарығы

1.1. Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4

1.2. Сақтандыру нарығының түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6

 

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы

сақтандыру нарығы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9

 

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  13

 

Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15

 

 

 

Кіріспе

 

Сақтандыруқоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру  сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты  себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен кутпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тулғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

 

Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары

 

Сақтандыру бұл сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру нарығында белгіленген, сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының сақтандыру нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығын қамтиды.

Нарықтық экономикада сақтандыру ісіне мемлекеттің монополиясы бұзылған: мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана органның – Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтандыру нарығында бірнеше сақтандыру компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюталық бағамның өзгеруі, ереуілдер кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыру.

Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпарация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.

Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.

Сақтандыру нарығы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі «ерекше тауар» - сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.

Сақтандыру нарығының ішкі ережелері:

1. сақтандыру нарығы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;

2. ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;

3. сақтандыру нарығының техникалық, инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа тәуекелдерді басқару жүйесін айқындауға тиіс;

4.   құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін айқындауға тиіс;

5. сақтандыру нарығының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс;

Сақтандыру нарығындағы функциялар: бөлу, бақылау, реттеуші, коммерциялық, бағалық, сенімділік.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлуретінде көрінуі. Ол алдын алуфункциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтықфункциясына бүгіледі.

Бақылау функциясысақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Реттеуші функция дегеніміз мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын реттеуді қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы операциялардың жүргізілуін ретке келтіріп, кемшіліктерін жояды.

Коммерциялық функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды мейілінше жоғары деңгейге көтеру.

Бағалық функция компанияның сақтандыру қызметінің бағасын қалыптастыруда көмек көрсетеді. Және ол тұтынушылардың сұранысына байланысты қалыптасады.

Сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз немесе басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді, яғни тұтынушылардың барлық шығындарын өзі өтейді.

 

Сақтандыру нарығының түрлері

 

Сақтандырудың мынадай түрлері бар:

  1. Салалық белгілері бойынша:
  2. Өмірді сақтандыру нарығы болып азаматтардың өмірі, деңсаулығы және енбекке жарамдылығы табылады.
  3. Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табылады.
  4. Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне  жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
  5. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
  6. Ипотекелық сақтандыру, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
  7. Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру құқықтың түрлеріне байланысты:
  8. Мемлекеттік сақтандыру сақтанудың мемлекеттік ұйым болып табылатын сақтандырудың түрі. Осы жағдайда мемлекет өзінің экономикалық операцияларын сақтандыру арқылы, өзінің қаржы ресурстарына кепілдік бере алады.
  9. Акционерлік сақтандыру бұл сақтандыру ретінде акционерлік қоғамдар саналатын сақтандыру қызметінің түрі.
  10. Өзара сақтандыру, өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздікті сақтандыру түрі.
  11. Жүзеге асырулық түрлері бойынша:
  12. Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, соның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары шенберіндегі пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
  13. 123
    скачать работу


     Другие рефераты
    Социология Эмиля Дюркгейма
    Нәзір Төреқұлов
    Экспедиция Ермака и присоединение Сибири
    Лермонтов и религия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ