Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сецерненттер класс тармағы



 Другие рефераты
Сорғыш құрттар класы Сорғыш инфузориялар класы Сезім мүшелерінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері

Топырақта, тұщы суларда шіріктік ортада кеңінен тараған нематодтар, сонымен қатар көптеген түрлері адамның, жануарлардың және өсімдіктердің паразиттері (шамамен 3000-ға жуық паразиттік түрлері белгілі).

Тері сезу мүшелері – папиллалар түрінде және тек бас бөлімінде орналасқан. Амфидалары нашар жетілген, кішкене шұңқыр тәрізді. Фазмидалары жақсы дамыған, жұптасып құйрық бөлімінің екі бүйірінде жатады. Жарық сезгіш пигментті дақтары (фоторецепторлары) болмайды. Гиподермальды бүйір және терминальды құйрық бездері жоқ. Аталықтарында бурсальды қанатшалары жақсы дамыған. Зәр шығару жүйесіндегі мойын безі бұтақталған, екі немесе бір бүйір экскреторлы түтігі бар. Кутикуласы берік, қорғаныш қабілеті жақсы.

Сецерненттер класс тармағы бірнеше отрядтарға бөлінеді, солардың ішінде маңызды отрядтары: Ascaridida, Rhabditida және Spirurida.

Ascaridida отряды. Адамның және сүтқоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы – Ascaris lumbricoides, жылқы аскаридасы — Parascaris equorum, шошқа аскаридасы -  Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары – аскаридоз.

Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Аналығының ұзындығы 20-40 см, аталығы – 15-25 см. Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы калий немесе натрий ерітіндісіне бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 4-5 жылға дейін тірі болған. Бұның бәрі аскарида үшін, паразиттік тіршілік етуіне байланысты, маңызды биологиялық мәні бар.

Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегісі мол, қолайлы температурада (28-33°С ) ғана дамиды. Осы жағдайлар болса олар 10-15 күннің ішінде дамып жетіледі де инвазиялық  сатысына ауысады, яғни иесінің (адамның) денесінде ары қарай дами беруге қабілетті.

Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі жумай жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Бұл микроскопиялық майда личинкалар ішек қабырғасын бұрғылап қан тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға, бүйрекке, содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, ауызға қарай жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс жолын) жыбырлатып, адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан сілекей мен ас арқылы личинкалар ішекке келіп, өзінің дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене отырып, тез өседі де, ересек формасына жетеді. Аскарида личинкасының миграциялық даму циклі иесінің денесінде үш айға созылады.

Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші ауырып, температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың белгілері байқалады. Оның себебі – құрттардың ішек қуысына ерекше улы заттар – токсиндер бөліп шығаруында. Балаларда аскаридалар ішектен өте тез жоғары көтеріліп жұтқыншаққа, одан ауыз немесе мұрын қуысы арқылы сыртқа шығады. Осы уақытта баланың тұншығу қаупі туады.

      Балалар острицасы - Enterobius vermicularis адамның көбінесе балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы ұшы спираль тәрізді оратылған, аналығының – 9-12 мм, артқы ұшы  біз тәрізді сүйірленген. Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар оны қолымен қасыса, кейін жұмыртқаларын аузы арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личичнка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады.

Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилактикалық шараларды орындау – денені таза ұстау, гигиенаны сақтау қажет.

Ішек угрицасы -  Strongyloides stercoralis адамның он екі елі ішегінде және ащы ішекте паразиттік тіршілік етеді. Дамуында екі ұрпағы болады: біреуі паразиттік немесе ішектік; екіншісі – еркін тіршілік етуші немесе топырақтық. Ішектің ішінде гермафродитті формасы дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа шығарылып, топыраққа түседі. Жұмыртқалардан екі типті личинкалар дамиды: бірқатары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, ересек күйге айналмай, бірнеше рет түлейді де су арқылы немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады; қалғандары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, кейін аталық және аналық ересек формасына айналады да, ұрықтанып личинкаларын тірідей туады. Осы личинкалар су немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп, гермафродитті құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесі байқалады.

Он екі елі ішектің свайнигі — Ankylostoma duodenale адамның он екі елі және ащы ішектің ішінде паразиттік тіршілік етеді. Көбінесе тропикалық, субтропикалық елдерде және Оңтүстік Еуропада кездесіп, адамды анемия немесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлімге душар етуі мүмкін. Бұл кішкене қызғылт түсті құрт, ұзындығы 10-18 мм. Ауыз қуысындағы хитинді тістерімен ішектің сілекейлі қабырғасына жабысып, ішектегі эпителий клеткаларымен қоректенеді және қан сорады. Сонымен қатар бұл паразит зиянды токсиндер бөліп шығарады.

Жұмыртқасы нәжіспен бірге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде немесе суда дамиды. Жұмыртқадан бір немесе бірнеше күннен соң личинка шығады, ол екі рет түлейді де, инвазиялық сатысына айналады. Адамға жұғу жолы күрделі, алдымен личинка адам терісін бұрғылап тесіп қанға өтеді, қан арқылы өкпеге, одан тыныс жолы арқылы ауыз қуысына, жұтылғаннан соң ащы ішекте тоқтайды.

Анкилостомоз ауруы көбіне жер қазу жұмыстарымен (шахтада, туннель бұрғылауда) айналысқан жағдайларда байқалады. ТМД-да анкилостомоз Закавказьеде, сирек те болса Орта Азияда кездеседі.

      Қызылша нематодасы — Heterodera schachtii көкөністік, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит.

Қызылша нематодасы, бұзғынша (галла) нематодасы сияқты жыныстық диформизмімен ерекшеленеді. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1,0-1,2 мм, аналықтары лимон тәрізді, ұзындығы 0,8-1,3 мм (81-сурет).

Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының түбіршіктеріне өтеді. Осы жерде личинкалар қоректеніп, бірнеше рет түлеп, өсіп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Жұмыртқалары сыртқа шығарылмай аналығының ішінде дамиды. Сондықтан денесі үлкейіп, кутикуласы қалыңдап, қоңыр түсті, лимон тәрізді цистаға айналады. Дамыған личинкалар цистаны тастап, топыраққа түсіп, басқа қызылша тамырларына өтеді.

Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, тамыр – жемісінің құрамындағы қанттық проценті азайып және өнімділігі төмендейді.

Құрттар, қызылша өсірілетін аудандарда кең тараған. Қазақстан үшін карантин объектісі. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған агротехникалық шараларды дұрыс қолдану қажет.

Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның терісінің астындағы дәнекер тканінде тіршілік етіп, денені іріңдетіп жарақаттайды. Іріңнің ішінде аналығы шумақталып, бүктетіліп жатады. Ауызы ашылған жарадан, іріңмен бірге личинкалар сыртқа шығып тұрады. Ары қарай дамуы үшін личинкалар суға түсіп, аралық иесі циклоптың денесіне түседі. Циклоптың ішек қабырғасын тесіп, дене қуысында микрофилярия деп аталатын келесі личинка сатысына айналады. Егер де, адам сумен бірге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның ішегін тесіп, қан тамырлары арқылы тері астының дәнекер тканіне еніп, сол жерде мекендеп ересек формасына айналады.

Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады. Бұл ауру Африка елдерінде, Үндістанда, Иранда, Қызыл теңізі және Ніл жағалауларында, сондай-ақ Орта Азияда таралған. Ауру адам іріңдеп жарақаттанған аяғын, қолын сумен жуу арқылы личинкаларды суға ағызып, олардың кең таралуына себепкер болады.

Риштаға қарсы бағытталған комплексті және жоспарлы шараларды мұқият қолданғанның нәтижесінде дракункулез ауруы ТМД-да түгелімен жойылды. Адам, жануарлар және өсімдіктердің гельминтоздық ауруларының қоздырғыштарын жоюға бағытталған белсенді шаралары девастация деп атайды. Атақты гельминтолог К. И. Скрябин осы салада көптеген ғылыми еңбектерді жазған.

Банкрофт жіпшесі – Wuchereria bancrofti адамда “піл ауруын”- элефантиазис ауруын тудырады. Дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның лимфа бездерінде және лимфа капиллярларында тіршілік етеді. Сол жерде аналығы көптеген личинкаларды тірідей туады. Оларды “түнгі микрофиляриялар” деп атайды, өйткені түнде личинкалар дене сыртына жақын лимфа капиллярларында болса, күндіз дененің терең орналасқан лимфа бездерінде, өкпе, жүрек, бүйрек тамырларында болады. Бұл паразиттің аралық иесі қансорғыш масалар (Culicidae тұқымдасы). Маса ауру адамның қанын сорған кезде, оның ішегіне қанмен бірге личинкалар – микрофиляриялар да түседі. Олар ішектің қабырғасын тесіп, дене қуысына өтеді де, сол жерде өсіп, дамып гемолимфа ағынымен масаның тұмсығына жиналады. Кейін, маса сау адамның қанын сорғанда личинка адамның терісіне, одан лимфа тамырларына өтіп, ересек ф

12
скачать работу


 Другие рефераты
Отбор детей в классы и группы с задержкой психического развития
Критерии выделения частей речи
Различные подходы к определению проективной плоскости
Концепции современной физики


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ