Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сәрсен Аманжолов

жолов мынаны ескерткен: «бұл сияқты тиянағы жалпы мағынасымен ғана ұғынылатын, бірақ басыңқы сөйлемі жоқ, ылғи көсемше, есімше шартты райлы есімшеге біткен сөйлемдер көп деп, бұлардың тиянағы өлеңнің ырғағымен, интонациясымен қамтамасыз етілетіндігін ескертіп, мынадай ерекшелігін атап өткендігін айта кетуді жөн көрдік. Кейбіреулер осыларға қарап көсемшелі, шартты райлы, есімшелі бағынқылардың бәрін сабақтас сөйлемнің элементі емес, салаластікі деуі мүмкін. Ол дұрыстыққа жатпайды. Тіпті мағынасы жағынан өз алдына жеке болғанымен, есімше, көсемше, шартты райлы етістікке біткендер салаластың саласы болмайды. Өйткені олар бір уақытта айтылмайды, тек басқа сөйлемнің сүйемелінде, қатысында айтылады»,- деп ескерткен. Бұндай сөйлем түрін жеке алып қарастырған жөн.
Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлем синтаксисіндегі даулы мәселелердің бірі үйірлі мүшенің табиғатымен тығыз байланысты екенін ерекше аңғарып, алғашқылардың бірі ретінде оларды жай сөйлем қатарында таниды және мағыналық принципті алғаш рет басшылыққа алды. Құрмалас сөйлем синтаксисіне тән заңдылықтарды қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты тұрғысынан алғаш рет қарастырды.
Ғалымның тағы бір құрмалас сөйлемге қосқан жаңалығы деп аяулы бағыныңқылы сабақтас, ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас деген терминдерді жіктей келе, «сыйыстыру проблемасы» деген терминді алғаш енгізгендігін байқаймыз.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер табиғатын танытудағы, оның негізгі белгілерін көрсетудегі, сөздердің синтаксистік қатынасқа түсуі, сабақтастарды, араластарды ажыратудағы пікірлерінің құндылығымен ерекшеленеді.
С.Аманжолов еңбектеріндегі құрмалас сөйлем мәселесіндегі ғылыми табыстары да ұшан-теңіз. Ғалым құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтауда ғылымға мынандай жаңалықтар қосты: ол сөйлемнің аралас құрмалас түрін ғылымға енгізді және сөйлемнің бұл түрі С.Аманжоловтан бұрын ғылымда танылмады. Құрмалас сөйлемнің төртінші түрі тиянақты бағыныңқысыз сабақ – тастар термині: бұл – поэзиялық шумақтармен келетін сөйлем түрі, оны қазіргі грамматикамызда тиянақты бағыныңқысыз демей, көп бағыныңқылы сабақтас түрінде қолданылып жүр.
Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлем синтаксисіндегі даулы мәселелердің бірі үйірлі мүшенің табиғатымен тығыз байланысты екенін ерекше аңғарып, алғашқылардың бірі ретінде оларды жай сөйлем қатарында таныды және мағыналық принципті алғаш рет басшылыққа алды. Құрмалас сөйлем синтаксисіне тән заңдылықтарды қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты тұрғысынан қарастыруды көздеді.

П а й д а л а н ғ а н ә д е б и е т т е р

1. Аманжолов С."Қазақ әдеби тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша
курсы". "Санат" баспасы. Алматы -1994ж.
2. Аманжолов С. «Қазақ грамматикасы». Алматы -1934ж.
3. Аманжолов С. «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы»
Қолжазба ретінде. Алматы -1940ж.
4. Аманжолов С. «Қазақ тілі теориясының негіздері». «Ғылым»
баспасы. Алматы-2002ж.
5. Аманжолов С. «Тіл және жазу». С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
баспасы. Скемен-2005ж.
6. Аманжолов С, Әбілқаев А. «Қазақ тілі». 7-класс «Мектеп» баспасы.
Алматы -1985ж.
7. АманжоловС, Әбілқаев А, Ұйықбаев И, «Қазақ тілінің грамматикасы»
Синтаксис бөлімі, ҚазмемОПБ. Алматы -1956ж.
8.Аманжолов С., Әбілкаев А.,Ұйықбаев И. «Қазақ тілінің грамматикасы» Синтаксис. 2-бөлім. 6-7-кластарға арналған. 20-басылым. «Мектеп» баспасы. Алматы -1966ж.
9. Аманжолов С., Бегалиев Ғ. «Қазақ тілінің грамматикасы». Синтаксис бөлімі. «Мектеп» баспасы. Алматы -1948ж.
10. Аманжолов С., Сауранбаев Н. «Қазақ тілінің грамматикасы» Синтаксис
2-бөлім. Орталау және орта мектепке арналған. Қазақ мемлекеттік баспасы. Алматы -1939ж.
11. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы»., «Ана тілі» баспасы. Алматы -1992ж.
12. Балақаев М., Қордабаев Т. «Қазіргі қазақ тілі». Синтаксис бөлімі. «Мектеп» баспасы. Алматы -1971ж.
13. Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы. Алматы -1966ж.
14. Сауранбаев Н. «Қазіргі қазақ тілі», «Құрмалас сөйлем синтаксисі» бөлімі Қазақ ССР. Ғылым Академиясының баспасы, Алматы -1954ж.
15. Сауранбаев Н «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» Қазақ ССР Ғылым Академиясы баспасы, Алматы -1948ж.
16. Сауранбаев Н «Основные способы связи составных частей в сложноподчиненном предложений». Академик Н.Сауранбаев еңбектері. 2-том. Алматы -2000ж.

123
скачать работу

Сәрсен Аманжолов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ