Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сәрсен Аманжолов

жасаудың орнына, әңгіме айтып кетті.
Жалғаусыз есімше я тұйық етістік шылаудың я жұрнақтың жәрдемімен сабақтас сөйлем жасайды. Мұндағы шылаулар: сайын, бойынша, кезде, мезгілде, түгел, шақта, күнде, уақытта. Мысалы: Әшім баяндама жасаған сайын, жұрт көп келеді.
Әшім баяндама жасаған шақта (кезде, уақытта, күнде, мезгілде), біз жақсы тыңдадық. Әшім баяндама жасамақ түгел, жақсылап конспект жасай алмайды»- деп берген [1;189-бет]. Автордың жоғарыда көрсеткен есімше жалғануы арқылы құрмалас сабақтас сөйлем жасайтын бір бөлек, жалғаулы есімшенің үстіне шылау қосылып сабақтас сөйлем жасайтынын бір бөлек, жалғаусыз есімше шылаудың я жұрнақтың жәрдемімен сабақтас жасайтынын бір бөле көрсете отырып, мынадай қорытынды жасау керек: қазақ тілінің байлығы – сабақтас сөйлемнің осы формасында, бұлар басқа түркі тілдерінде де бар. Бірақ түркі тілдерінде бұл формалар жете тексерілмеген [1;191-бет].
«Шылауға айналған үстеу сөздер арқылы болатын сабақтастың түрлері есімшеге, тұйық етістікке тіркесіп жүреді. Мысалы: Келген соң дегендегі соң – шылау. Соң келеді.(мұнда соң-үстеу)», деп сабақтас сөйлем жасайтын тұлғаларды айта келіп, автор қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің он үш түрлі бағынқы түрі бар деп көрсетеді: шартты бағыныңқы сабақтас, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас, себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас, мезгіл бағыныңқылы сабақтас, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас, мақсат бағыныңқылы сабақтас, ұқсату бағыныңқылы сабақтас, үлектес бағыныңқылы сабақтас, аяулы бағыныңқылы сабақтас, қыстырмалы бағыныңқылы сабақтас, сілтеу бағыныңқылы сабақтас, ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас, үдетпелі бағыныңқылы сабақтас.
Бұл еңбекке автор сабақтас құрмаластың алдыңғы сегіз түріне қоса аяулы, қыстырмалы, сілтеулі, үстемелі, ыңғайлас сабақтас деп қосқан.[2;49-бет]
Ғалымның айтуынша, септік жалғауының ілік, барыс, табыс түрлері толық мағынада сабақтас сөйлем жасай алмайды. Өйткені, олар құбылмалы, яғыни, ілік, барыс, табыс, шығыс жалғаулы есімшетерге тәуелдік жалғауы жалғанады. Мысалы: Ол айтқанның мен айтқаннан бөлек жоқ – Оның айтқанының менің айтқанымнан бөлегі жоқ. Ғалымның пікірінше, есімшеге жалғанып, сабақтас сөйлем жасайтын жалғаулар: жатыс, шығыс, көмектес. Мысалы: Біз келгенде олар кетті. Біз келгеннен, олар кете бастады. Біз келгенмен, оларды көрмедік.
Есімдіктер арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер, С.Аманжоловтың зерттеуінше, біріншісі – 3-жақ жіктеу есімдігі, екіншісі-сілтеу есімдігі қатар келуі арқылы жасалады.(Бұл талаптың өз алдына тамаша жері сол, ол адамдарды бірлікке шақырды).Сонымен қатар автор сабақтас құрмалас сөйлем жасауда кейбір егеспелі сөздердің рөлі де бар дейді. Егеспелі сөздің көбі есімдіктен жасалады: неғұрлым-соғұрлым, қанша-сонша, кім-сол, нені-соны, қалай-солай, т.б. «Алайда бұлардың рөлі етістіктерден күшті емес, тек белгілі дәрежеде екі сөйлемнің бірін-бірі тәуелді етудегі ролі зор. Егеспелі сөздер шартты райлы сөйлемдерде көп кездеседі. Мысалы: Неғұрлым еңбек өнімді болса, соғұрлым тұрмыс жақсарады»,- деп көрсетеді.[1;199-бет]
Кейбір түркі тілдерінде, мысалы, әзірбайжан, өзбек тілдерінде жалғаулықты байланыс ерте кезден-ақ, ал қыпшақ, ноғай, қарақалпақ, т.б тілдерінде кешеуілдеп дамыған. Бұдан соңғы тілдерде бұрынғы сөйлем болмаған деп тұжырымдауға болмайды. Бұл тілдердегі бағыныңкы қатынасты есімше, көсемше, шылаулар, көмекші есімдер жасаған.
Тіл білімі салаларының ішіндегі синтаксис бөлімі қай уақытта болмасын ғалымдар назарынан тыс қалып көрген жоқ. Ол - өте күрделі сала, сондықтан әлі де зерттеуді қажетететін мәселелері жеткілікті. Кезінде профессор С.Аманжолов қазақ тілінің граматикалық құрлысында құрмалас сөйлем түрі барын ескертіп: «Аралас құрмаластың жалпы түрлерін ажыратып, өз ішінде толып жатқан бөлімдерге, жіктерге бөліп, жасау формаларын тексерген еңбек жоқ»,- деп көрсеткен [3;141-бет]. С.Аманжоловтың осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар алдына қойған аралас құрмалас сөйлемдер жайлы мәселенің қазіргі күні де еш өзгермегеніне оны зерттеу барысында көз жеткізуге болады.
Түркі халықтарының кітаби жазуында газет-журналдардың рөлі 17-19- ғасырлар аралығынан байқалады. Олардың жалпы түркілік сөздік құрамды байытып, қала берді, сөйлемдік конструкциялардың толып жетілуіне себепті болғаны шындық. Бұл туралы С.Аманжолов: «Мұны ешкім де теріске шығара алмайды және теріске шығарудың өзі пайдасыз болар еді, өйткені бұл категориялар бүгін, тек совет дәуірінде ғана емес, біздің заманымыздан әлдеқайда бұрын қалыптасқан. Сол сияқты түркі тілдері де, соның ішінде қазақ тілі де өте әріде қалыптасты. Біздің поэтикалық жырларымызда, ауыз әдебиетінде сабақтас, салалас және аралас құрмалас сөйлемдер кездеседі,» - дейді.[1;17-бет].
С.Аманжолов 1941 жылғы «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері» атты мақаласында құрмалас сөйлем мәселесін үшке жіктеп көрсетеді. Бұл мақаладағы ойын ғалым кейінгі монографиялық еңбектерінде де жандандыра түсті. Бұл еңбек жөнінде С.Аманжоловтың мынадай пікіріне біз де қосыламыз. Ғалым: « . . . автордың мезгілдес жалғаулықсыз салаласқа берген мысалдары – ның кейбірі тіпті салаласқада, сабақтасқа да жатпай, аралас құрмалас болатынын айтпай кетпей болмайды,» - деп анықтайды.[1;184-бет].
Одан бергі уақыттарда аралас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тілінде ғана емес, С.Аманжолов көрсеткендей, басқа түркі тілдерінде де зерттеу обектісіне айналады. Демек, профессор С.Аманжоловтың : «Ол елдерде де бұл сөйлемнің формасы жоқ деуге болмайды, бізде болған формалар туыстас, тілдері жақын елдердің бәрін де болуы керек, оған ешбір шүбәлануға болмайды» деген ой – тұжырымы шындыққа ұласты деуге толық мүмкіндігіміз бар.[1;229-бет].
Ғалым аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілі салалас, сабақтас түрлерінің ешқайсысымен сәйкес келмей – тінін атап көрсетеді. «Бір жағында салалас, бір жағында сабақтастық элементі араласып жатқан сөйлем құрылысын аралас құрмалас сөйлем деп атаймыз, - дей отырып, - Бұл айтқанымыз осы сөйлемнің ең керек типі саналады. Бұл неше түрлі ауысып та келе береді. Алдыңғы сөйлемде сабақтас сөйлем болып, артқы жағы салалас болып кетуі де мүмкін,» - дейді. Яғни, бұдан шығатын қорытынды: аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер әрі салалас, әрі сабақтас немесе керісінше байланысады. С.Аманжолов мынадай анықтама береді: «Мағынасы жағынан тұтас, бағынуы жағынан аралас (бірі басыңқы, бағыныңқы, бірі өз алдына тиянақты болып) келген сөйлемдер шумағын аралас құрмалас сөйлем дейміз».[1;287-бет].
Ғалымның аралас құрмалас сөйлемге байланысты пікірлері әр жыл сайын дамытылып отырды. Оның «Ғылыми курсындағы»: «Бұл құрмаластың ішінде басыңқыдан басқа да өз алдына тиянақты баяндауышы бар жай сөйлемдер де... бола береді» дегеннің өзі аралас құрмалас компоненттерінің орын тәртібіндегі екінші бір үлгіні де байқатады. Яғни, басыңқы сөйлемнің өзі тиянақсыз-тиянақты тұлғадан құрмаласса, оған «тиянақты тұлғалы жай сөйлемдер» салаласа байланысса, тиянақсыз- тиянақты – тиянақты аралас құрмалас сөйлем түзіледі. Мысалы: Еламан күн мінезін жақтырмай, жүрегі шаншып тұр еді, қасына бір топ балықшы келді. (Ә.Нұрпейісов). С.Аманжоловтың «Кейбір араластың аяғында екі тиянақты сөйлем қатар келуі мүмкін», - деп меңзегені де осындай құрылымды сөйлемдер екендігінде дау жоқ.[1;297-бет].
Ғалым бұл сөйлемдерді алғаш қолданысқа енгізуімен-ақ, «Аралас сөйлемдер бірінші төл сөз арқылы араласып барып жасалады» деген-ді. Біздің ойымызша да, аралас құрмалас сөйлемді төл сөзді және төл сөзсіз түрленген - нен гөрі, оның құрамындағы төл сөзді сөйлемнің рөлін танығанымыз әлдеқайда дұрыс болар еді.
Қазіргі кездегі ғылыми еңбектерде құрамында төл сөзді сөйлемдері бар аралас құрмалас сөйлемдер жөнінде де айтылып жүр. С.Аманжоловтың пайымдауында, мұндай айтылымдар «... бір сөзбен де екі сөзбен де айтылуы мүмкін, сол сияқты бір сөйлеммен де, көп сөйлеммен де айтылуы мүмкін.[1;230-бет].
Сонымен, қорыта келгенде, ғалым құрмалас сөйлемнің үшінші түрі аралас құрмалас сөйлем жөнінде де ой толғаған. С.Аманжоловтың айтуынша: «Мағынасы жағынан тұтас, бағынуы жағынан аралас (бірі басыңқы, бірі бағыныңқы, бірі өз алдына тиянақты болып келген сөйлемдер шумағын аралас құрмалас сөйлем дейміз. Қазақ тіліндегі салалас, сабақтастан құрылысы басқа, алатын орындары да басқа, жайы келсе, тұлғалық жағы да басқа құрмалас сөйлемдер бар. Ол аралас құрмалас сөйлем» дегенді ғалым сонау 1930 жылдардың ортасында байқап, лекцияларда «ерекше» жіктеп көрсетеді. Оның айтуынша, салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасы екі түрлі жолмен: шылаулар арқылы және шылаусыз байланысады.[1;213-бет].
Сонымен қатар профессор С.Аманжолов төл сөзден жасалған аралас құрмалас сөйлемдердегі «деп, деді, деген, еді» көмекшілерінің ерекшеліктерін де жан-жақты аша білді. Ғалымның айтуынша, мұндағы көмекшілердің атқарар рөлі зор. Ол алдыңғы сөйлемді бірге тиянақсыз, бірде тиянақты етіп тұрса, енді бірде алдыңғы сөйлемдер «соңғы деп еді етістіктердің орауына түсіп, бір-ақ сөйлем есебінде» айтылады.
С.Аманжоловтың еңбегінде құрмалас сөйлемнің төртінші түрі сөз бола – ды, тиянақты басыңқысыз сабақтар жөнінде ғалым былай деген: «Қазақ тілінің тағы бір ерекше қасиетінің бірі – онда кәдімгі бағыңыңқы-бағыныңқылы түрден де, аралас құрмаластан да басқа, сабақтастық тиянақты басыңқысыз түрінің де болуы. Бұлардың формасына қарасақ, бәрі басыңқылы, ал жеке мағынасына қарасақ, әрбір суреттің үзігі сияқты әрбір ерекше тиянағы бар. Бұл өлең жолдарында (Абайда) көп болғандықтан, ерекше айтуды керек деп таптық». Мысалы:
«Жаздыгүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда» деген мысалдармен дәлелдей келіп, С.Аман
123
скачать работу

Сәрсен Аманжолов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ