Тәуелсіздік жемісі
Другие рефераты
Өткен ғасырдың 80 жылдарының соңына қарай Кеңес елінде қоғамдық –саяси , әлеуметтік –экономикалық , мәдени дамудың барлық салаларының тоқырауға ұшырағаны белгілі.
Осы тұста Қазақ КСР жоғарғы кеңесі 1990 жылы қазанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы декларация» қабылдады.
Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздікке қарай қадам басқан алғашқы басқышы болатын.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдыды» 18 баптан тұратын осы заңда мемлекеттің де, халқымыздың да тілегі мен мақсат-мүддесіне сай келетін елдің егемендігі мен тәуелсіздігі, шекарасының бүтіндігі,басқа елдермен қарым-қатынасты халықаралық қатынастар нормасына сәйкес жүргізетіндігі толық қамтылды.
Әлем картасында Еуразия орталығында орналасқан ұлан байтақ жері бар, әлемде жер көлемі жөнінен Ресей, Канада, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан, Аргентинадан кейін 9 орын алатын жаңа мемлекет пайда болды. Еліміз жері үлкен болғанымен халқы аз соңғы санақ қорытындысы бойынша 16 миллион, халқының саны жөнінен әлемде 71 орында .
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқығын қорғау салалары бойынша айтарлықтай жетістікке жетіп келеді. Отанымыздың экономикасы көтеріліп , халқымыздың әл ауқатын арттыру бағытындағы шаралар мен саяси реформалар жүргізіліп, еліміз міне бүгінгі таңда дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне бет бұрды.
Қазақстан Шығыс пен Батыс, Еуропа мен ТМД және Орталық Азия елдері арасында бірқатар халықаралық маңызды шаралардың көш бастаушысы болды. Қазақстан аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту, қарусыздандыру үрдістерін ілгерілетуге, жаппай қырып-жою қаруын таратпауға, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға , Қырғыз халқын бірлікке шақыруға өз үлесін қосып келеді. Еліміздегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үрдісі- әлем мойындаған жетістік . Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамадастық тарапынан танылып, оң бағаланып беделі биік халықаралық ұйымдарға мүше болды.
Қазақстан 1992 жылдан БҰҰ на мүше болды ,105 мемлекетпен дипломатитялық қатынас орнатты әлемнің 75 мемлекетінде Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтары жұмыс жасап жатыр . БҰҰ қызметінде Қазақстанның танылуы ретінде еліміз ұйымның басты орындарының бірі –Азия және Тынық мұхиты өңірлеріне арналған экономикалық және әлеуметтік кеңесіне (ЭКОСОС) сайланды. Қазақстан БҰҰ құрамында мүше болған 18 жыл ішінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға орасан зор үлес қосты. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдісті нығайту, теңізге шығатын жолы жоқ бір топ елдердің мүддесін ілгерілетуге қолдау жасау, өркениеттер мен діндер үнқатысын қолдау – осының барлығы БҰҰ Жарлығының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес елімізде қолға алынған қадамдар. 2006 жылдың 2 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы мәжілісінде Қазақстан 192 мемлекеттің 187-інен қолдау тауып, Орталық Азияда алғаш болып ЭКОСОС-қа мүше 54 мемлекеттің қатарына сайланды.
2007 жылы мамырда Алматыда 50 мемлекетті біріктіретін, аса ірі өңірлік экономикалық комиссияның –Азия мен Тынық мұхиты үшін БҰҰ экономикалық және әлеуметтік комиссияның 63-ші сессиясы өтті.
2007 жылдың 30 қарашасындда испания астанасы Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше 56 мемлекеттің Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Ұйымның 2010 жылғы төрағалығына сайланды.
Еліміздің әлемдік аренада ықпалының артуы елдегі саясы тұрақтылық пен ел экономикасының әл-ауқатының артуы екендігі даусыз.
Еліміз тәуелсіздіктің 19 жылында сыртқы саясата ғана емес ішкі саясатта да салихалы дамуға қол жеткізді.Елбасының жылма жылғы қазақстан халықына жолдауы біздің экономиканың сара жолмен келе жатқандығының нақты дәлелі. Ел болашағы білімді ұрпақ десек осы орайда білім беруді дамыту ерекше қарқын алуда. Таланты жастарымызға арнап Назарбаев университеті ашылып ,«Болашақ» бағдарламасы негізінде шет елдердің таңдаулы оқу орындарында білім алу жолға қойылды. Жол картасы бағдарламасы негізінде жоғарғы оқу орындары мен колледждерге арнайы білім гранттары бөлініп біздің оқушыларымыз игілігін көруде.Биыл мектебімізді бітірген 25 оқушының 6 оқушысы арнаулы оқу орындары грантын иеленсе 6 оқушы жоғарғы оқу орыны гранттарын иеленді. Мектеп тарихында тұңғыш рет Қолғанатов Ержан «Алтын белгі» белгісін иеленді,бұл ұстаз қауымының ерен еңбегі жемісі. Ұстаздар қауымының осы еңбегі ескеріліп облыс әкімшілігі «Алтын белгі» даярлауға атсалысқан ұстаздарға 150 мың теңге сыйақы тағайындады.
2010 жылы тамыз маслихатында №225 орта мектеп әдістемелік байқаулардағы жетістіктері үшін аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен,технология пәні мұғалімі Елкен Гүлайра облыстық білім басқармасы алғыс хатымен марапатталды. Мектеп психологы Бермаханова Шара аудандық»Үздік оқу-әдістемелік кешен» байқауына қатысып ІІІ орын иеленіп Аудан білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды . Мектеп директоры Мешітбай Дөңес, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылов Сәкен Аудандық «Қазақ тілі»қоғамы Алғыс хатымен марапатталды . Сонымен бірге 5 қазан мұғалімдер күні қарсаңында Қабылов Сәкен Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен , Арзиева Бақытгул «Алтын күз-2010″ спартакиадасына қатысып алғыс хатпен марапатталды. Мектеп кітапханашысы Бабаназарова Индира Облыстық білім жетілдіру институтының Алғыс хатымен марапатталды.Мектеп оқушыларының да толағай табыстарына тоқтала кетсек 7 сынып оқушысы Ізбасар Әсел пән мұғалімі Сексенбай С әбиттің жетекшілігімен Аудандық І Махамбет оқуларына қатысып ІІІ орын иеленсе, 8 сынып оқушысы Сержан Гүлдана Қабылов Сәкеннің жетекшілігімен шәкірт жанын аялайтын ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім» атты байқауда ІІ орын , 6 сынып оқушысы Шамшырақ Ринат Сексенбай Бақыттың жетекшілігімен «Шәкірт жанын аялайтын ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім» байқауында ІІІ орын иеленді . 8 сынып оқушысы Лепес Сымбат Сыр қойнауы» ғылыми жобалар байқауында ІІ орын жетекшісі Дәріқұл Үрзия . Тәжітай Меруерт Сыр қойнауы» ғылыми жобалар байқауында І орын облыстан Алғыс хат иеленді жетекшісі Аяпбергентова Роза. 10 сынып оқушысы Сағымбаева Жансая тоғызқұмалақтан өткен аудандық біріншілікте І орын иеленді.Жетекшісі Тәуекелов Шыңғыс.
2010-2011 оқу жылының екінші тоқсанында Ұстаз қауымының қажырлы еңбегіне алланың сыйындай 5 блоктан тұратын жаңа ғимарат пайдалануға берілді.. Балапан бағдарламасы негізінде ғимараттың 1 блогы шағын орталықа беріліп, ауылымызда балабақша мәселесі толық шешімін тапты. Бұл дегеніміз ел экономикасының ілгерілеуі және соған сай білімді дамытуға деген қамқорлық жемісі, тәуелсіздік жемісі . Мерекелеріңіз құтты болсын жаңа мектеп жаңа табыстарымыздың, жаңа жетістіктеріміздің бастауы болсын.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|