Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сәрсен Аманжолов



 Другие рефераты
Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер Сөз тіркестерінің зерттелуі Ресми іс қағаздары Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи-этимологиялық сипаты

Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның ірге тасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.
Артына қалдырған мол мұрасын арнайы зерттеуді лайық ететін біртуар ғалымның бірі-филология ғылымының докторы, профессор Сәрсен Аманжолов (1903-1958). Қарап отырсақ, ғалым С.Аманжоловтың әрбір тілді зерттеуі диалектикалық даму көзқарастарымен ұштасып отырады. Бұдан тілдің қалпын дамуымен тығыз байланыста зерттеудің, тіл жүйесінің әр элементін қолдданыста қарастырудың ұтымды болатынын байқауға болады.
Тіл біліміндегі сөйлемдер жүйесінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселерін танып білуде профессор С. Аманжоловтың ғылыми тұжырымдарын, атап айтқанда, сөйлем теориясының негізгі грамматикалық сипаттары, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара жігін айқындату, сөйлем мүшелері түрлерін ажырату критерийлері, үйірлі мүшелі конструкциялардың жаратылысын тану, сөйлемдерді топтастыру мен олардың жіктелу принциптері, сөйлем теорясының даму жолдарына қатысты тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор.
Профессор С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін де ғылыми мәнін жоймаған, бағдарламалық мәні бар, игі пікір мен зерттеуге лайық, көптеген ғылыми еңбектерге жолбасшы болатын дүние деп танимыз. Ғалымның синтаксис теориясы жөніндегі көзқарастарының кейінгі ғылыми және теориялық тұжырымдарға негіз болғанын көрсету, оның ғылыми мұрасын бүгінгі күнгі теориялық тұжырымдармен салыстыра отырып, жан – жақты талдау оның білімділігін танытады.
С.Аманжоловтың тиянақтауында құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас, аралас болып болып алғаш рет үш түрге жіктеледі. «Бірнеше сөйлем күрделі ойды білдіру үшін бір-бірімен ұласады, кейде біріне-бірі бағынып барып ұласады. Кейде әрі бағынып, әрі тең боп ұласады»,- дейді автор. Мұндай топтау 1940 жылы 5-7 сыныптар үшін жасалған бағдарламада да көрсетілген.
Ғалымның құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттелген 1940 жылғы шыққан еңбегінде құрмалас сөйлемге мынадай анықтама берген: «Құрмалас сөйлем дегеніміз – екі я бірнеше сөйлемнің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің я сөздер тобының жиынтығы». [1;175-бет]
С.Аманжолов салалас құрмаласты, жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлген еді. С.Аманжоловқа дейін А.Байтұрсынов салалас құрмалас сөйлемдерді бес топқа топтастырған.
Профессор С.Аманжоловтың 1939 жылы орталау және орта мектепке арналған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімі жарық көрді. Бұл оқулықта автор салалас сөйлемдердің жалғаулық арқылы да, жалғаулықсыз да жасалатынын айта келіп, оның жеті түрін саралап талдап көрсетеді. Салалас сөйлем түрлерін ажыратуда жалғаулықтардың ыңғайымен талдап отырған, мысалы: тіркесті салалас (да, де) жалғауымен келген сөйлемдер, қарсылықты салалас (бірақ, сонда да, т.б) жалғауларымен, үдетпелі салалас (әрі жалғаулығымен), талғаулы салалас (я, яки, жалғаулығымен), себепті салалас (себепті, сондықтан жалғаулықтарымен), кезектес салалас (біресе, кейде жалғаулықтармен), бейтарап салалас (құй, мейлі жалғаулықтарымен) келген сөйлемдер.
С.Аманжолов салалас құрмаластың ерекшеліктерін былай көрсеткен: «Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанымен, мағына жағынан бір-бірімен байланысып жатуы керек. Күрделі ұғымды беру үшін, екі сөйлем бірігіп барып, кеңірек бір ойды білдіреді. Салаласқа енген жай сөйлем бірыңғай мүшелермен форма жағынан ұқсас келеді, ал мағына жағынан айырмашылығы бар. Салалас құрмалас сөйлемдер біріне-бірі тіркесіп, мағына жағынан бағынады да, сыртқы формасы жағынан бағынбайды. Ондағы жай сөйлемдер бірімен-бірі тіркесіп, ойдың тұтастығына ие болады да, белгілі мағына бірлігін сақтайды». Салалас сөйлемде қиысушылық та бар дегенді айта отырып, былай ескертеді: «Бұл бастауыш пен баяндауыштың қиысушылығы, мұнда кейде мезгілдік жағынан қиысады, кейде қиыспайды,» - дей келіп, мысалдармен дәлелдеген. [1;187-бет]
«Еді, екен деген етістіктер - әлсіз етістіктер: бұлар салалас сөйлем жасаудағы негізгі дәнекерлер,» - дей келіп, «Ол барып еді, таба алмады» деген мысал берген. Мұндағы «еді» - ге біткен сөйлемді мүлде бөліп тастауға болмайды, себебі бұл – тиянақсыздау етістік. Салаласқа енген сөйлемнің барлығы да негізінен тиянақты. Бірақ әрбір жай сөйлемнің тиянақтылығы әр түрлі дегенді айтады.
Профессор Қ.Жұбанов салалас сөйлемдердің компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының он түрлі жолын көрсетсе, профессор С.Аманжолов өз еңбегінде салалас құрмалас сөйлемнің он тоғыз түрлі мағыналық жағынан айыруға болатындығын көрсетеді.
Ғалымның пікірлерін қорыта келгенде, салалас сөйлемнің жетеуі шылаулы (жалғаулық), он екісі шылаусыз байланысқан сөйлемдердің қарым-қатынас арқылы жасалатынын білуге болады:
1) Екі я бірнеше жай сөйлемдердің бірі объектіге я субъектіге байланысты өзді-өзінің мағыналары жақын екенін көрсетеді. Мысалы: Биылғы егін жақсы шықты, біз ерте жиып алдық. Бұл жердегі екі сөйлемнің мағынасы ешбір дәнекерсіз-ақ бір-бірімен тығыз байланысты. Оның әрқайсысы жеке тиянақты сөйлем болып тұр. Логика жағынан да, форма жағынан да мұның әрқайсысы жеке сөйлем бола алады да, бірақ мағына жағынан бір-бірімен өте тығыз байланысты болғандықтан, бөліп тастауға болмайды.
2) Бастауыштың бірнеше ортақтығын көрсетеді. Мысалы: Біз мектепке барып едік, тәрбие сабағын өткізіп қайттық. Мұндағы біз деген бастауыш екі сөйлемге ортақ.
3) Біреуіндегі я бірнешеуіндегі да, де, та, те жалғауларын қайталап көрсетеді. Мысалы: Ол да барды, біз де бардық. Ол да музыкант болды, мен де болдым.
4) Пысықтауыш қызметіндегі біріне-бірі қарсы үстеулер көрсетеді. Мысалы: Бұрын Қазақстанда ауыл шаруашылығы басым еді, қазір өндіріс кәсібі басым болды. (бұрын, қазір)
5) Екі жағында бірдей анықтауыш я толықтауыш қызметіндегі есімдіктер көрсетеді. Мысалы: Ол кімнің есінде болсын, бәрінің есінен шығып кетіпті.
6) Баяндауыштарының бірыңғайлықтарын көрсетеді. Мысалы: Берік біз мектепті көріп едік, Құсымандар бізбен бірге болды. (Бұл сөйлемде шақ жағы ғана бірыңғай болып келген)
7) Басқы сөйлемнің бастауышының екінші сөйлемде есімдікпен қайталануын көрсетеді. Мысалы: Жаздым, өзім оқып шықтым. Қапаш жазып болды, енді өзі оқып шығады.
8) Біріндегі мүшенің мүшесінің екіншіге ауысып түсуі де мағыналық жақындықты көрсетеді. Мысалы: Соның біреуі – Ақжан деген ит, сол ит он екі баланы өрттен алып шығыпты.
9) Алдыңғысын артқы анықтау реті де көрсетеді. Мысалы: Оны айту – менің міндетім, қасқырды алдымен атқан Байбол.
10) Біріне-бірі теңелу ретінде айтылу жолы да көрсетіледі. Мысалы: Елімнің қуанышы бар, менің қуанышым бар (тең). Сен оқыған екенсің, мен оқыдым (қарсы). Біз биыл бірсыпыра жаңалықтар таптық – менің айтайын дегенім сол (сілтеу).
11) Соңғысы сілтей үлестескен түрде айтылып ортақтасуын да көрсетеді. Мысалы: Қарап отырмайық, біріміз шабайық, біріміз жинайық, біріміз оларды қораға таси берейік. (Мұндай сөйлемде леп белгісі қосылмайды.)
12) Ереуілдесу реті көрсетіледі (шылау арқылы). Мысалы: Жамбыл – көпті көрген адам әрі оның шығарудағы тәжірибесі мол.
13) Кезектестік мағыналы салалас беріледі. Мысалы: Егін күзетіне кейде Сақай барады, кейде мен бардым. (кейде, біресе, бірде шылаулары дәнекер болады).
14) Бейтарап жасау реті де көрсетіледі. Мысалы: Сағапты құй ал, құй алма, онда менің жұмысым жоқ.
15) Себептілік жолы да көрсетіледі. Мысалы: Біз мәжіліске ерте келдік, өйткені (себебі) жұрт жиылып қалған шығар деп ойладық.
16) Қарсылық мәнді жалғаулықтары бар салаластар сөйлем мен сөйлем арасында қарсылық жалғаулығы қойылу арқылы жасалады. (бірақ, сонда да, ал, дегенмен,алайда). Мысалы: Таң жақындап қалды, бірақ түн әлі қараңғы.
17) Талғау мәнді шылаулардың қайталануы көрсетіледі. Мысалы: Жаңбыр не таңертең жауады, не бүгін жауады, не бүгін түнде жауады.
18) Ыңғайластық шылауларды көрсетеді. Мысалы: Қар да жауды. Мұз да қатты.
19) Көмекші етістік арқылы тиянақталған шартты райлы етістік дәнекерлігі көрінеді. Мысалы: Қар кетсе болды, колхозшылар егіске шығады. [1;188-бет]
Ғалымның пікірлерін қорыта келгенде, мынаны айтуға болады: салалас сөйлемнің жетеуі шылаулы (жалғаулық), он екісі шылаусыз байланысқан сөйлемдердің қарым-қатынасы арқылы жасалатынын айқын айтады.
С.Аманжолов сабақтас құрмалас сөйлем жасаудың алты түрлі жолын көрсеткен: көсемшелер арқылы, есімшелер арқылы, шылаулар қосу арқылы, етістіктің шартты райы арқылы, есімдік арқылы, жай етістікке шылау қосу арқылы жасалады деп көрсеткен.
«Есімше, тұйық етістік арқылы жасалатын сөйлем түрлері анықталған:
а) Есімшеге жалғанып, сабақтас жасайтын жалғаулар – жатыс, шығыс, көмектес септіктері. Мысалы: Біз келгенде, олар кетті. Біз келгеннен, олар кетті. Біз келгенмен, олар кетті.
ә) Есімшеге, я тұйық етістікке жалғанған жалғау үстіне қосылатын жалғаулар мыналар: гөрі, бұрын, бері, басқа, кейін, соң (бұлар шығыс жалғаудан кейін келеді), қарай, лайық, таман, бола, дейін, шейін (бұлар барыс жалғауды керек қылады), бірге де (бұлар көмектес жалғауды керек қылады), орнына, алдына (ілікті керек қылады). Мысалы: Әшім баяндама жасағаннан гөрі, Хасен жасағаны тәуір. Әшім баяндама жасамастан бұрын, дайындалып алды. Әшім баяндама жасағаннан бері, өндіріс ісі оңалды. Әшім баяндама жасағаннан басқа, біраз игілікті іске де қолы тиді. Әшім баяндама жасағаннан кейін, жұрт жақсы түсінді.
Әшім баяндама жасағаннан соң, сақай шығып сөйледі. Әшім баяндама жасауына қарай, жұрт көп жиналды. Әшім баяндамасы басталуына таман, біз де келіп қалармыз. Әшім баяндама жасаумен бірге, өзі ән-күйді басқарады. Әшім баяндама жасағанмен де, жұрт жалыққан жоқ. Әшім баяндама жасаудың алдында, бізге тезисті көрсетті. Әшім баяндама

123
скачать работу


 Другие рефераты
Дарвинизм
Жамбыл - айтыс шебері
Картины природы в Слове о полку Игореве
Структурные и понятийные аспекты языка


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ