Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Респупликасындағы жалпы ұлттық өнімді талдау



 Другие рефераты
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы Сақтандыру нарығы Стратегиялық жоспарлау және оны талдау сатысы Инфляция ұғымы және мәні

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .2

 

1 бөлім.  ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ (ЖҰӨ)

1.1 Жалпы ұлттық өнім түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4

1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8

 

2 бөлім.  ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМДІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ

2.1 Аралық өнім және қосымша қосылған құн . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

2.2 Жалпы ұлттық өнімді  шығындар, табыстар 

бойынша есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13

2.3 Тұтыну бағасының индексі және ЖҰӨ дефляторы . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18

 

 

3 бөлім.  ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМНІҢ РЕСПУБЛИКА ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ

3.1 Жалпы ұлттық өнім көрсеткішінің мемлекетке

тигізер жағымсыз әсерлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20

3.2  Қазақстан Республикасындағы жалпы ұлттық

өнім көрсеткіші . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .21

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .25

 

Кіріспе

 

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

Жалпы ұлттық өнім экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады. Сонымен қатар жалпы ұлттық өнім кейбір жағдайлармен байланысты ұлттың нақты эконоимкалық тұрмыс-тіршілігін толық сипаттай алмайды. Жалпы ұлттық өнім халық тұрмысын көтеруге қатысты, үй жұмыстарын да қамтымайды (пәтерді, электр, радио жабдықтарын, аяқ киімді, автомашинаны жөндеу және т.б.)

Жалпы ұлттық өнім материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т.б. қамтиды.

Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады — қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген: Тұтынушы заты — қор, оның табысы мен шығыны — ағын. Жұмыссыздар саны — қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны — ағын. Мемлекетгік қарыз — қор, бюджет тапшылығы — ағын. Жоғарыда  қарастырылған түсініктердің көпшілігі "ағын" түсінігіне жатады.

Курстық жұмыстың маңыздылығы: жалпы ұлттық өнім — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі.

 

1 бөлім. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ

  • Жалпы ұлттық өнім түсінігі

 

           Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды. Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.

           Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

Жалпы ұлттық өнім экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:

  1. барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
  2. өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

 

Жалпы ұлттық өнім — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтгық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.

Біз жалпы ұлттық өнімнің жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы жалпы табыс көлемін сипаттайтын, яғни екі жақты айналым сызбасында көрсетілгендігіне көз жеткіздік. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші – бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Жалпы ұлттық өнім есеп-шоттың есептеудің мақсаты мынада:

  1. қоғам экономикасының жай күйін бақылау;
  2. экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
  3. мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

 

Жалпы ұлттық өнім БҰҰ-ның методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Жалпы ұлттық өнім өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясын, материалдық өндіріс саласының таза өнімін және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.

Жалпы ұлттық өнім көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстан ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988-ші жылы енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.

Жалпы ұлттық өнімнің белгілі модификациясы – жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады. Ол белгілі бір ел шенберінде кәсіпорындар мен қызметкерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтиды. Жалпы ұлттық өнім жаопы ішкі өнімнен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (проценттер, дивиденттер, жалақы және т.б.) көп болады. Мысалы маусымды жұмысшылардың жалақысы жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімінде есептеледі және олардың тұрақты тұратын елінің жалпы ұлттық өнімінде де есептеледі.

Жалпы ұлттық өнім ағымдағы, рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады.

Гипотекалық экономикада, мұнда тек нақты өндіреді деп жорамалдаймыз. Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ-ны есептеуі күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет.

Көптеген тауарлар және қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруғ

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Значение зеленых насаждений
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері
Поэзия Серебряного века. Основные течения и взгляды на них
Индивидуальные особенности личности


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ